Бала тәрбиесіОтбасы

ТЕСТ: Сіздер қандай ата-анасыздар?

Әлбетте, сіздердің қандай ата-ана екендеріңізді өздеріңізден артық ешкім білмейді. Дегенмен, тест нәтижесі ойландырмай қоймасы анық. Бұл тестті жұбайыңыз екеуіңіз бірлесе отырып жасауға кеңес береміз.

Перзентіңізбен қарым-қатынас кезінде мына сөйлемдердің ішінен қайсысын жиі қолданасыз?

  • Саған қанша рет қайталауым керек? (2 ұпай)
  • Маған ақылыңды айтшы.  (1 ұпай)
  • Мен өзіңсіз не істер едім?  (1 ұпай)
  • Кімге тартқансың өзің?  (2 ұпай)
  • Сенің достарың қандай жақсы балалар?!  (1 ұпай)
  • Кімге ұқсап туғансың?  (2 ұпай)
  • Мен сенің жасымда…  (2 ұпай)
  • Сен менің тірегімсің, көмекшімсің. (1 ұпай)
  • Сенің достарың қандай-қандай балалар өзі? (2 ұпай)
  • Сен осы не ойлап жүрсің? (2 ұпай)
  • Сен менің ақылшымсың.  (1 ұпай)
  • Балаларым,сендер қалай ойлайсыңдар? (1 ұпай)
  • Жұрттың баласы…  (2 ұпай)
  • Осыны ойлап тапқан басыңнан айналдым! (1 ұпай)

 

Енді жалпы ұпайды санап, жауапты табыңыз.

7–8  ұпай – Балаңыз екеуіңіз бір-біріңізді тілсіз түсінесіздер. Ол әдепті әрі сізді сыйлайды. Сіздердің ара қатынастарыңыз тұлғаның толық қалыптасуына мүмкіндік береді.

9–10 ұпай – Қарым-қатынастарыңыз бірізді емес. Иә, балаңыз сізді сыйлайды. Бірақ үнемі ағынан жарылып, сырын ақтара бермейді. Оның өсіп-жетілуіне кездейсоқ жағдайлар әсер етіп, соның ықпалында кетіп қалуы мүмкін. Сәбиіңізбен барынша ашық сөйлесіңіз.

11–14  ұпай – Бауыр етіңізбен қарым-қатынасыңызды өзгертіңіз. Балаңызға сенім артпайсыз, басына іс түскенде қолдамайсыз. Бұл араларыңыздың сууына, алшақтауына, ұрыс-керістің пайда болуына алып келеді. Осылайша тұлғаның қалыптасу жолында үлкен кедергі пайда болмақ.