Сән

Сүйікті түсіңізді айтыңыз, мен сіз туралы айтып беремін

Басымдық беретін түсіне қарап адамдның мінез құлқына саяхат жасауға болады. Барлық картасын ашып үлгермесеңіз де, қарсыңыздағы жан жайлы азды, көпті мәлімет біліп қаласыз.

Қызыл – құштарлықтың, өмірлік күш пен қанның және оттың түсі. Қарама-қайшылыққа толы: бірде қуаныштың, сұлулықтың және махаббаттың символы болса, екінші жағынан кек пен соғыстың белгісін білдіреді. Бұл түсті жақсы көретіндер  өктем, қызба және қызуқанды келеді.

 

 

 

Қызғылт сары – арманшыл адаммен ассоциацияИнтуициясы мықты адамдардың сүйікті түсі.

Сары – Күннің, алтынның, егін алқабының және күзгі сұлулықтың түсі. Сонымен қатар, аурудың, ажал мен келесі өмірдің символына айналған реңк. Бұл түсті таңдайтындардың дені сабырлы, көпшіл, еркін, әуес, батыл және тез икемделгіштігімен ерекше.

Алқызыл (розовый) түсті жақсы көретіндер эмоционал, барлығын жақсы көріп, айналасын мейірімге бөлейді. Бұл түс өмір шындығына нақты нәтиже түрғысынан қарайтын адамдардың, яғни, прагматиктердің жынына тиеді екен.

Жасыл – табиғаттың, көктемнің, нағыз өмірдің, үйлесімнің түсі, жүйке жүйесін тынышталдыратын қасиеті бар. Бұл реңкке басымдық беретін адамдар – мақсатына жетпей тынбайтын, өзгенің өзіне ықпал етуінен қорқатын, өзін өзі тануға көп күш жұмсайтын жандар.

Көк – аспан мен мәңгілік өмірдің түсі. Бұл реңкті ұнататын жандардың рухы биік, қарапайым, әрдайым өзара түсіністікке ұмыталады.

 

Қоңыр – жердің түсі. Дәстүрдің, беріктік пен сенімділіктің символы. Бұл түсті аяғына нық тұрған, өзіне бек сенімді адамдар таңдайды.

Сұр—бейтарап түс. Бұл түсті өзін жарқыратын көрсетуді қаламайтын жандар таңдайды. Олар парасатты, жан-жағына сезіктене қарайтын, эмоциясын тым тежеп ұстайтын адамдар. Іскерлік орта үшін таптырмайтын реңк.

Ақ— «мінсіз» түс.Жарқыраған жарықты да, мұздай суықты да сыйлай алады. Тазалықтың, жеңілдіктің, пәктіктің, қуаныштың символы. Бұл түсті таңдағанына қарап адамның мінезін болжау мүмкін емес, себебі оны барлығы жақсы көреді.