ДенсаулықДиета және фитнес

Теңгерімді түскі ас ережелері

Әдетте біз Herbalife Nutrition компаниясының тамақтану бойынша сарапшысы Алмагүл Ержекенова ұсыныстарынан өзіміз үшін тың, қызықты, ең бастысы, пайдалы ақпаратпен танысып жатамыз. Бүгін түскі ас мәселесін, күн ортасында қалай және қайда тамақтану керектігін, нені және қанша мөлшерде тұтыну қажет екенін әңгімелейміз.

 

Түскі асты өткізіп алу неге әкеп соғады?

Күніңіздің қалай өтетіні таңға асқа тікелей байланысты. Дәл сол секілді түскі ас та кешкілік және түнгі уақытыңызға әсер ете алады. Мәселен:

Егер сіз түскі ас ішпеген болсаңыз, кешке қарай тәбетіңіз екі еселеніп, артық тамақ тұтынатыныңыз сөзсіз.

Ал тоқ қарынға ұйықтау өз кезегінде ұйқыны бұзады.

Ағза күн ішінде алынған ақпаратты қорытып, басты “тазартудың” орнына қуатты асқазанды босатуға жұмсайды. Түнгі уақытта жеген тамақтан алынған қуат сақталып тұрады, өйткені, дәл қазір ағзаға оның қажеті жоқ. Екінші нұсқа бойынша, егер сіз түскі ас кезінде артық тамақтанатын болсаңыз, мәселен, өте майлы, фаст-фуд немесе басқа ауыр тағамдарды жесеңіз, кешкі асты дер кезінде, яғни ұйқыдан 4 сағат бұрын, жегіңіз келмейді. Осылайша, сіз түнде тамақтанып, қайтадан тоқ қарынмен ұйқыға жатасыз.

Түскі астың негізгі міндеті – ағзаны макро және микроэлементтердің қажетті мөлшерімен қамтамасыз ету. Түскі асқа крем-сорпа ішесіз бе, котлет пен күріш не көкөніс салатын, қырыққабат орамы мен борщ ішесіз бе, бәрібір.  Ең бастысы – тепе-теңдікті есте сақтау.

Ақуыз, яғни, тамақтағы ет көлемі алақан шамасындай болуы керек.

Өсімдік және жануар майлары бас бармақтың мөлшеріндей болса, жеткiлікті.

Сондай-ақ жұдырық шамасындай жарма өнімдерін және көкөністерді тұтыну қажет. Табиғат ешқашан қателеспейді. Сіздің асқазаныңыз жұдырығыңыздың көлемімен бірдей.

Адамдардың ең жиі жіберетін қателіктері қандай?

Әдетте адамдар қарны шұрылдағанша компьютер алдында жұмыс істеп отыра береді. Тек аштық сезімі мазалаған кезде ғана орнынан тұрып, жақын маңайдағы дәмханаға жүгіреді. Олай болмаған жағдайда гамбургер, бәліш сатып ала салады. Ал, қашықтықтан жұмыс істейтін жандар тоңазытқыштан тіске басар тауып, асқазанын толтырады немесе лезде әзірленетін тұшпара дайындап іше салады. Кейіннен өзін жайсыз сезініп, қайта жұмысына оралады. Алайда сол сәтте жұмысқа деген ынта лезде жоғалып, адам тек ұйқыны аңсайды. Бұл уақытта ағза артық тағамды сіңіруге тырысады, қан асқазанға белсенді түрде көтеріледі, ал ми барлық белсенді әрекеттерді азайтуға бұйрық береді және бар күшін тамақты қорытуға жұмсайды.

Әлбетте мұның алдын алу үшін түскі ас жайлы уақытынан бұрын ойлану керек. Ол үшін азық-түлік сатып алып, құрамында ақуыз, майлар мен көмірсулар жеткілікті мөлшерде болатын пайдалы, дәруменге бай, теңдестірілген тағамдар дайындаған жөн. Көмірсулар жылдам (ақ нан, макарон, ұнтақталған жарма) және баяу (дәнді дақылдар, көкөністер) болып бөлінеді. Егер тәрелкеңіздің жартысын дәнді дақылдар мен көкөністер алса, тіпті жақсы.

