Екеудің құпиясыЖан әлемі

Тоят табу: әйелге қалай әсер етеді?

Менің тәжірибемде кездескен әйелдер өз күйеулерінің көзіне шөп салу себебін жыныстық қатынас кезінде оргазмды сезіне алмауларымен түсіндіреді. Мұндай кезде отбасылық адалдықтан аттамай, құдай қосқан қосағыңызбен бірге ләззат алуды үйренуге болады. Егер өзіңіздің күшіңіз келмесе, сексолог мамандардың көмегіне жүгінуге болады. Бұл жолы әйел оргазм алуы үшін не істеуі керек, ер адам қандай әрекет жасауы керек екенін айтамыз.

ЕР & ӘЙЕЛ

Сексолог ғалымдардың  жүргізген зерттеулері бойынша, әлемдегі әйелдердің жартысынан көбі төсек қатынасынан ләззат ала алмайды, оргазмның не екенін мүлде білмейді екен. Әлі күнге дейін көпшілік әйел интимді жақындасу тек еркектерге ғана рахаттану сезімін береді деп есептейді.

Әйелге оргазмды сезіну қаншалықты маңызды? Әйелдің оргазмы еркектердің эрекциясымен  пара-пар. Еркектердің үнемі жыныстық қатынасқа түскісі келіп, бір емес,  бірнеше әйелмен байланысын үзбей қатар кездесіп жүруі оның эрекция сезінуінің арқасында.  Эрекция сезімін сезіну үшін еркек тау мен тасты қопаруға дайын.

Дәл сол секілді  егер әйел оргазмның дәмін бір рет  сезінсе, сол сезімді қайта сезіну үшін ізденіс үстінде жүреді, тыным таппайды.  Оргазм жыныс бұлшықеттерінің спазмы, яғни  жиырылу  негізінде пайда болады. Оргазм кезінде  жатыр мен қынап бұлшықеттері 3-10 рет жиырылады және бұлшықеттердің  жиырылу аралығы 8 секундты құрайды.

ОРГАЗМ ЖӘНЕ ЭМОЦИЯ

Ер адамдарда эрекция сезімі көбіне біркелкі болады. Ал әйелдерде оргазмды сезіну қарқындылығы әркімде әр түрлі. Бірнеше секундтық жыныс бұлшықеттерінің әлсіз жиырылуынан бастап, есінен айырылу, бірнеше секунд тыныс алудың тоқтауы, еріксіз қымылдар жасау, анайы қатты дауыстар шығаруға дейін өте қарқынды болуы мүмкін.  Темпераменты жоғары әйелдер оргазм кезінде жылап, айғайлап, жыныстық серіктесінің денесін тырнап, агрессия білдіруі де мүмкін.

ОРГАЗМДЫ СЕЗІНУ ҮШІН ЕКІ ЖҰП НЕ ІСТЕУІ КЕРЕК?

Әйел адамның оргазмды сезінуі бірнеше себептерге байланысты болады:

  • Ер адамның әйел денесін, тәнін, төсекте не қалайтынын жақсы білуі әйелді төсекте есінен тандырып, керемет ләззат сезімге бөлейді. Ері көңілінен шықпаған соң әйелдер қызықты сырттай іздей бастайтынын мақала басында айтып кеттім. Иә, тек еркек ғана емес, әйел де дәл осы себепті көзге шөп салады.
  • Әйел адамның өзінің сексуалды реактивтілігі, өзінің тәнін, төсекте өзіне ненің ұнайтынын, ненің ұнамайтынын толық білуі, күйеуіне өзінің интимдік талғамдары жайлы ашық айта алуы, төсекте «бөрене» болып жата бермей, сексуалды белсенділік танытуы оргазм алуға тікелей әсер етеді.
  • Әйелдің жасы, денсаулық жағдайы оргазм қарқындылығына тікелей ықпал етеді. Жас кезде эстроген деген гормон әйелге сексуалдық қабілетін арттырып, құмарлығын оятып тұрады. Климакс кезінде жыныстық гормондардың жетіспеушілігінен қынап құрғап, сексуалды белсенділік төмендейді.
  • Әйелдің менструальды циклының кезеңдерінде, жыныстық гормондардың деңгейлері әр түрлі болуына байланысты, оргазм қарқындылығы да әр түрлі болады. Әсіресе, овуляция кезеңінде әйел сексті қалап,  құмартып тұрады.
  • Гормональды контрацептивті дәрі-дәрмектер бала көтеруге қарсы әсер етумен қоса либидоны да төмендетуі мүмкін.

ТОЯ ТАБУДЫҢ БІРНЕШЕ ТҮРІН АЖЫРАТУҒА БОЛАДЫ:

  • Жыныстық қатынас кезінде пайда болатын коитальды оргазм (клиторлық немесе қынаптық оргазм)
  • Петтингтік оргазм – жыныстық қатынаспен байланыссыз экстракоитальды, сипалау, сүйісу арқылы оргазмға жету
  • Мастурбациялық оргазм (әйел өзінің эрогенді зоналарын сипалау арқылы оргазм сезінуі мүмкін)

Оргазмды сезінбеу әйелге жыныстық қатынасқа түсуге  мүлдем кедергі келтірмейді. Мақала басында айтқандай, көптеген әйелдер оргазды мүлде сезінбейді. Тек қана күйеулерінің алдында өтірік ләззат алған сыңай танытады.  Бірақ шынайы оргазмды сезіну әйел денсаулығына орасан зор пайдасы бар. Мейірі қанып жүрген әйелдің жүйкесі тыныш, жаны жайсаң болады. Жүйкесі тыныш әйел депрессия, қорқыныш, үрей сияқты жүйке ауруларына шалдықпайды. Еріне бас иіп, өмірінде гормония басым болады. Иә, солай, Жаратушы оргазмды да тегін жаратпаған!

Жанна Төремұратова, сектолог-гинеколог @otbasyacademy