Жан әлеміӨзіңді дамыт

Тета-хилинг: ол қалай жұмыс істейді?

Жанар Нүкетаева - психология саласында жоғары жетістіктерге жеткен маман. Тета-хилинг саласына өзінің денсаулығындағы ақаулардың себебінен келген. Ал, бүгінде өзі көптеген адамдарға жол көрсетіп, түрлі қорқыныштарынан арылуға көмектесіп жүр. Тета-хилингтің негізін салушы Вианна Стайблдың авторлық курсына қатысқан. Қазір консультация беріп қана қоймай, адамдарға айтулы ілімнің  техникасын үйретіп жүрген кәсіби тета-хиллер.

Тета-хилинг қандай әдіс?

Тета-хилинг бұл белгілі бір медитативті күйге еніп, сол арқылы эмоционалды, рухани және физикалық деңгейде тазаруға мүмкіндік беретін ерекше әдіс. Оған денсаулығында ақауы бар адамдар немесе өздерінен жайсыз сезінетіндер жүгініп, жақсы  қалыпқа келе алады.

Тета-хилингке адамдар қандай да бір проблемамен күресу үшін келеді. Мысалы көпшілігі денсаулығындағы кінәраттар, отбасындағы түсініспеушілік, жұмысындағы кедергілер, бойындағы блоктарды жою мақсатынды жұмыс істейді. Тета-хилингтің басты мақсаты – адам күйін позитивке алып келу, яғни адам бойындағы қуаныш пен махаббат сезімдерін көбейту. Ал, сезімге бай адам өзін де, өзгелерді де бақытты ете алады. Әдетте адамдар өзіндегі қиындықтарды көз тиді, біреу магия жасады немесе сондай түрлі дүниелерден себеп іздеп жатады. Бірақ қандай жағдайда болса да өзіне өзі көмектесе алатындығын көпшілігі біле бермейді.

Тета-хилингтің пайдасы қандай?

Тета-хилингпен айналысатын тұста адам ең бірінші Құдайға шүбәсіз сенуі, өзінің проблемасының шешімін тетахилер арқылы таба алатынын түсінуі керек. Бұл оның сауығуына тез көмектеседі. Сонымен қатар, тета қалыпқа енудің біз үшін пайдасы мол. Тұрақты түрде тета-толқынды сезініп, медитация жасайтын болсаңыз мынадай нәтижелерге қол жеткізе аласыз:  

Дене мен жанның сауығуы:

Физикалық және психологиялық аурудан айығу процесі жылдамдайды. Тыныштықтан рахат алып, ашушаңдық пен алаңдаудан, күйзелістен арылады. Күйзеліс ағзадан денеге теріс әсер ететін гармондарды бөлетіні белгілі, осы әдіс оның түзелуіне әсер етеді.

Миды жаттықтырады: Интуицияның дамуына әсер ететін бұл әдіс арқылы адам өзінің қалауын түсіне алады. Бұл өмірдегі түрлі шешімдерде қателеспеуге мүмкіндік береді.

Өзгеруге жол ашады: Өз қалауын анықтау арқылы адам бойындағы жағымсыз қасиеттері мен әдеттерін жоя алады. Өзінің бейсанасын тазалап, жаңа қалыпқа енеді.

Қорқыныштан құтқарады: Тета әдісі адам бойындағы барлық фобиялармен күреседі. Нәтижесінде адам өзіне сенімді, жұрт көзінен қорықпайтын, өз ойларын нақты жеткізе алатын болады. Мұндай қасиет адамның жеке өмірі мен мансабында жетістікке жетелейтіні белгілі.

Тета-хилинг сеансы қалай өтеді?

Алғашында бұл сеанстың түсініксіз болуы заңды. Бірақ, бірінші рет келген адам өзінің не сұрағысы келетінін білсе болғаны. Барынша ойды тыныштандырып, түйсікке жол ашуға мүмкіндік берген жөн. Одан кейін екеуара келісім бойынша жұмыс басталады. Тета-хиллер маман медитацияны бастап, визуализация және ойдың көмегімен Жаратушыға жақындайды. Осы кезде жоғары чакраның көмегімен мидың тета-толқынына жетеді. Оған жеткен кезде сабырлы, жақсы кейіпте келген адамның проблемалары мен сұрақтарын тыңдай бастайсың. Оның қолынан ұстап, Жартушыдан шешімін сұрайсың, сонда адамның қандай проблемасы барын, оны қалай шешуге болатынын түсінесің. Бірақ бұл тұста келген адам өз мәселесін ашық айтуы маңызды. Бұны ешқандай секта немесе ұйым деуге келмейді, тек адамның өзін таңдауға, тануға жол ашатын қарапайым әдіс. Психологтан айырмасы – олар қалыпты жағдайда сұрақтар қойып, мәселені шешкісі келеді. Ал, тета-хиллер мадитация жасай отырып, кейіпкерін ашады.

Тета-хилинг құралдары:

Адамдағы кез келген проблеманы базалық, генетикалық, тарихи және рухани деп төрт түрге бөліп қарастыра аламыз. Олармен жұмыс істеп жатқан кезде осы төрт бағытты да игеру керек. Мамандар мұның бірнеше техникасы мен құралдарын ұсынады. Олар арқылы адамдар жақсы нәтижеге жете алады.

«Қазба» бұл жойқын сенімдерді іздейтін әдіс. Орташа мәселелерді анықтап, мәселенің түп-тамыры бар деңгейін анықтайды.

«Сенімге алмастыру» – емделуші қолданатын тағы бір құрал. Бұл адамға өз сенімсіздігін позитивті күйге алмастыруына күш береді.

«Сезімдерді жүктеу». Негізінде тэта-хиллер маман өзіне келген адамға бақыт сезіміне жету үшін қажет сезімдерді үйретеді. «Жүктеу» физикалық деңгейде ғана емес, нейрондық және жасушалық деңгейде де жүреді.

 

Жанар Нүкетаева

психолог, тета-хилинг маманы