Себебі жылдам көмірсулар қандағы қанттың күрт өсуіне әкеп соғады, содан кейін әлсіздік пен аштық сезімі пайда болады. Ал баяу көмірсулар керісінше нәтиже береді.

Мұндай келеңсіз жағдайдың алдын алу үшін тек Herbalife Nutrition Формула 1 тауық крем-сорпасын сатып алсаңыз, жеткілікті. Бұл – әзірленуіне небәрі 2 минут кететін толық, теңдестірілген түскі ас. Коктейльді су қосып дайындаңыз, сонда сізде дәмді әрі калориясы аз (90 ккал) сорпа пайда болады. Айта кету керек, крем-сорпаның калориясы дәстүрлі сорпалардан екі есе аз, ал дәрумендер мен ақуыздардың құрамы анағұрлым көп.

Протеиндердің арқасында тоқтық сезімі ұзақ уақыт бойы сақталады. Ақуыздар ыдырап, баяу сіңеді, осылайша ағзаны біразға дейін қуаттандырады, ал аштық сезімі кешкі асқа дейін болмайды.  23 дәрумен мен минералдан тұратын кешен ағзаны қажеттінің бәрімен толықтырады. Сорпаны кеңсеге немесе спортзалға алып баруға да болады. Бір ерекшелігі, сорпаның құрамындағы ингредиенттердің сапасы жоғары. Протеинді коктейль көптеген ғылыми зерттеулер негізінде жасалған, теңдестірілген және барлық қажетті тәуелсіз сертификаттаудан өткен.

Herbalife Nutrition компаниясының тауық етінен жасалған крем-сорпасы – бұл дұрыс тамақтануға тырысатын кез келген адам үшін тамаша таңдау.

Сорпа қалай әзірленуі керек?

Теңгерімді және пайдалы түскі ас ішудің тағы бір тәсілі – тағамдарды өз бетінше дайындау. Егер сіз сорпаны жақсы көретін болсаңыз, онда бірнеше ережені ескеруіңіз қажет. Сорпаны етпен емес, сүйек пен көкөністермен жасау керек. Егер тек қана еттің өзін кастрөлге салып ассаңыз, сорпаның бетіне асқазан-ішек жолын тітіркендіретін пурин негіздері, аминқышқылдар мен экстрагенттер шығады. Сорпаға арналған етті бөлек пісіру қажет. Көкөніс сорпасын сәбіз, қызылша, ақжелкеннің тамыры мен балдыркөктен жасаған жөн. Ең бастысы, көкөністерді шамадан тыс пісіріп алмаңыз. Кішкене жұмсарса, пешті өшіріңіз, әйтпесе, нәтижесінде жылдам көмірсулардан тұратын пайдасыз ботқа шығуы мүмкін.

Саңырауқұлақ, жасымық, асқабақтан әзірленген крем-сорпаларға назар аударуға кеңес береміз. Әдетте, олардың құрамында көкөністер көп. Оған қоса, езбе тәрізді консистенция жақсы сіңіріледі. Майлардың өзі де тезірек ыдырайды. Ағза барлық қажетті элементтерді алады.

Күн сайын түскі асты шамамен бір уақытта ішкен маңызды. Осылайша, ағза алдын-ала ас қорытуға дайындалады. Түскі аста дәстүрлі тағамдарды тұтынуға кем дегенде 30 минут жұмсаңыз. Тамақты мұқият шайнаңыз – бұл бас қорытуға да жақсы әсер етеді.

Дәстүрлі және функционалды өнімдердің айырмашылығы неде?

Десе де, дәстүрлі өнімдерден дайындалған сорпалардың бір маңызды кемшілігі бар екенін есте ұстаған жөн – олардың құрамында ақуыз аз болады. Сондықтан Herbalife Nutrition әдеттегі тағамды күніне кемінде бір рет функционалдық өнімдермен алмастыруға кеңес береді. Формула 1 протеинді коктейлі таңғы ас үшін өте қолайлы. Түскі асқа Формула 1 тауық етінен жасалған крем-сорпасын ала аласыз. Ал кешкі асқа Herbalife Nutrition Формула 1 Кешкі протеинді коктейлін ішуге болады. Бұл өнімдер сіздің уақытыңызды үнемдейді және көп нәрсеге қол жеткізу үшін күшіңізді арттырады!