Өзіңді дамытСаулық үшін

Табысты әйелдің 7 айласы

Мақсатқа қалай жетемін? Әртүрлі салада жетістікке жеткен әйелдердің ортақ табыс ережесі бар. Бүгінде олар өздерінің басты құпияларымен ашық бөлісуде. Оларды ұстанған кез келген нәзік жан қол жетпес шыңдардың өзін бағындырары анық. Ендеше, сыралғы құрбыңыз бұл мақалада сізді табысты ететін бірнеше ережелер тізімін ұсынды.

Сонымен, табысты әйел не істейді?

1 Жоспарын күнделігіне түртіп жүреді

Табысты әйелдер жоспарлары мен идеяларын ұялы телефондарына емес,  күнделіктеріне жазып қояды. Осылайша, олар жазған дүниесін естен шығармай ойында сақтап жүреді. Сондай-ақ, өзін қоршаған әлеммен үнемі байланыста болу үшін әлеуметтік желілерді белсенді жүргізеді.

2 Денсаулығына мән береді

Тәні саудың – жаны сау! Табысқа жеткен әйелдердің басым бөлігі күнделікті жаттығулар жасап, спортпен белсенді түрде айналысады. Мәселен, тауға шығып, күніне 2-3 шақырым жаяу жүреді. Ал демалыс күндері 10 шақырым жерді жүгіріп өтуі мүмкін.

3 Кітап көп оқиды

Кітаптың көмегімен тек сауат ашып қана қоймай, жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізуге болады. Егер өмірде бірдеңеге жетемін десеңіз, көп әрі әртүрлі жанрдағы әдебиетті оқып жүріңіз. Күніне 20 минутыңызды білімге арнасаңыз, сол да жеткілікті.

 4  Мақсат қоя біледі

Қай бағытта қозғалу керек екенін түсіну үшін бір жылға немесе жарты жылға, бір айға, аптаға, бір күнге мақсат қоя біліңіз. Табысты әйелдер үнемі кез келген тығырықтан шығу үшін «Б» жоспарын алдын ала құрып қояды.

5  Аффирмацияларды естен шығармайды

Аффирмация күшіне сеніңіз. Олар жетістікке жетуіңізге септігін тигізе алады. Күнде айнаның алдында тұрып, мақсаттарыңызды айқындайтын, өміріңізді жақсы арнаға бұратын 3-4 сөзді қайталап жүріңіз. Табысты әйелдер бұған арнайы уақыт та бөледі.

6  Алғыс журналын жүргізеді

Өзіңізде бар нәрсеге риза болыңыз. Кішкентай жетістікке жеткеннің өзінде Жаратқанға, өткен күнге алғыс білдіріп кетіңіз. Сондай-ақ, күніңізді саралап, күнделікті қандай өзгерістер болғанын түртіп отырыңыз.

7 Тәртіпті қатаң сақтайды

Өзіңізді өзіңіз тәрбиелеп отырыңыз. Табысты әйелдер таңертең ерте тұрып, уақытылы спортпен айналысып, дұрыс тамақтанады. Өмірлерінде қандайда бір өзгеріс орын алса да жоспарларын өзгертуге бейім емес. Олар өздерін аяп, еріншектікке бой алдырмайды.