ДенсаулықСаулық үшін

Сүйек қатерлі ісігі

Сүйек қатерлі ісігі – сирек кездесетін онкологиялық ауру түрі. Басқа қатерлі ісік ауруларына қарағанда 1%-ды құрайды. Дегенмен, бұл індет денсаулыққа барынша ауырлық әкеліп, өмірге айтарлықтай қауіп төндіреді.

Сүйек обырының түрлері:

Ғылыми тілде сүйек обыры – саркома деп аталады. Саркоманың түрлері мына екі түрге бөлінеді:

1. Қатерсіз

2. Қатерлі

Қатерсіз. Кейбіреулерде туғаннан сүйегінде ақау болуы мүмкін. Ал, енді бірінің бойы белгілі бір уақытта тез өсіп кетіп, сүйектің кей жеріне бұлшықет жетіспей, қуыс болып қалып жатады. Мұндайды – қатерсіз ісік дейміз.

Қатерлі. Қатерлі сүйек ісігі өзге органдарда болған обырдан метастаз арқылы сүйекке шапқанда пайда болады.

Сүйек қатерлі ісігінің пайда болуы:

Сүйек обыры – бастапқы және қайталама болуы да ықтимал. Бастапқысы – сүйек тініне жататын жасушалардан дамиды. Дегенмен, бұл сирек кездеседі. Ал, қайталама түрі дегеніміз өзге обыр түрлері сүйекке шапқанда, яғни, метастаз болғанда пайда болып жатады.

Бұл дертке көбінесе 20 жаспен 40 жас аралығындағы адамдар шалдығады. Олардың сүйегінде қатерлі ісік өздігінен пайда болады. Ал, 50 ден асқан кісілерде табылса, міндетті түрде бүкіл ағзаларды тексеру керек. Себебі бұл жаста ісіктің түпкі негізі қуық, өкпе, бүйректе жатуы мүмкін. Осы уақытқа дейін білінбей келген қатерлі ісік күшейген сайын, метастаздар бөліп, олар сүйекке шабады.

Елімізде жыл сайын бұл дертпен 200-дей адам ауырса, соның 10%-ында саркома  метастаздардың таралуынан пайда болады.Ал, бастапқы саркоманың нақты неден, қалай пайда болатынын әлі күнге ешкім дөп басып айта алмайды. Бұл көбінесе балаларда, жастарда, жыныс жағынан – ер адамдарда кездеседі.

Сүйек қатерлі ісігінің пайда болуы:

Сүйек обыры – біріншілік және екіншілік болып бөлінеді. Біріншілік – сүйек тінінде дамиды. Дегенмен, бұл сирек кездеседі. Ал, екіншілік түрі өзге ағза обырынан сүйекке шапқанда, яғни, метастаз болғанда пайда болады.

Сүйектің біріншілік қатерлі ісігі көбінесе 20 жаспен 40 жас аралығындағы адамдарда жиі кездеседі. Олардың сүйегінде қатерлі ісік жоғарыда аталған бірнеше фактордың бір уақытта әсер ету салдарынан туындайды. Ал, 50-ден асқан кісілерде табылса, міндетті түрде бүкіл ағзаларды тексеру керек. Себебі бұл жаста ісіктің түпкі негізі ер адамдарда қуық, өкпе, бүйректе, ал әйел адамдарда қалқанша безі, сүт безі немесе әйелдің репродуктивті ағзаларында (аналық безі, жатыр, жатыр мойны) жатуы мүмкін. Осы уақытқа дейін білінбей келген қатерлі ісік күшейген сайын, метастаздар бөліп, сүйекке шабады.

Ал, бастапқы саркоманың нақты неден, қалай пайда болатынын әлі күнге ешкім дөп басып айта алмайды. Бұл балаларда, жастарда, жыныс жағынан – ер адамдарда жиі кездеседі.

Қатерлі ісікті анықтау және оның белгілері:

Ісікті алғаш травматолог дәрігер анықтауы тиіс. Олар келген науқасты компьютерлік томографияға немесе рентгенге жібереді. Сүйек қатерлі ісігі рентген арқылы бірден табылады. Кейде бірнеше рет тексеріп, рентгенге түсірсе де ештеңе анықтай алмайтын сәттер де болып жатады. Яғни, бұл жерде дәрігерлер бар нәрсені көре алмаған. Сондықтан науқасқа ауруды басатын жақпа майлар жазып беріп немесе терапевт маманға жіберген. Сөйтіп арада біраз уақыт өтіп кетеді. Мұндайда дәрігерлер мен рентгенологтың білімділігі аса маңызды. Сол үшін бірнеше дәрігердің кеңесін тыңдаған артық емес.

Аурудың белгілері саркоманың түрлеріне байланысты. Алғашында ол білдіртпей дамиды. Кейін ісік пайда болған жер сырқырай бастайды. Қатерсіз ісік күндіз ауырса, қатерлі ісік түнде ауырады. Уақыт оздырып, асқындырып алса, адам аяғынан жүре алмай қалады.

