Cән мен сұлулықБет күтіміДене күтімі

СҰЛУЛЫҚ КҮНТІЗБЕСІ: Әйел күтімінің бір жылдық жоспары

Woman using eye patch for her eyes and care lips on orange background isolated. Portrait of natural and true female as usually they are looks like

Көптен бері өзіңізге күтім жасауды ойлап, бірақ неден бастауды білмей жүрсіз бе? Онда бір жылға арнап, сұлулық күнтізбесін жасаңыз. Процедураларды таңдағанда тек жас пен жеке ерекшеліктерге ғана емес, маусымға да мән бергейсіз.

Мамыр – мінсіз мүсін маусымы

Жағажай мезгілі жақындағанда дене бітіміне назар аударыңыз. Оған спортзал мен дұрыс тамақтанудан бөлек, тез әрі өнімді нәтижеге қол жеткізетін косметикалық процедураны ұсынамыз. Мысалы, лимфалық дренаж клиникалық әдісі – целлюлитпен жақсы күреседі. 5-7 курсы лимфа қозғалысын жандандырып, артық сұйықтықты сыртқа шығарады.

Бел, жамбас аймағындағы артық бұлшықеттен арылу үшін эстетикалық клиникаға жүгініңіз. Онда бірнеше заманауи әдістер бар: Липотомия – май жасушаларына арнайы коктейльді енгізу арқылы жасалады; Ультрадыбыстық терапияда 1,5-2 ай ішінде ыдыраған жасушалар ағзадан бүйрек пен бауыр арқылы шығады. Одан кейін біртіндеп арықтап, қалаған мүсінге қол жеткізесіз; Оның ішінде физиотерапия негізінде жасалатын миостимуляция және электролиполиз әдістер іде тиімді. Мұнда мәселелі аймаққа тоқ жіберіліп, аймақтағы артық майлар ыдыратылады. Нәтижені көру үшін шыдамды болу керек.

Бағасы: Лимфалық дренаж клиникалық әдісі: 1800 – 33 000 тг.

Ультрадыбыстық терапия: 3000 – 30 000 тг.

Миостимуляция: 2000 тг жоғары. Ал электролиполиз: 3000 тг – 10000 тг.

Маусым – теріні қарқынды ылғалдандыру

Ультракүлгін сәулелер теріні қатты құрғатады. Қыркүйекте теріңіз құрғап кетпесін десеңіз, жаз басында ылғандандыруды қолға алыңыз. Оны салонда және үй жағдайында жасауға болады. Кәсіби маскалар ылғалдың жетіспеушілігін бірден толтырып, бетті әлдеқайда сергек әрі тартымды етеді. Оны аптасына 4 рет қолдану жеткілікті. Оған қоса, бір ай бойы гиалурон қышқылы бар пептидттер немесе сарысулар қолданған жақсы.

Жазда көп әйелдерде тершеңдік орын алады. Мұндайда құрғатқыш құралдар әсер етпесе, ботокс екпесіне жүгініңіз. Бұл проблемалық аймақтағы май бездерінің қызметін төмендетіп, гипергидрозды жояды. Екпенің күші 6-8 айға созылады.

Бағасы: Гиалурон қышқылы бар сарысулар: 2200 – 18000 тг.

Пептидтер мөлшеріне байланысты: 3000 – 20 000 тг аралығында.

Шілде-тамыз – еңбек демалысына дайындық

Жазғы демалыстан жайдары жүзбен оралғыңыз келсе, жолға тыңғылықты дайындалу қажет. Дене күнге бірқалыпты күйсін десеңіз, аптасына 2 рет дене мен бетке пилинг жасаған жақсы. Қабыршақтанған теріні сіңімді құралдармен ылғалдандырып, демалысқа бірнеше апта қалғанда құрамында А, Е дәрумендері мен мырышы бар БАД-тар қабылдаңыз. Олар теріні тотығуға дайындап, теріс әсерлердің алдын алады. Сондай-ақ, «автоқыздыру» курсы да жақсы шешім. Ол арнайы бүрку жүйесі арқылы дененің барлығын қамтып, әсері 4-6 сағат ішінде көрінеді де, 7-10 күнге сақталады. Әрі күн сәулесіне қарағанда қауіпсіз. Бірақ теріде меланиннің дамуына төтеп бере алмайды. Сондықтан жағажайға барарда күннен қорғайтын крем жағуды ұмытпаңыз.

Бағасы: Брендтік скраб-пилингтер: 100 мг – 850 тг.

Мөлшері көбірек әрі сапалысы: 2800 – 11 900 тг.

Табиғат көзінен алынған капсулалық А, Е дәрумендері: 550 тг – 4600 тг.

Басқа да дәрумендермен толыққан БАД-тар: 900 – 705 тг.

Теріні «автоқыздыру» курсы: 2000 – 3000 тг.

