ДенсаулықСаулық үшін

Үй жағдайында ішек жолдарын қалай тазартуға болады?

Егер қандайда бір себептермен ағзаңыздың ауырлағанын байқасаңыз, ал дәрігеріңіз «толық тазалауға» қарсы болмаса, ішек жолдарын тазартуға арналған танымал амалдармен таныс болыңыз. Оны үй жағдайында немесе білікті маман қарауында да жүзеге асыруға болады.

Үй жағдайындағы тазарту: кестесі мен көлемі

Емдік ашығу және артық салмақ тастау үшін ашығу, іш құрылысты тазарту – мұның барлығы өмір сүру салтыңыздың бір бөлшегіне айналуы қажет. Емдік ашығудан тәжірибеңіз мол болса, ағзаны «тазалаудың»  қажеттілігі сирек.

Клизма – ішек тазалаудағы кең қолданыстағы, қол жетімді де танымал әдістердің бірі.  Ашығу алдында ішектерді клизма арқылы тазаласа жақсы болады. Егер ішек құрылысыңызды алғаш тазалап отырсаңыз, келесі кесте сіз үшін арналған:

1 күн – 0,5 литр су

2 күн – 1 литр су

4 күн – 1,5 литр су

7 күн – 2 литр су

Ал 3, 5, 6 күндері  – демалу, қалыпқа келу кезеңі.

Кез-келген ішек тазарту курсын ішек микрофлорасын ретке келтіруге арналған дәрілік препаратпен аяқтау жөн.

Тыйым салынады!

Клизма арқылы ішек жолдарын мынадай жағдайда тазартуға болмайды:

Егер  ішек жолдарында жара не ішкі құрылыстағы қан кету қауіпі болса.
Сонымен қатар, ісік, геморрой және жүрек құрылысының әлсіздігі байқалса  клизма арқылы тазартға тыйым салынады.
Аяғы ауыр келіншектер жалпы ішек құрылысын тазарту туралы ойдан аулақ болуы қажет.

Тазарту детокс – диетасы

Клизма әдісін қолданбағандарға детокс-диета көмекке келеді. Бұл диетаны жыл сайын қайталап тұруға рұқсат.  Ол тек ішек жолдарын емес, жалпы бүкіл ағзаны тазартудан өткізеді.

1 күн. Сусын детоксы. Таңертең аш қарынға шөптердің қайнатылған тұнбасын ішу. Күні бойы – 6-7 стақан жаңа сығылған көкеністердің шырынын ішу.

2 және 3 күн. Шикілей жеу детоксы. Қалаған көлемде кез-келген қайнатылмаған, табиғи түріндегі көкеністерді тұзсыз және майсыз жеңіз. Міндетті түрде сәбіз бен қырыққабатты қолданған абзал. Сонымен қатар, ас мәзірін көк шөп, жаңғақ және кішігірім мөлшердегі шекілдеуікпен толықтыруға болады.

4 күн. Көкөніс детоксы. Кез-келген қайнатылған, буға пісірілген көкөністерді майсыз және тұзсыз қабылдау.

5-6 күн. Жеміс-жарма детоксы. Бұл күні жаңа сығылған жеміс сусындары мен суға қайнатылған жармалар, көкөніс сорпасы рұқсат етілген.  

7 күн. Нағыз диета: майсыз қышқыл сүт өнімдері, ашытқысыз нан, омлет немесе қайнатылған жұмыртқа.

Диета ұстанған аптадан соң асқазанға ауырлық келтірмейтіндей тамақтану қажет. Майлы, қуырылған, қақталған, консервалық тағамдардан бас тартқан абзал.

Негізгі 3 амал

Барлық ішек жолдарын және жалпы ағзаны тазартуға арналған басты үш әдіс барын еске саламыз.

Гидроколонотерапиясы

Тоқ ішекті тазалауға арналған арнайы аппарат. 45 минут ішінде емделушіге 10-30 литр су енгізіледі. Бұл процедураны тек арнайы оқытылған білікті мамандар ғана өткізе алады. Толық курстан өту 3-6 процедура. Гидроколонотерапиясына жіберілмейді: дивертикулез, ішек полипы, грыжа, жатыр миомасы, геморрой ауруларына шалдыққандар.

Дәріханалық препараттар қабылдау

Тазалау жүргізудегі танымал органикалық препараттардың қосындысы – қалыпқа келтірілген көмір мен полиметилсилоксан полигидраты. Қабылдауға арналған кеңесті толық сақтап, мөлшерін асырмаңыз.

Өсірілген дақылдар арқылы тазарту

Бидай, соя және тағыда басқа дәнді-дақылды өнімдерді өсіріп немесе дүкеннің  дұрыс тамақтану бөлімінен сатып алуға болады. Қолдану 50-80 граммнан күніне 1 рет 1 ай бойы қолданасыз.

Біздің кеңестермен жастық шақты ұзартыңыз!