сүт безі қатерлі ісігі
ДенсаулықСаулық үшін

Сүт безі қатерлі ісігінің басты белгілері қандай?

Сүт безі қатерлі ісігі түрлерінің белгісі – жалғыз түйнекпен анықталмайды. Әлемдегі әрбір 8-ші әйел сүт безі қатерлі ісігімен ауырады. Егер дер кезінде дұрыс ем жасалмаса, арты жақсылықпен аяқталмайтыны сөзсіз. Сонымен қатар, қатерлі ісікті алдын-ала білген жағдайда, 5 жыл көлемінде 100% кепілдікпен емдеуге болады.
СҮТ БЕЗІ ҚАТЕРЛІ ІСІГІНІҢ БЕЛГІЛЕРІ 

1. Төс ауырсынып, одан сұйықтық бөлінеді. Төс ісініп кетеді, ұстағанда қатты ауырсынады. Сондай-ақ, емшек сүтіне ұқсас сұйықтық бөлінеді.

2. Төс терісі өзгеріске ұшырайды. Тері қабыршығы созылады, қатқылданып кетеді. Теріде бүртіктер пайда болып, тегіс болмай қалады.

3. Денедегі көгерген, ұрылған және кесілген тұстар жазылмайды. Жарақаттанған жерге дәрілер мен жақпа майларды жақса да әсер етпейді.

4. Үнемі тамақ бітіп, жөтел қысады. Кез келген суық тиюге қатысы жоқ дем алуға қатысты мәселелер болуы мүмкін.

5. Ішектегі және дәрет жолындағы өзгерістердің болуы. Зәр шығару мен дәрет алудағы тұрақсыздық пен ауырсыну белгілері.

6. Әлсіреу. Қанша қанып ұйықтаса да, қатты шаршап жүру.

7. Салмақтағы өзгеріс. Ешқандай себепсіз арықтап немесе толып кету.

8. Қолтықтың ісініп кетуі. Кеуде тіндері қолтыққа дейін жалғасын тапқандықтан, ісіну төстен басталмауы да мүмкін.

9. Әйелдің қос алмасы әртүрлі мөлшерде болуы. Ол бірден байқалады.

10. Дененің ауырсына қышынуы. Қышыну арқылы денедегі сұйықтықтың жиырылуын, лимфа тамырларының бітелуі мен ісіктердің пайда болуына байланысты жаңа қан тамырлары өсуіне ықпал етеді.

11. Арқаның жоғарғы тұсындағы ауырлық. Қатерлі ісік арқадағы ауруды қоздырып, ісік ұлғайған кезде жүйке жүйелері мен сүйектерге әсер ететін болады.

Дәрігердің қабылдауына қашан жазылу керек?
Етеккіріңіз келіп кеткеннен кейін бірнеше күннен соң, төсіңізді өзіңіз тексеріп отырыңыз. Кеуде тұсыңызды, төсіңізді және қолтығыңызды қысып, біраз ұстап көргенде, шиыршықталған түйіннің бар-жоғы білінеді. Аурудың 20% әйелдердің өзіне анық байқалады. Десек те, өз-өзіңізге диагноз қоймаңыз. Маммолог маманға барып, дәрігердің кеңесіне құлақ түріңіз. Егер жоғарыда айтылғандардың ішіндегі екі белгіні тапсаңыз, кейінге шегермей бірден емделгеніңіз жөн.