ДенсаулықСаулық үшін

Суық күнгі күтім!

Мүкжидектің пайдасын білесіз бе?

Қыс мезгілінде де өзінің нәрлік қуатын жоғалтпайтын жемістер бар десек, олардың қатарына мүкжидекті (клюква) жатқызуға болады. Әсіресе тұмау мен салқын тигізіп алғандар мен қан қысымы жоғары немесе қуық жолдарының инфекциясын жұқтырып алғандар аталмыш жемістен шипа табуына болады. Күніне мұздатылған немесе кептірілген мүкжидектен 30 гр тұтынып көріңізші, нәтижені бірден байқайсыз.

  • Шашқа тигізер пайдасы. Шашыңыз сау әрі жылтыр болуына септігін тигізеді. Жұқа шаштарды қалыңдатуға ықпал етеді.

Кеңес: ол үшін мүкжидекті майдалап, бананмен араластырып, шашқа арналған маска жасау қажет.

  • Тырнаққа әсері. Мүкжидек құрамында калий мен магний көп болғандықтан тырнақтың салаланып бөлінуінен сақтап, тырнақ жиегінің құрғап кетуінен қорғайды.

Кеңес: жемістің етімен тырнағыңызды үнемі сүртіп жүріңіз.

  • Теріге деген әсер. Терінің қартайып, әжім түсуінің алдын алады. Қуатты антиоксиданттар ағзаны «қышқылданған стресстен» қорғайды.

Кеңес: Жемістің шырынын сығып алып, оны мұздатқышта қатырыңыз. Әр таң сайын бетіңізді мүкжидек текшесімен сүртіңіз.

  • Тіске тигізер пайдасы. Бактерияға қарсы құрам арқылы мүкжидек тістің қабынуын жазып, пародонтоздың алдын алады.

Кеңес: табиғи клюкваның шырынын ішкен сайын алдымен аузыңызды осы сұйықтықпен шайып алыңыз. Себебі ауру шақыратын бактериялардан арылуға мүкжидек шырынының үлесі жоғары.

  • Мінсіз мүсін. Мүкжидек құрамында РР дәрумендері мол. Бұл дәрумендер ағзадағы холестерин құрамын реттеп, зат алмасу процессін қалыпқа келтіреді.

Кеңес: Үнемі құрғатылған, балғын мүкжидекті жеп, шырынын ішіп отырыңыз. Сонда нәтижеге қол жеткізе аласыз.