Cән мен сұлулықБет күтімі

Тоникті дұрыс қолданып жүрсіз ба?

Тоник – өзіңізге күтім жасаған кезде ең мән берілмейтін косметикалық өнімдердің бірі. Бұл өнімді көптеген адамдар басы артық зат деп есептейді. Алайда егер тоникті дұрыс таңдасаңыз, ол сіздің бетіңіздегі қара нүктелерді азайтып, түсін біртегістеп, теріңіздің күйін әлдеқайда жақсартуы мүмкін. Олай болса, өзіңізге қажетті тониктің түрін дұрыс таңдап, оны қалай қолдануға болатындығымен таныстырмақпыз.

Беттегі ісікті қалай басады?
Төсегіңіз қандай, қандай жерде ұйықтап жүрсіз? Ең әуелі осыған назар аударған жөн. Егер құс мамығына аллергияңыз бар болса, одан жасалған көрпе мен жастықты қолданбаңыз. Көзіңіз бен бетіңізге бірден бір себепкер осы төсек жабдықтары болуы мүмкін.

Тоникті қалай қолданамыз?
Көптеген адамдар бетіне тоникті қашан, қай уақытта жағатындығын білмейді. Бұның дұрыс қолдану әдісі – бетіңізді гельмен жуғаннан кейін мақталы дисктердің көмегімен бірден жағып шығыңыз. Әдетте тоник өте тез сіңеді. Сондықтан бірер минуттың ішінде теріңіз кремге дайын болады. Тоникті таңертең және кешке бетті жуғаннан соң қолдану керек.

Тониктің түрлері


Жалпы, крем сияқты тониктің де бірнеше түрлері бар. Солардың арасынан өзіңізге керектісін қалай таңдауға болады? Біздің берер кеңесіміз – теріңіздің типіне қарай таңдаңыз. Төменде бет терісінің түрлеріне тоқталдық.

Тониктің қандай пайдасы бар?
Алдымен осы косметикалық өнімді не үшін қолдану керектігімізге тоқталсақ.

  Тоник – теріңіздің жастығын сақтап, оның ылғалданып тұруы үшін қажет.
  Тоник – теріңізді сергітеді.
  Теріңіздің рН тепе-теңдігін қалпына келтіреді.
   Жүзіңізді гельмен жуғаннан кейінгі бетті тазалау кезеңін аяқтайды.
   Теріге крем немесе сарысудың (сыворотка) терең енуіне септігін тигізеді.
   Әсіресе, тоник қолданғаннан кейін бетіңізге крем жақсаңыз, жақсы нәтиже береді.

1 Құрғақ бетке
Егер теріңіз құрғақ және қабыршақтанып түлейтін болса – онда сізге ылғалдандыратын тоникті алған жөн. Құрғақ теріге арналған тониктің құрамында пептидтер, гликолипидтер, итмұрын тұқымының немесе жожобаның майы, диметикон және гликоль қышқылы болуы керек. Құрамында осындай қоспалары бар тониктер бетіңізге өте жақсы көмектеседі. Олар теріні ылғалмен қанықтырып, оны ұлпада ұзағырақ ұстауға көмектеседі.

2 Майлы бетке
Егер сіздің бет теріңіз майлы болса, онда сізге сергітетін тоникті таңдау керек. Көптеген қыздар майлы жылтырдан құтылу үшін құрамында спирті бар арзан тониктерді сатып алады. Бұл – үлкен қателік! Себебі, спирт теріні құрғатады. Ал, ағза бұған қарсылық танытып күресе бастайды. Нәтижесінде бұрынғыдан да көп тері майын бөледі де, сіз артық қыламын деп тыртық етіп алуыңыз әбден мүмкін. Майлы беттер үшін тониктің құрамында май ингредиенттері, натрий гиалуронаты, натрий PCA және AHA қоспалары бар тониктер дұрыс. Жалпы, бет күтіміне арналған тониктерге көңіл бөліңіз. Себебі дұрыс таңдалған тоник, майлы терімен жақсы үйлесіп, оны макияжға дайындайды.

3 Проблемалы теріге
Егер сіздің бетіңізде безеулер мен бөртпелер болса, қандай тоник таңдау керек? Сізге салицил, ретиноин (ретинолдың қалай жұмыс істейтінін оқып алғаныңыз жөн) және гликоим қышқылдары бар тоник дұрыс. Тоник қабынуды басады, қызаруды азайтады және тері түсін тегістейді. Бірақ мұнда да құрамында спирт болмауы керек. Өйткені спирттің әсерінен құрғаған теріде май бездерінің жұмысы жеделдейді. Ал, бұл — безеудің бетіңізде бұрынғыдан да көбеюіне ықпал етпек.

4 Қалыпты теріге
Қалыпты теріге арналған тоникті таңдағанда, бетіңіздің ылғалдану мен жарқырауына назар қойыңыз. Ішінде дәрумендер мен шөп сығындылары бар өнімдерді алыңыз. Сонымен қатар салқындатқыш әсері бар тоникті де қолданып көруге болады. Ол теріңізге лифтинг әсерін беріп, оянуына септігін тигізеді. Өзге де құпияларды сайтымыздың сұлулық бөлімінен оқи аласыз.