Дене күтіміСұлулық

SPA- салондары қандай қызмет ұсынады? 

SPA (СПА) сөзін құлағы шалмаған адам аз шығар.  Құлақ шалған бөлек те, оны жете түсіну мүлдем басқа. Сонымен, СПА ем-шарасы дегеніміз не? Оның сұлулыққа қатысы қанша?

522Қаралымдар

СПА – бүкіл ағзаны тазартуға арналғаны ең тиімді ем-шара. Іштегі токсиндер мен қалдықтарды шығаруға арналған шара денсаулыққа оңтайлы әсер етеді.

1. Анықтама
SPA сөзі бізге Еуропадан, нақтырақ айтсақ, Бельгиядан келді. Сол жердің Германия мен Нидерландыға жақын Валлония ауданындағы шипажай «Spa» деп аталған. Ол шипажайды субұрқақтар (фонтан) әсем және жанға жайлы етіп көрсетсе керек. Ал римдіктер бұрқақты «espa» деп атаған.

2. Бүгінгі белес
Алғашында жан рақаттандыратын орталық болғанымен, қазір СПА ғылыми тұрғыда дамуға бет бұрған. Косметологтардың араласуымен СПА денсаулық пен ішкі көңіл-күйді қалыпқа келтіретін деңгейге дейін дамыды.

3. Қарсы көрсеткіштер
Созылмалы жүрек қантамырлары ауруларында, өт жолының қабынуы мен диабетте және гинекологиялық аурулардың барлығында СПА-салондарға баруға болмайды. Тіпті мамандар етеккір келуге 10 күн қалғанда да СПА ем-шарасына жазылудың қажеті жоқ деп есептейді. Сонымен қатар, тері аллергиясы барлар да аталмыш ем-шараға барарда ойланып шешім қабылдағаны дұрыс

4. Қызмет түрлері
СПА-қызметтің түрлері көп. Сүйріктей аппақ саусақтарға арналған немесе жібектей сүмбіл шаш қалыптастыруға бағытталған, енді кейбір СПА-қызметтер бүкіл дененің саулығын негіз етіп алады. Ем-шара барысында түрлі заттар пайдаланылады. Ол батпақ, теңіз балдырлары, тіпті шоколад та болуы мүмкін. Фитобөшке, су массажы, хамам мен хауызды да осы қызмет түріне кіргізуге болады. Теңіз тұзын пайдаланып жасайтын пиллинг, аяқ пен қолға арналған ванна, эфир майларын немесе емдік шөптердің тұнбаларын қолданады.