Ақ босағаОтбасы

Сүйіктіңізге қай жеріңіз ұнамайды?

Ұзын тырнақ

Ер адамдар расымен де тым ұзын тырнақ иелерінен сескенеді. Олардың ойынша, ондай әйелдер дегеніне жетпей қоймайды, сондац-ақ, ер азаматтарды өзінің құрығына түсіруден еш жалтармайды.

Тым тартымды макияж

Маска іспеттес бетті сүйген аса жағымды сезім емес. Ер азаматтар табиғилықты сүйеді. Сол себепті он келі опа-далап жағатын аруларға көз қырын салуы екіталай. Олар макияж нәзік болу керек деген ойда.

Тым ашық киім

Алғашқы кездесуге қысқа белдемше мен алды ашық жейде киіп келген ару екінші жартысын ұялтуы мүмкін. Ер адам мұндай нәзікжандының жанында өзін ыңғайсыз сезініп, ол туралы қате пікір қалыптастыруы мүмкін.

 

Арты ашық көйлектер

Арқа тұсы тым ашық көйлектер ерлер қауымына ұнайды деу қиын. Қоғамда мұндай көйлектер тартымдылықтың, талдырмаштықтың белгісі деген ұғым бар. Десе де, ер азаматтар керісінше, ашық арқа әйелдің нәзік мүсінін бүлдіріп тұрады деген сенімде.

Жасанды қас

10 еркектің 9-ы татуажды әйелдің бойындағы қолдан жасалған ең үлкен кемшілік деп ойлайды. Десе де, егер сіз қасыңызды жасатуға бел бусаңыз, табиғи реңктерге жақын түстерді таңдағаныңыз жөн.

Зергерлік бұйымдарды тым көп көлемде тағу

Қолының әр саусағына алтын таққанды ұнататын әйелдер еркектердің көңілінен шыға бермейді. Олар мұндай келіншектер жаңа жылдық шаршаға ұқсайды деген пікіріде.

Тым биік туфли

Біріншіден, 12 сантиметрден биік өкшелі аяқ киімдерді ер адамдар бишілердің туфлиларына ұқсатады екен. Ал екіншіден, ондай аяқ киімдермен жүру әрбір нәзікжанды үшін қиынға соғады. Сол себепті, классикалық туфлилерге назар аударғаныңыз абзал.