News

Таза қала – әлеуеттік келбет

10 қыркүйекте Esquire Kazakhstan журналы Esquire Picnic аясында медиа саласының өкілдерімен бірігіп, Эко-Құрылтай шарасын өткізді. Бұл Алматыдағы Сайран көлі маңын тазарту бойынша шоу-бизнес жұлдыздары, блогерлер мен ықпал етушілермен биылғы төртінші ауқымды жоба.

Экологиялық бастаманы салмақты бақылау және әл-ауқатқа арналған өнімдер санатындағы әлемдік көшбасшы Herbalife Nutrition компаниясы қолдау көрсетіп, бүгінде денсаулыққа кешенді көзқарасқа аса мән беру өзекті екенін білдірді.
Herbalife Nutrition бүкіл әлем бойынша қоғамдастық пен қоршаған ортаны қорғау бастамаларын үнемі қолдайды. Жаһандық әлеуметтік жауапкершілік бағдарламасы аясында компания 2030 жылға (Herbalife Nutrition-тың 50 жылдығына орай) қарай 50 миллион әлеуметтік акцияны жүзеге асыруға міндеттенді.

Медиа сенбілікті Herbalife Nutrition фитнес сарапшысы Бақдәулет Сапарбаевтың дене шынықтыру жаттығуларымен басталды. Содан кейін барлық белсенді қатысушыларға протеин бар тіскебасар ұсынылды. Бұл негізгі тағамдар арасындағы тамаша жеңіл тағам, яғни физикалық белсенділіктің жоғарылауы кезінде ақуыздың қосымша көзі.
Келесі кезекте сенбілікке қатысушыларға HelloEco экологиялық таза тұрмыстық тауарлар дүкенінен қоқыстарды сұрыптау жөнінде нұсқау берілді. Белсенділердің айтуынша, шеберлік сыныбы мазмұнды, танымдық болып, қалдықтардың түрлері мен оны өңдеу жолдары туралы жан-жақты түсінік берді.
Сенбілік шараға танымал брендтерден бөлек, Алена Петрова, Мадина Ақылбекова, Азамат Әшімов, Гүлбахор Хасанова және т.б. Қазақстанның танымал блогерлері мен инфлюенсерлері шақырылды.
Жүргізуші Максим Касперович барлық көмекшілер үшін экомәдениет әлеміне жол көрсетуші болды. Экологиялық сана туралы барлығын Herbalife Nutrition диетологы Алмагүл Ержекенова айтты.
18 мамырда Алматыда Esquire Picnic аясындағы Эко-Құрылтай медиа сенбілік шарасы Шымбұлақ тау курортында тазалық жұмыстарын жүргізу акциясынан басталды. Шара барысында 110 кг қалдық жиналды, оның 38 кг қайта өңдеуге жарамды заттарды жинау және сұрыптау базасына жіберілді. 25 маусымда Шымкент қаласы 111 келі қоқыстан тазартылып, қайта өңдеуге жарамды заттарды жинау және сұрыптау базасына 116 келі қоқыс жөнелтілді. Нұр-Сұлтан қаласында 15 шілдеде 19 кг қоқыс жиналды, оның 6,8 кг қайта өңдеуге жарамды заттарды жинау және сұрыптау базасына жіберілді. Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, Нұр-Сұлтан барлық қалалардың «ең тазасы» атанды.
Алматыда өткен қорытынды шарала экобелсенділер 65,5 кг қайта өңдеуге жарамсыз қоқыс (полигонға жіберілетін) және 40 кг қайта өңдеуге жарамды қоқыс жинады. Жалпы қатысушылар мен белсенділер Сайран қаласын 105,5 келі қоқыстан тазартып, сүйікті қаламызды экологиялық тазалық деңгейін жақсартты.


Бұрынғы әдеттерге және барлық тұтыну мәдениетіне #BASTA дейміз!