Ақ босаға

Күзгі леппен тазар!

Күз - бұл гардеробымызды жаңалайтын кезең ғана емес, қыстың дайындығына кірісетін, жалпы тазалықтар өткізетін уақыт. Неге күз? Өйткені, жаз шаң-тозаңды мезгіл, сондықтан жаңбыр жауып, жер дымқылданғанда тазалаққа кіріскен тиімді.

Жаңбырлы маусымда әйелдерге терезе жуған ұнамас, бірақ перде мен тюльді тазартуымыз керек. Ал, перде жаңа болса шаңсорғыш арқылы тек шаңдарын сорып алған жөн.  Кілемдеріңізді әлі де жуып үлгермесеңіз, асығыңыз. Өйткені аз күнде ауа-райы салқындаса іздеп қаларсыз?! Кілемдерді жуғаннан кейін дивандар мен жастықтардың  да сыртын тазалап алыңыз.  Бұл жерде де сізге қуатты шаңсорғыш көмекке келе алады.

Әдетте үй шаруасындағы әйелдер шаңның көзге көрінетін беттерін ғана тазарта салуға құмар. Енді балкон мен сөрелердегі заттардың да шаңын «қағатын» уақыт жетті. Одан соң маусымдық аяқ киімдерді ауыстырып, күздік етіктерді шығара бастайсыз. Осы сияқты толып жатқан тазалық жұмыстарын жүргізуге кірісетін уақытыңыз келгенін тағы да еске саламыз. Біз аспалы шам, еден, ваннадағы кафель плиткалар туралы ештеңе айтпадық. Дегенмен айналаңызды тазарту үшін отбасылық сенбілік ұйымдастырсаңыз да құба-құп.

Айрықша тазалықты үй жануарларын бағатын адамдарға қолға алған ләзім. Мысықтар мен иттер де ерешке күтімді қажет етеді, әрі қыс алдында маусымдық  түлеуі басталады.

Осы себептерден де біз барлық үй шаруасындағы әйелдерге бұл мәселені біржола шешу үшін Thomas CAT & DOG  шаңсорғышынының үй хайуанаттарын өсіретін адамдарға арналған DryBox циклонымен және AquaBox аквафилтері бар жинақтағы екі шаң жинағыш ұсынамыз. Әрине, бұл шаңсорғышта жүнді кез келген беттен оңай тазартуға арналған саптамалардың арнайы жиынтығы бар. Бұл құрылғылар керемет жұмыс істейді. Тез тазарту үшін DryBOX жүйесі шаң жинағыш ретінде ұсынылады. Контейнерді тазалау өте оңай, әрі үнемі қоқыс төгу қажет емес. Көлемді қоқыстар орталық бөлік арқылы  үлкен қоқыс шелекке лақтырылады. Ал қалған ұсақ ұшпаларды біздің денсаулығымызға зиянсыз деуге болады. Ол құрылғыны су толтырмай пайдалана беруге болады. Бұл – аллергиядан зардап шегетіндерге арналған қапсыз жүйенің керемет нұсқасы.

Қапшық орнына инновациялық технология – AquaBOX ауаны тазарту жүйесі қолданылады. AquaBOX жүйесін қолдану өте қарапайым: тазартпас бұрын контейнерге бір литр су құйылады, тазалағаннан кейін барлық қоқыс жиналған су төгіледі. Сіз өзіңіздің сенімді көмекшіңіз Thomas шаңсорғышының қанша шаң мен кірді, түкті тазалай алатынын көзбен көре аласыз.

Сондай-ақ, Thomas шаңсорғыш ауаны тазартады! Кез келген жағымсыз иістерді күзгі лепті қоса отырып кетіре аласыз. Жұпар, таза ауа тынысты ашып, отбасы мүшелеріне пайдалы болары хақ.