Cән мен сұлулықБет күтімі

Тері тесігін кішірейтудің 10 тәсілі

Бет терісіндегі тесіктер майлы және аралас тері иелеріне тән дүние. Ол ерлерде де, әйелдерде де кездеседі. Беттегі май безі өту жолының кеңейген кезінде, көбіне жасөспірім шақта пайда болады. Нәтижесінде бетте апельсин қабығындағыдай тесіктер пайда болып, қыз-келіншектерге жайсыздық тудырады.

Терідегі тесіктердің көлемі генетикалық түрде анықталады. Сондықтан оларды айтарлықтай кішірейту мүмкін емес. Алайда, тері тесіктерін жасыруға болады. Оған қоса, бұл әдістер терінің күйін жақсартуға көмектеседі.

Бет терісінің тесіктерін қалай кішірейтіп көрсетуге болады?

Тек жуыну

Ұсақ тесіктер кеңейіп кеткен болса, теріні күніне екі рет тазалау өте маңызды. Май бездерінің белсенділігі мәселені одан сайын қиындатуы мүмкін. Сондықтан таңертең және кешке бетті тазартқыш құралдармен жуып отыру керек. Ал, жуғыш құралды таңдағанда құрамына мән беріңіз, олар мейлінше табиғи қоспалардан болғаны дұрыс.

Макияж щеткасын жуу

Иә, щеткаларды күн сайын жуып отыру аса жағымды емес. Алайда қылқалам жууды күнделікті әдетке айналдырған дұрыс. Боянып болдыңыз ба? Щетканы дереу жуып қойыңыз. Солай ету арқылы сіз тері тесіктерін бактериялардан қорғай аласыз. Сондай-ақ, қабыну және басқа да факторлардың әсерінен болатын қара нүктелі безеулердің алдын аласыз.

Праймер қолдану

Үй жағдайында бет тесіктерін қалай кішірейтеміз? Ол үшін үйде мынадай тәжірибе жасап көруге болады: апельсиннің бір жақ бетіне тығыз, күліңгірлеу праймерді, одан кейін бояуды жағыңыз. Ал, келесі бетіне жай ғана бояды қолданыңыз. Енді екі жағындағы айырмашылықты байқаңыз. Яғни, праймер тегістеуші құрал ретінде қолданылып, кеңіген шұңқырларды толтырады. Сондықтан бетке әуелі праймерді жағып, содан соң, бояумен немесе опамен бетті тегістеп жіберген абзал.

Ылғалдандырғыш кремді жиі қолдану

Тері тесігінің кеңеюі көбінесе жағымсыз күңгірт шеңберлердің пайда болуына әкеледі. Бездер көп мөлшерде қан сарысуын бөледі. Егер кремді өте аз қолдансаңыз, тері сусызданады да, өздігінен су өндіре алмайды. Су өндіре алмағандықтан, теріден майлар бөлініп, бет жылтырай береді. Жиі ылғалдандырып тұрсаңыз, тері тесіктері де азая түседі.

Бетті күннен қорғау

Күн сәулесі де теріні құрғатып, майдың бөлінуін арттырады. Бұл жерде тері тесіктерін кішіретуге көмектесетін ең ұтымды шешім – құрамында күннен қорғайтын SPF бар тональды құралдар қолдану.

Girl inflicting cream

Пилинг жасау

Бет терісін аптасына бір рет жақсылап тазартып отырыңыз. Пилинг өлі жасушаларды жойып, өңді жаңартады және бет тесіктерінің бітелуіне жол бермейді. Ол үшін қышқылға негізделген өнімді таңдаған жақсы.

Ретинолы бар крем қолдану (А дәрумені)

Бұл қоспа терінің жоғарғы торлы қабатының жаңаруын тездетеді. Соның арқасында теріде май аз бөлініп, бет балғын түске еніп, тесіктер де кішірейе түседі. Бірақ есіңізде болсын, ретинолды кремдерді тек түнде ғана қолдану керек. Себебі ретинол күн сәулесі түскен кезде тері сезімталдығын арттырады.

Булау әдісін жасау

Үйде суды қайнатып, оған бірнеше тамшы раушан, лаванда, базилик немесе гүлшетен гүлдерінің эфир майларын қосыңыз. Егер теріңіз күрделі болса, шай ағашының майын қолдануға кеңес береміз. Басты сүлгімен жауып, бетіңізді буға тосып отырыңыз. Бұл – теріні ылғалдандырып, тесіктерді жасырудың ең табиғи жолы. Аталған әдістен кейін скраб немесе пилинг қолданған жөн.

Мұзбен сүрту

Булау әдісінен кейін теріні мұз шаршылармен сүртіп шығуға болады. Мұндай аралас температура бетті сергітіп, тері шұңқырларын тарылтады.

Сүтті аз ішу

Сүт өнімдерінің құрамында май болатындықтан, олар да безеудің шығуына себеп бола алады. Сондықтан да оларды тұтынуда шектен шықпаған дұрыс.

Өзге де сұлулық құпияларын сайтымыздың сұлулық бөлімінен оқи жүріңіз.