Cән мен сұлулықДене күтімі

Шашыңызды қышаның көмегімен өсіріңіз!

Қышадан жасалған маскаларды үй жағдайында жасау қиын емес. Ол үшін бар болғаны өзіңіздің шаш типіңізді білсеңіз болғаны!

Қышадан жасалған маскалар:

Құрғақ шаштар үшін: 

құрғақ қыша – 1 шай қасық;
зәйтүн майы – 2 шай қасық;
сары май – 1 шай қасық;
майонез – 2 шай қасық;
су – 2 шай қасық.

Дайындау әдісі:

Қыша ұнтағын сумен араластырыңыз.  Пайда болған сұйықтыққа зәйтүн майын қосыңыз. Соңынан майонезді салып, жақсылап араластырыңыз.

Масканы құрғақ шашқа тамырынан бастап жағыңыз. Содан кейін басыңызды пленкамен және сүлгімен (жылуды сақтау үшін) орау қажет. Масканы шашта 30 минут ұстаған жөн. Соңынан шашыңызды жылы сумен және сусабынмен жуыңыз.

Қалпына келтіретін маска

Маска шаштың кез келген түріне арналған. Бұл шашты қалың және күшті етуге, майлы жылтырдан арылтуға көмектеседі. Қыша, жұмыртқа және айран қосылған маска шашты жұмсартады.

қыша ұнтағы – 1 шай қасық.;
жылы су – 2 шай қасық.;
тауық жұмыртқасы – 1 дана;
кефир – 2 шай қасық.

Дайындау әдісі:

Қышаны сумен жақсылап араластырыңыз. Пайда болған массаға жұмыртқа мен айран қосыңыз. Бұл масканы тек бас терісіне жағуға кеңес беріледі. Шашыңызды сүлгімен орап, 30-35 минут жүріңіз.
Басыңызды сусабынмен және кондиционермен жуыңыз.