Ақ босаға

Стильдер тоғысуы: Екі бөлмелі пәтерді қалай ерекше етуге болады?

   Мен бұл жобаны Ақтау қаласындағы Каспий теңізінің жағасындағы шағын пәтер үшін дайындадым. Аумағы 58,5 шаршы метр. Үйде жас кәсіпкер келіншек 5 жасар қызымен тұратын. Негізгі мақсатым - шап-шағын аумақты барынша жайлы, өмір сүруге ыңғайлы екі жатын бөлмесі бар пәтер етіп жасау. Осындай шағын пәтерді де заманауи, сәнді етіп жасауға болатынына тағы бір мәрте көзіңізді жеткізгім келеді. Ол үшін сіздің ниетіңіз бен кәсіби маманның шеберлігі қажет.

371Қаралымдар

Пәтер ішін қайта жоспарлау барысы газбен жылыту қазандығын ауыстырып, оның орнына жаңа детальдер орнатумен басталды. Үй минимализм үлгісіне негізделіп, бірнеше заманауи стильдің қосылуы арқылы толық жүзеге асты. Бөлменің ауасы кең болу үшін қабырғаларды ағаш жабынымен біріктіріп, батыл шешімдер қабылдауға тура келді. Сонымен қатар, витраж есік-терезелерді, биік өсімдіктерді, ультразаманауи трансформер-жиһаздарды қолдандым.

Қонақ бөлмесі

 

Неоклассика үлгісіндегі жиһаздар, консоль, ескі шырағдандар, бөлме пішінінің стандартына сай келмейтін, көлемді қара түске боялған аспашамдар да интерьерге ерекшелік сыйлайды.

Қонақ бөлмесі

Бұл жобаның өзгешелігі сол – мұнда әр түрлі стильдердің үлесі бар. Неоклассика стиліндегі жиһаз, аспашам мен аксессуарлар, заманауи үлгідегі жуынатын бөлмедегі ақ мәрмәрдан жасалған  декор, барлығының арасында нәзік үндестік орнаған.

Жатын бөлмесі

 

Бала бөлмесі

Минимализм стиліндегі асүй қара түсті классикалық аспашаммен және жиегі қараға боялған үлкен айнамен тамаша үйлесіп тұр.

Асхана

Үй ішіндегі композицияның шарықтау шегі – әйгілі суретші Асқар Есдәулеттің туындысы. Интерьердің ерекшелігі мен энергиясын дәл осы картина толық ашып тұр. Бұл пәтерден еркіндік пен гармонияның жылы лебі сезіледі.

 

Идея авторы: Қарлығаш Аязбаева

Интерьер-дизайнері