News

Алматыда сұлулық көрмесі өтеді

8 -10 тамызда Алматы қаласында CENTRAL ASIA BEAUTY & COSMETOLOGY EXPO (CABEAUTY) Халықаралық сұлулық, косметика, табиғи өнімдер мен косметология көрмесі өтеді.

Көрмеге 15 елден келген 150 аса компания қатысады.  Қатысушы мемлекеттер ішінде Қазақстан, Ресей, Қытай, Түркия, БАӘ, Үндістан, Өзбекстан, Корея, Пәкістан, Болгария, Египет, Индонехия, Тайланд, Иордания және тағы да басқасы бар.

CENTRAL ASIA BEAUTY EXPO-2019 көрмесіне қатысушылардың аясы өте кең. Олардың қатарында қазақстандық және халықаралық танымал брендтермен қатар, сұлулық нарығында жаңадан пайда болған қызметтер мен тауарлар да бар. Компаниялар сұлулық салондарына арналған заманауи технологияларды, жабдықтарды, материалдар мен құралдарды, шаш, тырнаққа арналған кәсіби құралдар мен материалдарды, бет пен дене күтіміне арналған инновациялық препараттарды, кірпік жабыстыруға және қас күтімі үшін пайдаланатын өнімдерді, декотарив, табиғи косметикалар мен иіс суларды ұсынады.

Көрменің Іскерлік бағдарламасының аясында бьюти-индустрияның жетекші шеберлері өздерінің көп жылдық тәжірибелерімен бөлісіп, шара кезінде сұлулық индустриясының барлық саласын қамтитын тренинг, семинар және шеберлік сыныптарын өткізеді:

  • Үш күнге созылатын көрме кезінде шаштараз шеберлігі, тырнақ, вижаз дизайны, кірпік жабыстыру, қас үлгісін жасау, татуаж, депиляция және косметология бойынша түрлі презентациялар мен шеберлік сыныптары өтеді. Сондай-ақ, лаш-мейкердер байқауы өтеді.
  • 8 тамыз күні конференция залында сұлулық салондарының басшыларына арналған «Толыққанды әкімші» атты бағдарлама өтеді. Мұнда салон әкімшілерінің стратегиялық білімін жетілдіретін ақпараттар айтылады. 9 тамызда косметологтар білім алып, ресейлік үздік дәріскерлер өзекті тақырыптарды қозғайды.
  • Көрме аясында шаштараз өнері, тырнақ эстетикасы, макияж, боди-арт, қас үлгісін жасау, кірпік жабыстыру және шугаринг бойынша Қазақстанның V Ашық Чемпионаты өтеді.
  • Глянец журналдардың сұлулық редакторлары, бьюти блогерлер келіп, BeautyTalk ұйымдастырады. Бұл көрме аясында тұңғыш рет ұйымдастырылғалы отыр.

Өз өндірушілерін қолдау мақсатында Ресей және Корей Республикаларының елшілері құттықтау сөз сөйлейді.

Өзіңіз үшін жаңалыққа толы болатын іс шараға қатысушы немесе көрермен ретінде баруға шақырамыз!

 Central Asia Beauty Expo көрмесі 08-10 тамыз «Атакент» ХКО, 10 павильонында өтеді.

Барлық сұрақтар бойынша көрмені ұйымдастырушылар комитетіне хабарласа аласыз:

Нұрсұлу +7 707 950 11 12

Сәуле +7 707 823 53 67

Жарнама және pr-серіктестік жөнінде: 

Мақпал +7 701 786 0035