СәнСтилист кеңесі

SS HANUM COLLECTION-мен бірге бол!

@ss_hanum_collection бүгінгі сән мен танымның ұтымды үйлесімі. Бренд негізін қалаушы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, сәнгер-этнолог Ханымгүл Айдашқызы. Сән индустриясының ханымы ұлтымыздың мәдениетін дамытуға үлес қосуда.

Аталмыш брендтен өміріңіз бен стиліңізге бірден үйлесе кететін киім үлгілерін таба аласыз. Дизайнердің өз ісіне деген махаббаты мен еңбегін бренд топтамаларынан бірден аңғаруға болады. Шығыс халықтарына тән стильдегі көйлектердің бет-бедеріне ширатыла түскен өрнектер өзгеше сыр шертетіндей. Барлық киімдер заманға сай әдіс-тәсілдермен тігілген.

SS HANUM COLLECTION киімдерін маңызды кештер мен мерейтойларға ұялмастан киіп баруға болады.