ДенсаулықСаулық үшін

Сұлу келбет, мінсіз мүсін: Д дәруменінің адам үшін пайдасы қандай?

Көңіл-күйіңіз күрт түсіп, жиі күйзеліске түсетін болдыңыз ба? Суық күндері лезде ауру жұқтырып, салмағыңыздың артқанын байқадыңыз ба? Егер сіз жоғарыда қойылған сұрақтардың кем дегенде біреуіне «иә» деп жауап берсеңіз, демек, бұл ойлануға тұрарлық жағдай. Себебі, аталған белгілер ересектерде Д дәруменінің жетіспейтіндігінен хабар береді. Ал оның тапшылығы болашақта Альцгеймер ауруын тудыруы мүмкін.

Д дәрумені адамға не үшін қажет?

Кейбір дереккөздерде Д дәрумені «күн дәрумені» деген атаумен танымал. Өйткені ол ультракүлгін күн сәулесінің әсерінен теріде синтезделеді. Бұл май тіндерінде жиналатын, майда еритін дәрумен.

Қазақстанда (әсіресе солтүстік өңірлерде) жыл бойы ауа райы жылы бола бермейді, әрі барлығы дерлік майлы балықты тұтынбайды. Оған қоса,  қазақтардың басым бөлігі қараторы болып келеді. Бұл дегеніміз – бидай өңділердің ағзасында Д дәрумені баяу синтезделетіндігінің көрсеткіші. Сол себепті қазақстандықтардың басым көпшілігінде Д дәруменіне тапшылық айқын сезілтіндігінің бірден бір белгісі.

Д дәруменінің қызметі қандай?

Аталмыш дәрумен сүйектердің тығыздығына жауап береді. Дәлірек айтсақ, ол біз тұтынатын тамақтан кальций мен фосфордың ағзаға сіңуіне ықпал етеді.Сондай-ақ, Д дәрумені иммунитетті нығайтады.

Айналаңыздағы адамдар сау әрі көтеріңкі көңіл күйде жүр, ал сіз үнемі суық тидіріп, «бүгін сұлуланып тұрсың» деген сөздің орнына «сау бол» дегенді жиі естисіз бе? Бұған сіздің иммунитетіңіздің төмендеуі себеп болуы мүмкін. Демек, сіздің ағзаңыз Д дәруменінің жетіспеушілігінен зиянды вирустар мен бактерияларға төтеп бере алмай, әлсіреген.

Дәруменнің жетіспеушілігі неге әкеп соғуы мүмкін?

Соңғы деректерге сенсек, дәруменнің ағзада тапшы болуы салмақтың артуына тікелей әсер етеді. Мәселен, Бразилияда Д дәруменінің жетіспеушілігі семіздікке шалдыққан адамдарда 35%-ға және артық салмағы бар адамдарда 24%-ға жоғары екендігі анықталды.

Тағы бір зерттеу жұмысы барысында ирандық ғалымдар семіздікке шалдыққан әйелдердің Д дәруменін 12 апта бойы қабылдағаннан кейін салмағын төмендете алғанын байқаған.

Сол себепті егер сіз де тамақтану режимін дұрыстап, үнемі жаттығып жүрсеңіз де артық салмақтан арыла алмасаңыз, демек, Д дәруменінің қорына назар аударғаныңыз жөн.

Д дәруменінің деңгейін қалай қалыпқа келтіруге болады?

Өкінішке қарай, Journal Pharmacology басылымында жарияланған 2012 жылғы зерттеуде әлем халқының 50%-ға жуығы салауатты өмір салтын ұстанбай, қоршаған ортаның зиянды факторларына байланысты Д дәруменіне мұқтаж екені анықталды. Қазіргі таңда қала тұрғындары таза ауада аз уақыт өткізіп, Д дәруменін өндіруге аса қажетті УК сәулесінің ағындарын ала алмай жатады.

Оның синтезін арттыру үшін ұйқыдан ертерек тұрып, таңертең серуендеуге шығуға болады. Сонымен қатар, бұл дене бітімін жақсартуға көмектеседі. Таңертеңгі сағат 8-ден бастап түскен күн сәулесінің адам үшін қауіпті болуы мүмкін екенін ескерген жөн, сол себепті күннен қорғайтын арнайы кремдерді қолдануды ұмытпаған абзал.

Егер таңертең серуендеуге мүмкіндігіңіз болмаса, синтезделген дәруменді тамақтану режиміңізге қосыңыз. Бір айдан кейін бойыңыздан айтарлықтай өзгерістерді байқайсыз, сонымен қатар күшіңіз көбейіп, суық тигізіп алу мүмкіндігіңіз азаяды.

Осы орайда мамандар ағзада Д дәруменін арттыру үшін Д3Gamma өнімін тұтынуға кеңес береді. Д3-Gamma – Д дәруменінің Германияда жасалған биологиялық қоспасы, құрамында консерванттар, бояғыштар, глютен және лактоза жоқ. Оны мына жағдайларда еш қорықпастан қабылдауға болады:

  • Артық салмағы бар жандарға;
  • Глюкокортикоид қабылдайтындарға;
  • 50 жастан асқан, әсіресе остеопороз қаупіне жиі ұшырайтын әйелдерде;
  • Бидай өңді адамдарға;
  • Уақытының басым бөлігін бөлме ішінде өткізетін жандарда Д дәруменінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін арнайы жасалған.

Д3-Гамма – бұл қол жетімді күн сәулесінің күші!