Қыркүйекте – косметологқа баруды жоспарлаңыз

Жаздың ыстығынан кейін тері тыңғылықты күтімді қажет етеді. Осы тұста теріні мезотерапия курсы ретке келтіре алады. Мезотерапия қартаюға қарсы коллагенді кешендер, Pro-Xylane және гиалурон қышқылды молекуласы, бисаболол, бактерияға қарсы коктейльдер, өсімдік сығындылары, күкірт және мырыш негізінде жасалады. Нәтижесі 5-7 сеанстан кейін көрінеді. Екпеге қарсы көрсеткіші барлар инесіз мезотерапия қабылдай алады. Олар электромагниттік өріс немесе ауа қысымы арқылы іске асады.

Жағадайдағы демалыста шашты теңіз тұзы зақымдап, күн сәулесі құрғатып, түсін өзгертуі мүмкін. Мұны жоғары сілтілік сусабынымен тазарту процедурасы түзете алады. Бұл өнімдер шаштағы бүкіл зиянды қалдықтарды жояды. Бірақ оны айына бір реттен көп қолдануға болмайды. Өйткені шашты құрғатып жіберуі мүмкін. Оған қоса, ақуыздар, липидтер және басқа қалпына келтіргіш компоненттері бар маска қолдануға болады. Ал, шаш түсін бояулармен жаңартып қойыңыз.

Бағасы: Мезотерапия курсы: 12 000 – 15 000 тг.

Қайта қалпына келтіргіш, сапалы 250 гр шампуньдар мен маскалар: 2000 – 4000 тг.

Қазан айында – терідегі дақтардын арылайық

Дәл осы кезең терідегі дақтардан арылуға таптырмайды. Кейбір дақтарды үй жағдайында-ақ кетіруге болады. Ол үшін ағартушы кремдер, жеміс қышқылды маскалар және арбутин, т.б. қолдана аласыз. Егер дақтар өте күрделі әрі жас мөлшеріне қатысты болса, уақыт жоғалтпай, арнайы маманға жүгінген жөн. Кәсіби ағарту әдістеріне химиялық және сәулелі пиллинг, криотерапия жатады. Оның қайсысы сізге сай келетінін мамандар нақты саралап айтып береді.

Бағасы: Жеміс қышқылды ағартушы кремдер мен маскалар: 1200 – 4000 тг

Криотерапия: 3000 – 30 000  тг.

Сәулелі пиллинг:  3000 – 45000 тг

Химиялық пиллинг: 8000 – 30 000

Қарашада аппараттық косметологияға мән беріңіз

Бұл ай – толық өзгеруді армандап жүргендер үшін қолайлы. Мамандар «күз айында пластикалық ота, сәулелі тегістеу, фотожасарту сынды маңызды ем-шаралар жақсы өтеді» дейді. Өйткені жаз бойы дәруменге толыққан тері аз уақытта қалыпқа келе алады.

Десе де, әжімдерді тегістеу, тіндерді қатайту үшін пышаққа түсу міндетті емес. Ол үшін термолифтинг немесе фраксионды жасару әдісін жасату жеткілікті. Бұл әдістер теріні қатайтып, дақтарды жойып, теріге сау көрініс сыйлайды. Мұндағы құрылғылар арнайы компьютерлермен басқарылады. Сондықтан жанама әсерлері өте аз. Аздап ыңғайсыздық сезілетіндіктен, одан кейін бірнеше күн үйде демалуға тура келеді. Қызару және жеңіл ісік біраз күнге созылуы мүмкін, бірақ нәтижесі бірнеше жыл сақталады.

Бағасы: Сәулелі тегістеу жасалу аймағына байланысты: 750 тг – 150 000 тг.

Фотожасарту: 15000 – 65 000 тг.

Термолифтинг: 3000 тг – 54 000 тг.

Фраксионды жасару: 500 тг – 200 000 тг.

Желтоқсанда СПА-процедуралармен рахаттаныңыз

Жаңа жыл алдында қалыпқа келу үшін ұзақ уақытты қажет ететін ем-шаралардан бас тартқан жөн. Десе де, Botox-пен әжімдерді түзетуге болады. Екпе кәсіби маманның қолымен жасалса, оның қауіпсіз күші шамамен жарты жылға жетеді. Ал, айына 4 рет бет массажын жасату оған қосымша күтім болмақ. Ал, С, Е дәруменді маскалар мен сарысулар екпе әсерін ұзақ сақтайды.

Жыл соңындағы күйзеліс пен шаршауды басуға СПА-орталықтары көмектеседі. Онда хош иісті массажбен денені босаңсытуға болады. Толықтай рахатқа бөленгісі келетіндер үшін: дене, шаш, қол, аяққа күтім жасайтын шеберлер қызмет көрсетеді. Азиялық спа салондар косметикалық кемшіліктерді түзетіп қана қоймай, ағза үйлесімдігін қалпына келтіреді. Еуропалық талассотерапия, гидромассаж ванналары және «швед» классикалық массажынан рақаттанып, денеңізді сауықтырып шыға аласыз.

Бағасы: Ботокс екпесі: 1 600 тг – 150 000 тг.

Бетке арналған массаж: 1000 тг – 13 500 тг.

Барлық денеге арналған массаж: 15 000 тг жоғары.

С, Е дәрумендері бар маска, сарысулар: 2500 тг – 20 000 тг.

