стиль
LookСән

Аз ақша жұмсап, қымбат көрінудің 3 жолы

Стиль – арулардың көрінбес қаруы. Стильдің арқасында аз ақша жұмсап, қымбат көрінуге де болады. Кез келген ару танымал дизайнерлік киімдерді кие бермеуі мүмкін. Алайда нәзікжандылардың басым бөлігі қалтасы көтере бермесе де тартымды әрі қымбат көрінгісі келеді.

Жаппай сатылымдар

Өзіңіздің сүйікті интернет-дүкендеріңізді сақтап, күнделікті тексеріп отырыңыз. Ал жаппай сатылым кезеңі болғанда сауда жасап, керекті киіміңізді, стиль бағытыңызды анықтап алып алыңыз. Осылайша, сіз біршама қаржыны үнемдей аласыз.

Бір-бірімен үйлесе беретін базалық киімдер

Әлем бойынша барлық стилистер кез келген гардеробтың негізі – базалық киімдер екенін айтады. Басқаша айтқанда, бір-бірімен оңай үйлесетін нәзік реңктің қарапайым киімдер. Олардың көмегімен сіз әртүрлі образдарды құрастырып, үнемі сәнді болып жүре аласыз.

Аксессуарларды түрлендіріңіз

Бір қарағанда қарапайым образдың өзін аксессуармен түрлендіріп, қымбат және стильді етуге болады. Көлемді сырғалар немесе бірнеше сақина, сөмке және тіпті, мойын орамалы сізге өз-өзіңізге деген сенімділікті сыйлай алады. Ең бастысы, образды қымбат етіп көрсетемін деп, шектен тыс шығып кетпесеңіз болғаны.