Ас мәзіріТәтті дәм

Шерри муссы

Құрамы:
ірімшік қоспасына:
Креметто ірімшігі –
350 гр
майлы айран – 100 гр
қойылтылған сүт – 70 гр
бал – 40 гр
сары май – 80 гр
қант ұнтағы – 120 гр
сарыуыз – 50 гр
үйдің кілегейі – 110 гр
тәтті кілегей – 100 гр
желатин – 10 гр

Жылтыр қант шәрбаты:
қант – 150 гр
су – 75 гр
гюкоза шәрбаты – 150 гр
какао майы– 30 гр
қайнаған қойылтылған сүт – 80 гр
қойылтылған сүт – 80 гр
желатин – 15 гр
тағам бояғышы – 2 гр

Дайындау әдісі:

1 Бал, креметто, қойылтылған сүт, майлы айранды бір ыдысқа салып араластырамыз.

2 Екінші ыдысқа сарыуыз, сары май, қант ұнтағын миксермен араластырамыз. Үшінші ыдысқа кілегейлерді көбігі шыққанша араластырамыз.Барлығын бір ыдысқа салып, араластырамыз. Кондитерлік қалыпқа салып, мұздатқышқа бір түнге қалдырамыз.

3 Қант шәрбатын жасау үшін қант пен суды, глюкозаны араластырып қайнатамыз. Оған какое майын, қойыиылған сүттерді, бояғышты қосып блендермен бір аластырып аламыз. Одан кейін барып желатинді қосып, тағы да блендерді айналдырамыз.

4 Мұздатқыштан ірімшік қоспасын алып шығып, қант шарбатына малып аламыз. Әбден кепкен соң тәрелке үстіне қоямыз. Бадам саблесімен, жидектермен әрлеуге болады. Ас болсын!