СПА-салондардағы талассотерапия, гидромассаж және «швед» классикалық массажы уақытына байланысты: 3000 – 33 000 тг.

Қаңтар – ағзаны тазарту айы

Мерекелік кешке толы қаңтарда бойды жеңілдету үшін ағзаны тазартқан жөн. Іштегі токсиндерді сыртқа шығарудың тиімді жолы – монша. Бұл ресейлік бу хауызы, сауналар не түрік хамамы болуы мүмкін. Жалпы, моншаға аптасына бір рет барып тұрған дұрыс. Ал, орап тастау – ағзаны артық сұйықтық пен қалдықтан тазартады. Бұл арқылы салмақ тастауға да болады. Бірақ 2-3 күннен кейін қайта қалыпқа келуіңіз мүмкін. Артық салмақтан мәңгі арылу үшін оның 7-10 курсын қабылдау керек. Ұсынылатын жиілік – аптасына 1 рет.

Бағасы: Моншалар уақыты, жабдықталуы және қызметіне байланысты әртүрлі.

Күні бойы жүруге болатын ортақ монша: 1800 – 3000 тг.

4 – 50 адамға дейінгі сауна сағатына: 4000 тг – 20000 тг.

Орап тастау курсы – 3500 – 33000 тг.

Ақпан – пилинг жасату уақыты

Бұл кезде АНА-қышқылды пилинг теріні сергітіп, сау өң беріп, əжімдерді кетіреді. Альфа-гидроксиль қышқылды пилингтер тесігі кеңейген бет терісіне өте жақсы. Ол май безінің жұмысын жақсартып, тері проблемаларынан бірнеше айға дейін арылтады. Жеңіл химиялық пилинг екі ай ішінде 3-5 рет қайталауды қажет етеді. Көктем алдында мұны ерте бастаған жақсы. Пилинг босаған тері мен өте күрделі дақтармен де күреседі. Ондағы трихлоруксус қышқылы метаболизм процестерін жақсартады. Ол әсер ету үшін бірнеше күнді қажет. Мамандар одан кейін үйде демалып, қосымша кәсіби құралдарды пайдалануға кеңес береді.

Бағасы: бет және дене терінің күрделілігіне байланысты пилинг жасату: 4000 – 15 000 тг.

Наурыз – бет терісі мен шашқа күтім

  • Көктем-жазға дайындықты бет терісі мен шаштан бастаңыз. Күңгірт тартқан, шаршаңқы теріні биоревитализация қалпына келтіре алады. Гиалурон екпесі арқылы жасалатын бұл әдіс эпидермисті ылғалдандырып, алты айға дейін сақталады. Ағзаның оған қарсы көрсеткіштері өте сирек кездеседі. Бұл жасушалардың жұмысын белсендіретіндіктен, толық нәтижесі 2-2,5 айдан кейін көрінеді.
  • Ал, шашты арнайы ампула мен концентраттар қалпына келтіреді. Шаштың түсуі, сынғыштығымен жақсы күресіп, өсуін белсендіріп, қайызғақтан арылтады. Шаш түбінен түсетін болса, жалбыз сығындысы бар ампулалар, шай ағашының майы, дәруменді кешен және протеиндер қолданыңыз. Сынғыш шаштарға минералды тұз, липидтер, пантенолдар ұсынылады. Ампулалық курстар шамамен бір айға созылады. Оларды жуылған шашқа не бас терісіне жағып, толық сіңіргенге дейін ысқылау қажет.

Бағасы: Биоревитализация түрі мен мөлшеріне байланысты: 3000 – 12000 тг.

Шашқа арналған ампулалар және концентраттар: 3000 – 15 000 тг.

Шай ағашының майы: 600 – 6000тг.

Woman using eye patch for her eyes and care lips on orange background isolated. Portrait of natural and true female as usually they are looks like

Сәуірде – педикюрге жазылыңыз.

  • Бұл мезгілде күннен қорғайтын құралдарды қолданыңыз. Ондай құралдарға бүгінде SPF 30-дан SPF 50-ге дейінгі кремдер ұсынылады. Көктемгі ультракүлгін ерте қартаюдың негізгі себебінің бірі екенін ескеріңіз.
  • Басы ашық аяқ киімдер кие бастайтын мезгілде аяқ күтіміне мән беріңіз. Кемінде айына бір рет салонға барып, қатты түктерді алдыртып, тырнақ пішінін реттеп, терісіне күтім жасаңыз. Үйде скраб, түрлі маскалар, жұмсартқыш кремдер жағыңыз. Оған аллантоин, F дәрумені бар өнімдер жақсы көмектеседі. Ал, тырнақ қабыршақтанып, сынғыш келсе, ылғалдандырып, қатайтатын ингредиенттері бар құралдарды қолдану керек.

Бағасы: Күннен қорғайтын SPF 10-нан 50-ге дейінгі кремдер 700 тг басталып, сапасына қарай 11 000 тг дейін.

Аяққа педикюр жасату: қызмет сапасы мен теріге байланысты 3000 – 10000 тг.