NewsАс мәзіріЖан әлемі

Тәбет шақырар фудстайлинг

Жуырда оңтүстік шаһарда дәмді әрі пайдалы, жаңа әрі маусымдық тағамдар мәзірлері бар жаңа кітаптың тұсауы кесілді. Тұсаукесерде Herbalife Nutrition  компаниясының өкілдері БАҚ мен блогерлер қауымына фудстайлингтен шеберлік сағатын өткізіп, кітапта ұсынылған бірнеше мәзірге дегустация жасау мүмкіндігін ұсынды. 

 

Стильді әрі пайдалы Herbalife Nutrition аспаздық кітабын қарсы алыңыздар! Бұл басылым тағамдану стиліңізді өзгертіп қана қоймайды, сонымен қатар теңгерімді әрі пайдалы тамақтанудың алғышарты болары сөзсіз. Мұнда маусымдық үй тағамдарымен қатар бас аспаздар ұсынған ғажайып мәзірлер жинақталған. Авторлық ньоккии моти, сациви, заманауи дайындалатын вареники, оладьи, тіпті ерекше әзірленетін борщ – бұл тек мәзірлердің бір бөлігі ғана. Жалпы ондағы тағамдар туралы кәсіби бас аспаз әрі сарапшы Юрий Кавриженко былай дейді:

“Жаңа ас мәзірлерін жыл он екі ай дайындау үшін біз кітапты 4 маусымға бөлдік. Мәселен, жазда – жеңіл, салқын, сергітер тағамдар; қыста – тойымды, нәрлі әрі иісі мұрын жаратын мәзірлерді таба аласыздар. Осылайша еш қиналмастан маусымдық көкөністерден мейрамханадағыдай тағамды өзіңіз-ақ әзірлеуге болады”.

Айтулы жиын барысында шеф-аспаз Талғат Ақбергенов және фуд-фотограф Полина Льдокова өзідерінің аспаздық құпияларымен бөлісіп, қатысушыларды асты тәбет шақыратындай әсемдеуді үйретті. Ал, Herbalife Nutrition  компаниясының тамақтану бойынша сарапшысы Алмагүл Ережекенова дұрыс тамақтану туралы айта келіп, қатысушыларды мазалаған сұрақтарға жауап берді.

Herbalife Nutrition  ұсынған стильді әрі пайдалы аспаздық кітап тағам эстетикасын көрсете келе, тамаққа деген сыйластық көзқарасты қалыптастыратыны анық. Себебі мейрамханада ғана емес, үйде әзірленген тағамдар да сұлулыққа, эстетикаға толы болса, адамның тәбеті қозып, асқазан-ішек жолдары дұрыс жұмыс істеп, қажетті ферменттер барынша бөлінеді. Айта өтетін жайт, тамақты пісіру немесе қайнату барысында тағамдар өзінің құнарлылығын жоғалтады. Сол себепті жоғалтқан құнарлылықты байытылған қосымша тағамдармен толықтыру қажет. Қандай қоспа қоспасаңыз да, басты ережені сақтаған жөн. Ол – ақуыздар, майлар мен көмірсулар теңгерімін сақтау. Мұның барлығы ақзаға ең қажетті өнімдер. Бұл жерде ақуыздың маңызды рөлін атап айтқан жөн. Ақуызға қанған ағза ешқашан артық тағам сұрамайды әрі тәттіге әуес болмайды. Сәйкесінше, артық салмаққа да жол жоқ.

Herbalife Nutrition өнімдері негізінде жасалған теңгерімді мәзірлер – бүгінгі таңда таптырмас шешім. “Бүгін не дайындаймын?” немесе “Қалай пайдалы тамақтануға болады?” деген сұрақпен бас қатырмайсыз. Қолыңызда Herbalife Nutrition өнімдері мен “4 сезона” мәзірлік кітабы болса болғаны.