Жан әлеміТест

Сіз қандай адамсыз? Тесттен өтіп, мінезіңізді біліңіз!

  Сіз эмоцияға жиі берілесіз бе? Қаншалықты эмоцияға берілгіш адам екеніңізді анықтап, өзіңіздің қандай адам екеніңіздің біліңіз.

1. Ашуланған кезде төбелесуге дейін баратын сәттеріңіз бола ма?

А) Өте жиі болып тұрады – 3 ұпай

Ә) Жоқ – 1 ұпай

Б) Кейде – 2 ұпай

2. Деректі фильмдер мен телехикаяларды көрген кезде немесе махаббат туралы өлең оқып жатқан сәтте көзіңізге жас аласыз ба?

А) Жоқ – 1 ұпай

Ә) Кейде жылаймын – 2 ұпай

Б) Үнемі жылаймын – 3 ұпай

3. Көңіл –күйіңіздің еш себепсіз жиі өзгеріп тұратынын байқайсыз ба?

А) Ия – 3 ұпай

Ә) Өте жиі – 2 ұпай

Б) Жоқ – 1 ұпай

4. Өзге түгіл өзіңіз де тынышталдыра алмайтындай ашуланатын кездеріңіз бола ма?

А) Жоқ, барлық іс-әрекеттерімді бақылай аламын – 1 ұпай

Ә) Қатты ашулансам да, өзімді ұстай білемін – 2 ұпай

Б) Ия, ондай жағдайлар жиі болмаса да, кейде болып тұрады – 3 ұпай

5. Өзіңізді сабырлы адамдардың қатарына жатқызасыз ба?

А) Жоқ – 3 ұпай

Ә) Ия – 1 ұпай

Б) Бұл сұраққа нақты жауабым жоқ – 2 ұпай

6. Біреумен сөз таластырған кезде жиі жеңіліп қаласыз ба?

А) Әр кезде әр түрлі – 2 ұпай

Ә) Ия – 3 ұпай

Б) Жоқ, ешқашан. Мен ең дөрекі деген адамның өзін орнына қоя аламын – 1 ұпай

7. Біреумен ұрсысып жатқан кезде, төбелесіп немесе қолыңыздағы затты лақтырып жіберген кезіңіз болды ма?

А) Жоқ – 3 ұпай

Ә) Ия – 1 ұпай

Б) Білмеймін, есімде жоқ – 2 ұпай

8. Шешімді қандай сезімде болған кезде қабылдайсыз?

А) Миым сергек кезде – 1 ұпай

Ә) Эмоцияға беріліп тұрған кезде – 3 ұпай

Б) Барлығы сол «сәтке» байланысты – 2 ұпай

9. Еш себепсіз күліп немесе жылап алатын кездеріңіз бола ма?

А) Жоқ, ешқашан – 1 ұпай

Ә) Кейде ғана – 2 ұпай

Б) Ия, ондай сәттер болып тұрады – 3 ұпай

Жинаған ұпай санына байланысты өзіңіздің қаншалықты эмоцияға берілгіш жан екеніңізді анықтаңыз.

9 – 14 ұпай

Шындығында, сырттай сабырлы да ұстамды болып көрінгенмен, өзіңіздің эмоцияға берілгіш әрі тез ренжитін адам екеніңізді жасырып қалғыңыз келеді. Жасандылық танытамын деп күйзеліске тап болуыңыз да мүмкін. Сол себепті аз уақытқа болсын бетпердеңізді шешкеніңіз жөн.

15 – 21 ұпай

Қанша жерден ашулансаңыз да, ойлау қабілетіңізді сергек күйінде ұстайсыз. Қажет болған жағдайда өзіңізді ұстай да білесіз әрі ішіңізде бұғып жатқан ашуды шығарудан да еш қысылмайсыз. Яғни сіздің мінезіңізде тұрақтылық пен тепе-теңдік бар.

22 – 27 ұпай

Сіз өте сезімтал әрі эмоцияға берілгіш адамсыз. Бір қызығы, осы мінезіңізбен қоршаған ортаңызға ұнайсыз. Қызығушықлықтарыңыз да аз емес. Өзіңіздің жақсы, жаман мінездеріңізді анықтаған соң, эмоцияыңызды бақылап үйренесіз.