Саулық үшін

Теңгерімді тамақтанудың әліппесі: не білуіміз керек?

      Адам психологиясы қызық. Дұрыс тамақтану жайлы ойлаған кезде ең бірінші есімізге суға қайнап піскен тауық еті мен қарақұмық, айран елестейтіні бар. Не үшін дәл осы тағамдарды бірінші ойлаймыз? Арықтағысы келетіндердің дені не себепті тауық пен қарақұмықты тұтынады?

Сұраққа жауап беру оңай. Мұндай қатаң тәртіпке негізделген мәзірді тек спортшылар жарысқа барар алдында тұтынады. Олар өз формаларына келу керек. Ал, мұндай диета кәсіби спортпен шұғылданбайтын сіз бен бізге қажет емес. Қанша дегенмен, темірдей қатты тәртіпке біздің ағзамыз да, психологиямыз да дайын емес дейді білетіндер. Нақтырақ айтар болсақ, білетіндер деп отырғанымыз Herbalife Nutrition компаниясының фитнес-эскперті – Александр Аралбаев. Ол аталмыш компания ұйымдастырған аспаздық шеберлік сыныбында тамақтануға қатысты өте пайдалы ақпараттармен бөлісті. Осы жолы сіздерге маманның айтқан кеңестерінің маңызды дегендерін ұсынбақпыз.

    

  Александр дұрыс тамақтануға қатысты халық арасында кең тараған бос әңгімелер мен қателерге тоқталды. Мысалы, шеберлік сыныбына келген түрлі саланың өкілдері ағзаға майдың қажет екенін, арықтау үшін кешкі сағат алтыдан кейін тамақ жеу қалыпты екенін біліп, таңғалып жатты. Әр адам өзінің өмір салтына қарай тамақтану керек және ол өте маңызды. Фитнес-сарапшының айтуынша, ас пайдалы ғана емес, сонымен қатар, алуан түрлі болуы керек. Теңгерімді тамақтану – финтес-сарапшы айтқан мәселенің шешімі. Ол тез арада мүсінді қалыпқа келтіре отырып, көңілді әрі деніңіздің сау болуына көмектеседі.

 

 

Herbalife Nutrition компаниясының өкілдері адамның табысты болуы жеген тамағына тікелей байланысты деген қағиданы ұстанады. Сондықтан, олар шеберлік сыныбына Роман Дубницкий атты бас аспазды шақырыпты. Бас аспаз келушілерге түрік пиццасы, саңырауқұлақтан крем-сорпа және десерт дайындауды көрсетті. Грек жаңғағы қосылған шоколадты трюфели шеберлік сыныбының шарықтау шегі болды. Иә, мүсініңізге зиянын тигізбейтіндей десерт дайындау аса қиын емес! Соңыра қатысушылар әзірленген тағамнан дәм татып, көңілді кеш одан әрі қыза түсті.

 

 

 

Егер сіз тамақ пісіргенді ұнататын болсаңыз, онда тәжірибе жинаудан бас тартпаңыз! Сонда ғана жаңа, пайдалы әрі жеңіл рецептерді өзіңіз ойлап табатындай деңгейге жетесіз. Herbalife Nutrition ұсынған «Теңгерімді тамақтану әліппесі» сіздің ас үйіңіздегі бас аспаздың сенімді көмекшісі болатыны анық.

      Ас әзірлеу де өнер. Сондықтан, оны бір шығармашылық әлемі деп қарап, тың дүниелерді өмірге алып келуден, жақындарыңызды қуантудан жалықпаңыз дегіміз келеді. Күн өте келе өзіңіздің дұрыс тамақтану бойынша шеберге айналып бара жатқаныңызды сезінетін боласыз. Ал бұл – өте керемет сезім. Себебі, өзіңізге және айналаңызға пайдалы дүние жасап жүргеніңізді сезіну сізге жақсы көңіл-күй сыйлайды. Herbalife Nutrition бізге азық-түліктердің жаңа қырын ашып беруден жалықпайды. Сіз де оны пайдаланып қалуға тырысыңыз!