Cән мен сұлулықБет күтімі

Әр сұлудың 10 құпиясы

Үй жағдайында жасауға болатын нәрселер көп-ақ. Соның бірі – тұрмыстық заттар мен азық-түліктерді сұлулық құралы ретінде пайдалану. Төмендегі мақаланы оқи отырып, ойлаптапқыштардың бір кезде қолданған әдістері шынымен де тиім екеніне көз жеткізуге болады.

Шашқа арналған сепкіш (Пульверизатор с морской водой)Көбіміз ыстық күндері салқындау үшін термальды су қолданамыз. Бұл суды үнемдегіңіз келсе, орнына қарапайым бүріккішті қолдануға болады. Минералды немесе тазартылған суға шай қасық тұз қосып, бүріккішке құйыңыз. Тұзды сумен бетіңізді ұдайы ылғалдандырып отырыңыз. Теңіз суы беттегі бөртулер мен түрлі кемшіліктерді жоя алады.

Сулы майлықпен шаштағы статикалық тоқты алу (Влажная салфетка для снятия статического электричества с волос)Шашыңыз статикалық тоқтың салдарынан бет терісіне жабысып, жағымсыз әсер қалдырады. Бұл жайсыз күйден арылу үшін шашты күнделікті өзіңіз қолданып жүрген сулы майлықпен сүртіп шығыңыз. Майлық шаштағы тоқты бірден жояды.

Йогуртты крем орнына қолдану (Йогурт вместо маски и крема)Егер, сіз күнге күйіп қалсаңыз, күйікке қарсы өнімді сатып алуға асықпаңыз. Тоңазытқышыңызда тұрған йогурт немесе қаймақ бұл мәселені лезде шешеді. Себебі, қышқыл сүт өнімдері теріні тыныштандырады. Бұйралағыш құралдардың кесірінен зақымданған шашты да йогурттың көмегімен қайта қалпына келтіруге болады.

Алма сірке суы тоникті алмастырады (Яблочный уксус в качестве тоника)Беттегі майлы жылтырдан арылу үшін алма сірке суын қолданыңыз. Егер тоник немесе лосьоныңыз таусылса, мақталы дискке сірке суын құйып, беттің майлы жерлерін сүртіп шығыңыз.

Woman aplying beauty mask,close up

Көк шайдың көмегімен көз асты қалталы ісіктерден арылу (Пакетики с зеленым чаем против мешков под глазами)Үйіңізде көз асты кемшіліктерін кетіруге арналған крем болмаған күннің өзінде, шай міндетті түрде болу керек. Шай жапырақтарының құрамында кофеин болғандықтан, ісікті лезде басады. Көк шайды суық суға салып, көздің астына 5-10 минутқа қойып қойсаңыз, қалталы ісіктерден арыласыз.

 Жабысқақ таспамен сүрмені түзу сызу(Скотч поможет начертить стрелки)Қабаққа сүрмені түзу сызуды үйрене алмай қойсаңыз, жабысқақ таспаны (скоч) пайдаланыңыз. Өзіңізге керек ұзындықты өлшеп, таспаны екіге қиып алыңыз. Біреуін көздің сыртқы бұрышына, ал екіншісін қабақтың үстінен орын тастап жабыстырыңыз. Пайда болған бос орынды сүрмемен бояңыз. Айтулы бұйымның көмегімен қолыңыз кідірмей, сүрмені мүлтіксіз сызып шығасыз.

Тісті ас содасымен тазалау (Сода для чистки зубов)Бұл ертеден келе жатқан тісті ағартудың бір тәсілі. Пастаға ас содасын қосып тазалау тістің сарысын кетіріп, шай мен кофеден қалған қақты жояды.

Сұлы жармасымен шомылу (Овсянка для ванны)Сұлыны таңертеңгілік ас ретінде ғана емес, ваннаға арналған қоспа ретінде де қолданған өте пайдалы. Оның құрамында құрғақ теріні ылғалдандыратын май және қант бар. Қант қоспасынан пайда болатын гель тектес сұйықтық терінің ылғалдығын сақтап тұрады. Жылы суға 200-300 грам сұлы сеуіп, шайынсаңыз теріңіз айтарлықтай нәзік бола бастайды.

Тіс пастасы және щеткасы тырнақты тазалайды (Зубная щетка и паста для ногтей)Бұл тәсілдің көмегімен тырнақтағы сарғылт реңктен арылуға болады. Сізге бар болғаны тіс пастасы мен щеткасы қажет. Тістеріңізді қалай тазаласаңыз, тырнағыңызды да дәл солай тазалап көріңіз. Тіс пастасының құрамында сутек тотығы бар. Ол тек тістегі сарғылт реңкті ғана емес, тырнақ бетіндегі түс өзгерістерімен де күреседі.

Тіс пастасымен күмісті жалтырату (Зубная паста для полировки серебра)Күміс әшекейлеріңізді тазалағыңыз келсе, арнайы тазартқыш өнімге ақша шығармай, үйдегі тіс пастасын қолданып көріңіз. Сонда сүйікті бұйымдарыңыз қайта жарқырайтын болады.