Ақ босағаОтбасы

Ылғалмен мұнтаздай тазалау

Үйді айнадай етіп жуып шыққан әрбір қыз-келіншек «сақтау» деген батырмамен тазалықты мәңгіге сақтап қойғысы келеді-ақ. Алайда, бұл мүмкін емес. Есесіне үйді тез шаң басып қалмайтындай ұзақ уақыт таза ұстауға мүмкіндік бар. Қыз-келіншектерге үйдегі шаң-тозаңнан арылып, ауаны тазартуға қатысты тиімді кеңестер ұсынамыз.

Әуелі шаң жинайтын заттарды тізіп, олардан құтылуды ойластырайық:

  • Еден төсеніштері өзіне өте көп шаң жинайды. Бұлардың мейлінше түксіз түрлерін таңдаған дұрыс. Кілемдер қаншалықты түкті болса, шаң жинауға сонша бейім келеді.
  • Кітап, ыдыс, мүсіндер және т.б. заттар қойылған ашық сөрелер тез шаң басады. Кітаптарды ашық сөреде сақтау зиянды жәндіктердің пайда болуына бірден бір себеп болады. Сондықтан ашық сөрелерді шыны есігі бар шкафқа алмастырған жөн.
  • Матадан болған заттар – шаң-тозаңның көзі. Әсіресе, түгі бар: бархыттан тігілген перделер, мамық жамылғы, декоротивті жастықтар көптеген шаңды өзіне жинап алады. Оларды қанша жусақ та шаңы қайта пайда болады. Сондықтан олардың беті тегіс түрлерін таңдап, ең қажеттісін қалдырған абзал. Жұмсақ ойыншықтармен үйді безендіріп қоюдан да аулақ болыңыз. Дұрысы – оларды бала ойнап болған соң, қалталарға жинап қою.
  • Әр жерде ілініп тұрған киім-кешек, үстел үстіндегі газет-журналдар да шаң жинайды. Бұл аяқ киімдерге де қатысты. Сол үшін әр затты өз орнына қойып, барынша жабық шкафта сақтаған жақсы.

Үйді шаңнан таза ұстау ережелері:

  • Үйді ылғалмен жиі тазарту. Еденді жиі жуып тұрсаңыз, шаң аса таралмайды. Жиһаз беттерін сүртуге арналған әртүрлі құралдар бар. Оларды таңдағанда жиһазға нұқсан келмес үшін нұсқаулығына назар салыңыз. Сөрелерді сүртіп шыққанда теледидар, компьютердің мониторы көп шаң жинайтынын ескеріңіз.
  • Шаң жиналуы мүмкін әрбір қуысты, заттар, құралдарды көзден таса қалдырмау. Үйдің төбесі, аспалы шамдар, еден ернеулігі, жылыту батареялары, бөлмеаралық есіктер көп жағдайда ұмыт қалады. Олар тазаланбаған жағдайда шаң қайта бөлініп шыға береді.
  • Одан сайын бұрқыратпау. Сыпыртқы шаңның бәрін ауаға көтереді. Оның орнына шаңсорғыш қолданған жөн.
  • Шашты ваннада тарап, сәндеуді әдетке айналдыру. Шашты тараған бойдан оның қалдықтарын дереу жинап алып отырсаңыз, екі еселенген жұмыс жасамайсыз.

  • Шаңды кішкене сыпыртқымен алмау. Киноларда жиі көрсететін түрлі түсті бұл құрал шын мәнінде шаңды алмайды. Ол бар болғаны шаңды пәтер ішіне таратады. Шаңнан тазартады дейтін құралдар өте көп-ақ, алайда шаңтартқыш әсері бар шүберектер ең тиімді нұсқа болмақ.

  • Шаңды жоғарыдан төмен қарай сүрткен дұрыс. Егер керісінше болған жағдайда сүртілген шаң жиһаздың бетіне қайта келіп қонады.
  • Электрлі щеткалар туралы пікірлер аса жақсы емес. Онымен барлық жерді тазалай алмайсыз. Оны қолданғанда тоқ ұзартқышы әрдайым қасыңызды алып жүруге тура келеді. Бөлшектерінің тез істен шығу қаупі де бар.

