шай
Денсаулық

Шай әзірлейік: Хош иісті жеміс шайы

Шай – қазақ халқын шайсіз елестету мүмкін емес. Десе де, қазір дүкен сөрелерінде оның түр-түрі бар. Шай ішу дәстүрі де жаңғырып, тұтынушы пайдалысына ұмтылуы хақ. Шай құрамындағы кофеин денсаулыққа зиян десек, пайдалысын қалай таңдаймыз?

Ең тиімдісі – жеміс шайы дер едік. Бұл шай негізінен гүл, жеміс жапырақтары және табиғи дәм беретін түрлі өсімдіктердің балғын немесе кептірілген бөлшектерінен жасалады. Аталмыш шай күздің салқын кештерін түрлендіріп, жайдары көңіл күй сыйлары анық.

Жеміс шайының адам ағзасына пайдасы:

  • Шайдағы пайдалы дәрумендер ағзаны қоректендіріп, иммунитетті нығайтады;
  • Ағзадағы зиянды токсиндер мен қалдықтарды шығарады;
  • Салқын күндері денені жылытса, ыстық күндері шөл қандырады;
  • Жүйелі тұтынған жағдайда холестерин деңгейін төмендетуге ықпал етеді;
  • Денені қажетті сұйықтықпен толтырады;
  • Асқазан-ішек жолдарының жұмысын жақсартады;
  • Құрамында кофеин жоқ болғандықтан, ересектер мен балалар қалаған уақытында тұтына алады.
  • Тіпті, қан қысымы жоғары адамдарға да зиян келтірмейді. Қысымды қалпына келтіреді;
  • Әркім өзі қалаған дәмнен сусын жасап, сүйікті дәмімен шөлін қандыра алады.

 

Шайды дайындау жолдары:

  • Ыдысты әуелі қайнаған сумен шаю.
  • Судың сапасына аса назар аудару. Бұл шайға құбырдағы судан гөрі, тазартылған су тиімдірек. Екі рет қайнатылған суды қолданбаған жөн. Бастапқы қасиетінен айырылған ондай су жеміс қоспаларын дәмдік қасиетіннен айырады.
  • Шай 80 градуста қайнаған, аздап суытылған сумен демделеді. Қайнаған суды бірден құйса, жемістердің дәмі жойылады.
  • Тұнбаны 5-10 минут бұқтырып қояды. Салқын сусын ішкіңіз келсе, одан да ұзақ уақытқа қалдырыңыз.

 Жеміс шайына қант қоспаған дұрыс. Қажетті дәм жеміс-жидектердің өздерінен алынады. Тәтті етіп ішкіңіз келсе, аздап суытып барып, бал қосыңыз. Ыстыққа түскен бал өз қасиетінен айырылатындығын ескеріңіз.

Маркалық жеміс шайын сатып алу міндетті емес. Егер қаласаңыз, дайын шайлардың құрамын зерттеп, кейбірін өзіңізге қол жетімді жеміс-жидектермен алмастырыңыз. Қарақат, кептірілген құлпынай, банан, бүлдірген және өрік сынды жемістер қоспасы сусынды ғажайып хош иіспен және қайталанбас, ерекше дәммен қанықтыра алады. Жеміс шайына: манго, лайм, банан және ананас секілді экзотикалық өсімдіктерді қолдану да артық емес. Сондай-ақ, жемістерді жақсылап кептіріп, оларды сақтасаңыз, кез келген жыл мезгілінде пайдалы сусынмен шөл қандыруға мүмкіндік бар.

Аралас жемістен жасалған шай түрлері:

Шырғанақ пен алма шайы: 40 гр. балғын немесе кептірілген шырғанақ, 30 г. алма, 1 шай қасық бал, 250мл. қайнаған су.

Жасалуы: Алманы майдалап турап, үстіне аздап шырғанақты қосып, қайнаған суды құйып, 15-20 минут жай жанып тұрған отқа қойыңыз. Қайнатпай, тек ысыту керек. Сосын 3-5 минут суытып, үстінен бал қосыңыз.

Цитрусты көк шай:  70 мл. апельсин шырыны, 70 мл. көк шай, 2 тілім грейпфрут, 1 шай қасық үйеңкі шәрбаты (басқа да дәмдеуіш), 1 ас қасық лимон немесе басқа цитрусты жеміс шырыны, жаңа шыққан 1 жалбыз бұтасы, 3 тал кардамон дәні, 150 мл. қайнаған су. Жасалуы: грейпфруттан басқасының бәрін шәйнекке салып, отқа қойыңыз. Бірақ қайнатпаңыз. Дайын болуға шақ қалғанда грейпфрут бөліктерін салыңыз.

Анар шайы: 100 мл. анар шырыны, 30 гр алма, 1,5 шай қасық бал, 1 см лимон қабығы, 150-200 мл қайнаған су. Сәндеу үшін гранат түйіршіктері мен алма кесінділері.

Жасалуы: Алманы ұзынша, лимон қабығын жұқа етіп тураңыз. Барлығын бірге отқа қойып ысытыңыз. Дайын болған соң, стақанға сүзіп құйып, гранат түйіршігі мен алма кесіндісін қосыңыз.

Ұқсас мақалалар: 

Жаңа жылға дайындық. Мерекелік дастархан әзірлейік.