Қатерлі ісікті анықтау және оның белгілері:

Ісікті алғашқы болып, көбінесе жергілікті жердің дәрігерлері (травматолог, хирург және т.б.) анықтаса, енді бірде басқа жағдайларда анықталып жатады. Олар келген науқасты компьютерлік томографияға немесе рентгенге жібереді. Сүйек қатерлі ісігі кейде рентген арқылы бірден табылады. Ал, кейде бірнеше рет тексеріп, рентгенге түсірсе де ештеңе анықтай алмайтын сәттер де ұшырасады. Яғни, дәрігерлер рентген көріністеріндегі ісіктік ақауларды көре алмайды. Сондықтан кей науқасқа ауруды басатын әртүрлі жақпа майлар жазып беріп немесе уқалау әдістеріне (массаж) ұсыныс береді. Сөйтіп арада уақыт өтіп кетеді де, ісіктің улкейіп кетуіне жол беріп қояды. Мұндайда дәрігерлер мен рентгенологтың біліктілігі аса маңызды. Ісікті дер уақытында анықтап керекті мамандарға көрсетсе, емнің нәтижесі әлдеқайда жоғары болады.

Аурудың белгілері саркоманың түрлеріне байланысты. Алғашында ол ешқандай көрініссіз дамиды. Кейін ісік пайда болған жер сырқырап ауыра бастайды. Көбіне қатерсіз ісік күндіз ауырса, қатерлі ісік түнде ауырады. Уақыт оздырып, асқындырып алса, адамның қимыл іс-әрекеттерінде шектеулер орын алуы ықтимал.

Емдеу жолдары

Науқаста ісік бар екені анықталса, гистологиялық сараптама арқылы оның қатерсіз не қатерлі екені бағамдалады. Қатерлі болса, оның түріне қарай емдеу жолын таңдаймыз.

Саркоманың негізі 30 түрі бар. Соның ішінде жиі кездесетін остеогенді саркома – ең ауыр түрі. Хондосаркома – орташа ауыры. Хондосаркомада сүйекке бірден ота жасалады. Ал, остеогенді саркома кезінде алдымен 3-4 курс химиялық ем қабылдайды. Одан кейін ота жасап, тағы да химиялық терапия жасалады. Бұл кезең науқас үшін өте қиынға соғады.

Қатерсіз ісікті сүйектің шетінен қырып алып тастауға болады. Ал қатерлі ісікте сүйекті кесіп алып тастауға тура келеді. Сүйектің орнына онкологиялық эндопротездер қойылады.Метастаз арқылы пайда болса, оның қай ағзадан таралғанын біліп аламыз. Мысалы, бүйректен беріп тұрса, бірінші бүйректегі қатерлі ісікті емдейміз.

Науқасқа ең қиын соғатын кезең – алғашқы, үшінші және бесінші жылдар. Осы аралықтағы ауыртпалықты көтере алған науқастың әрі қарай өмір сүруге мүмкіндігі бар. Сондықтан емделген науқастардың өмір сүру ұзақтығын 5 жыл көлемінде ғана атаймыз. Елімізде остеогенді саркомаға шалдыққан адамның 54%-ы ғана 5 жыл өмір сүреді. Ал хондосаркомамен ауырғандарда бұл көрсеткіш – 80%.

Бұл дерттен жазылып кеткен адамдар жетерлік. Олар барлық ем-шараларын қабылдағаннан кейін жыл сайын тұрғылықты жеріндегі онкология орталықтарында өкпе, бүйрек, қуықты тексертіп тұрады.Ал, бес жылда қалпына келмесе, ол адамның денесіндегі метастаздар бүкіл ағзаға беріледі де, өкінішке қарай, аман алып қалу мүмкін болмайды.

Емдеу орталығы

Сүйек қатерлі ісігіне ота жасау, протез қою тек институтта ғана іске асады. Облыс орталықтарында сәулелендіру және химиялық терапия жасайды. Ота жасалған науқас өз облысында біздің нұсқауымыз бойынша қосымша ем алады.

 Дерттің алдын алу

Медицинада бұл аурудан айтарлықтай сақтандыру көрсеткіштері жоқ. Өздігінен, ешқашан күтпеген жерде пайда бола салуы мүмкін. Кейбіреуі үлкен соққы алудың нәтижесінде орын алады дегенді алға тартады. Футболшы жігіттерден бұл дерт табылып, емделгендер болды. Бірақ ауыр соққыдан туындаса, спортшылардың көпшілігінде кездесер еді. Сондықтан ол пікірді де растай алмаймыз.

Саркомамен келетін науқастардың басым көпшілігі Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарынан келіп түседі. Оның себебі – экологиясы нашар болуында деп ойлаймыз.

Бүл жерде ескеретіні: басқа дене мүшесінен қатерлі ісік табылмас үшін жыл сайын барлық ағзаны тексерістен өткізіп тұру керек.

Тұқым қуалаушылықтың әсері:

Осыдан бес жыл бұрын бір ер кісі баласын алып келді. Баласында сүйек қатерлі ісігі анықталды. Оған ота жасалып, протез қойылды. Әлгі кісінің әйелі және екі баласы бұрын қатерлі ісіктен көз жұмған. Енді үшінші ұлы да үш жыл ғана өмір сүрді. Бір жылдан кейін ер адамның өзі түсті. Қайта оныкі қатерсіз ісік болып шығып, бүйрегі алып тасталынды. Сонда қарап отырсақ, бір отбасында 4 адам обырдан көз жұмып отыр. Осындай сәтте қатерлі ісіктің тұқым қуалаушылықтан болғанын білу қиын емес. Ал, басқа жағдайда 100% тұқымқуалаушылықтан болады деп айтуға негіз жоқ.

Ғани Амангелдіұлы СЕРІКБАЕВ: ҚазОРҒЗИ, сүйек және жұмсақ тіндердің ісіктері ор


талығының жетекшісі, м.ғ.к.