тілек
Жан әлеміӨзіңді дамыт

Тілек пен арман орындалады! Эзотерика – тілектің іске асуының 10 құпиясы

Қазіргі таңда адамдарды тілек пен арманның орындалуы алаңдатады. Кейбіреулер арманын жүйелеп, нақтылау үшін арнайы карта жасайды. Бұл психологияда «армандар картасы» деп аталады. Дейтұрғанмен, адам алдымен өз арманының орындалатынына сенуі керек.

Жаратушының шеберлігі шексіз екенін ұмытпай, қиялымызға қанат бітіріп, армандаудан қорықпайық. Әрбір армантілек орындалады. Тек оның құпиясын білсеңіз болғаны.

 

Тілек тілеудің 10 құпиясы

1. Тілек: Қысқа тұжырымдаңыз

Тілек неғұрлым ұзақ болса, орындалуы да соғұрлым қиын. Сондықтан Ғалам үшін «Мен Теңіз патшайымы болуды қалаймын, ал алтын балық маған қызмет етсін» дегендей тілектердің ешқандай тәжірибелік маңызы жоқ. Не патшайым, не балық! Нақты әрі қысқа тұжырымдап тілеңіз, әйтпесе астау сынудың кебін киесіз.

2.Тілекті жеткілікті сұраңыз

Ғалам – билік емес, онда «көп сұрасаңыз – аз аласыз» формуласы жүрмейді. Сіз өмірлік арманыңызды емес, жай ғана тілегіңізді тұжырымдайсыз. Сондықтан сізге нақты не керек екенін ойланыңыз: жүріп-тұруға қажет көлік немесе басқалардың алдында мақтанатын феррари ма?

3.Тілек тілеуге қарапайымдылық керек емес

Қарапайымдылық болашақ жарынның туысқандарымен танысқан уақытта керек. Егер сізге миллион қажет болса, жалақыға дейін мыңдап сұрамаңыз, қатарынан жүз рет қайталасаңыз да, ол көмектеспейді.

4.Өзгелердің тілеуін тілемей, өзіңізді ойлаңыз

Әлемде мынадай қарапайымдылық бар: әркім өзі үшін, тек Ғалам бәрі үшін. Мұндай жағдайларда өзіндік пікірі қалыптасқан басқа адамдардың таңдау құқығын бұзу қаупі туындайды. Сондықтан өзгелер үшін тілек тілемес бұрын жақсылап ойланыңыз.

5.Тілек тілегенде «Міндетті» сөзін ұмытыңыз

Әсіресе, өмірлік серігіңізді тілеген жағдайда «міндетті» сөзін ұмытыңыз. Есіңізде болсын: ешкім ешкімге міндетті емес, бірақ көп адамдар өздігінен айналасындағыларға жақсылық жасап жатады. Ғалам да солай.

6.Мәміле жасауға тырыспаңыз

Ғаламмен келісім шартқа отыра алмайсыз. Бұл ең жиі кездесетін қателік. Себебі Ғаламға сіз ұсынатын дүниелердің ешқайсысы да керек емес.

7.Тілектің өз бағасы бар

Себебі сіз өзіңіз үшін бағалысыз, ал әлем үшін құндылығыңызды өз бетіңізше анықтауыңызға тура келеді.

8.Табыс сценарийін жазбаңыз

Бұл да жиі кездесетін қателік. Ғаламға сіздің тілектеріңізді қалай орындауы тиіс екендігін айтудың қажеті жоқ. Себебі адами сананың барлық нұсқаларды көріп-білуге қауқары жетпейді.

9. Мүмкін емес нәрсеге ұмтылудан қорықпаңыз

Бір қарағаннан мүмкін емес болып көрінген тілектердің өзін бірнеше бөлікке бөліп, мұқият талдау керек және біртіндеп орындау қажет. Тілектерді бұзудың қажеті жоқ, олар өздігінен реттеледі. Әрине, мұны тек сіз ғана шеше аласыз, себебі бұл өзіңізге деген сенімділікке байланысты. Егер сіздің сенімділігіңіз Эвересттей болса, онда – алға! Тілек ондай болмаған жағдайда, себебін ойлаңыз.

10.Тілекті жеңіл жіберіңіз

Тілек – үрлемелі шар секілді. Егер сіз оған барлық салмағыңызбен жабыссаңыз, ол ұшып кете ала ма? Мұны тау шаңғысы трассасының бойы мен аяғыңыздағы шойын шайырмен салыстыруға болады: сізді қар астына сырғытып алып бара жатыр, ал сіз беткейдің қалыңдығына өз жолыңызды салып жатырсыз. Жарақат алуыңыз мүмкін екендігі рас. Бірақ, алаңдамаңыз! Бұл – сылтау емес, әңгіме тілек пен арманның орындалуы жайында болып жатқанда бұл ереже ретінде қабылдануы керек. Егер сіз шынымен де өте қатты қаласаңыз, онда алаңдамаңыз! Не аласыз, не алмайсыз. Қаншалықты аз қорқып, уайымдап, ойлап және құмар болсаңыз, соншалықты тезірек қол жеткізесіз. Ең бастысы, алаңдамау.

Тілектердің орындалуындағы басты мәселе: алыс болашақтағы «кейіннің», ыстық ықыласпен тіленген «бүгінге» не әкелетінін әрдайым біле бермеуіміз. Сол себепті тілегіңіз нәтижесін бермесе, тоқтап, қайта отырып, жақсылап ойлану керек. Бәрін бір жүйеге келтіріп алғаннан кейін жаңа тілек тілеңіз.

Ұқсас мақалалар:

Арманыңды кейінге қалдырма