Шаңнан ұзақ уақытқа арылтатын кеңестер: 

  • Жиһаздардың сырты шаң жинамайтын маталардан болсын;
  • Антистатикалық әсері бар тұрмыстық химия құралдарды пайдалану;
  • Терезеге орнатылатын маскит торы шыбын-шіркейден ғана қорғап қоймай, сырттағы шаң-тозаңды ұстап қалады. Соның ішінде наноталшықтан жасалған мембрана тиімдірек. Бұл көшедегі ластағыш заттардан толығымен қорғайды.
  • Хлорофитум бөлме гүлінің – ауаны әртүрлі ластағыштардан жақсы тазартатыны дәлелденген. Бұл гүлдің жапырақтары неғұрлым көп болса, бөлмедегі ауаны соғұрлым жақсы тазалайды.
  • Сондай-ақ, ылғалды фильтрі бар шаңсорғыш ластанған беттер мен ауаны басқаларына қарағанда әлдеқайда жақсы тазалайды. Қазіргі таңда мұндай құралдардың бірнеше түрі бар. Оларды сатып алатын кезде ең бірінші қызметімен танысқан жөн. Осы тұста үй шаруасындағы көптеген қыз-келіншектер Thomas шаңсорғышын ерекше атап көрсетеді. Бұл марка 2018-2019 жылы сарапшылар мен тұтынушылар арасында аквафильтрлі шаңсорғыштардың ішінде ең жоғарғы бағаға ие болды. Шаңсорғыш әсіресе, аллергияға бейім жандар үшін өте қолайлы. Тұрақты тұтынушылары оның артықшылықтарын атап көрсетуден де жалықпайды. Шаңсорғыш негізінен мынадай жұмыс режимінен тұрады:
  • Құрғақ тазалау – беттерді сүзгілер жиынтығымен тазалау (аква-фильтр жүйесі, қосымша тазалу фильтрі және маторды қорғайтын сүзгілер). Бұл шаңсорғыштың жиі пайдаланылатын режимі.
  • Беттерді ылғалды тазалау – «құрғақ» тазалаумен кете қоймайтын шырын, кофе және т.б. дақтарды тазартуға арналған. Бұл су шашатын саптама арқылы іске асады. Яғни, алдымен су шашып, артынша кірді сорып алып отырады. Суға тазартқыш сұйықтықтар қосуға болады. Ол үшін ең алыдмен кез келген бетті құрғақ жүйемен тазартып алу керек.
  • Сұйықтықты сорып алу жүйесі – кенет төгіліп қалған сұйық заттардан тазартуға көмектеседі. Тұтынушылар мұның шаңсорғыштың ең керемет тұсы екенін айтады. Ол төгілген сұйықты түгел сорып алып, бірде-бір тамшы қалдырмайды. Басқа шаңсорғыштар сияқты жағымсыз иіс шығармайды.

Мұнда әртүрлі аймақтарды тазалауға арналған басқаларда кездесе бермейтін бірнеше саптама бар. Thomas шаңсорғыштарымен кафель, мата-жабдықтар, кілем, жұмсақ жиһаздарды тазалауға болады. Сондай-ақ, көп күш пен уақытты қажет ететін жөндеу және құрылыс жұмыстарынан соң тазалауға да таптырмас көмекші. Кілем, алашаның бетіндегі қоқымын алып қана қоймай, ылғылды жүйесі арқылы кір және дақтарды жуып кетіреді. Ішіндегі қоқысқа арналған ыдысын жуып, тазалап отыруға болады. Ал шаңсорғыштың қоқыс салғышы матадан жасалған түрлері шаңды қайта тудырады. Сондықтан шаңсорғыш таңдағанда ылғалды сүзгісі бар түрін таңдауға кеңес береміз. Бұл уақытты үнемдеумен қатар үйдің ұзақ уақыт таза болып тұруына көмектеседі.

 

Осы айтылған ережелер мен кеңестерді ұстансаңыз, жарқараған әрі ауасы таза үйде терең тыныс ала аларыңыз сөзсіз.