Жан әлеміӨзіңді дамыт

Тұрмысқа шыққым келеді 

Көптеген қыз балалар жастайынан жігітпен қалай сөйлесіп, дұрыс қарым-қатынас жасау керектігін білмей өседі. Олар махаббат хикаясына тап болып, жаны сыздап, жүрегі ауырғанда ғана ойлана бастайды. Ойындағы сан сұраққа ата-анасы мен құрбыларының ақыл-кеңесінен жауап іздейді. Ал олардың айтқаны нақты жауап екеніне кім кепіл? Сондықтан біз ер-жігіттермен қарым-қатынас орнатудағы басты қателіктерді тізіп шыққанды жөн көрдік.

1.25K (1000)Қаралымдар

Бақытым мені өзі табады

Сіз болашақ күйеу жігітіңізді «алма піс, аузыма түс» дегендей қол қусырып, күтіп отырсыз. Көптеген қыздар «жігіттерге әйел керек болса, өздері іздесін» деген қағиданы ұстанып алған. Олар жігіттердің ертегідегі ханзадалардай іздеп келетініне сенімді. Алайда, айтулы қағида қазір сырғалыларға тек зиянын тигізуде. Барлық «сапалы» жігіттерді өте пысық әрі белсенді қыздар іліп әкетуде. Ал «мені тапсын да, жүрегімді жаулап алсын» дейтін қыздардың әлі де ұзақ күтуіне тура келеді. Бұл болашақ жарыңызды «ат үстіне мініп іздеңіз» деген сөз емес. Дейтұрғанмен, іздеп жүргендігіңізді жоққа шығармағаныңыз жөн.

 Бар болмысыммен қабылдасын

Бәріне таныс, айтуға оңай ұстаным. Кейбір қыздар: «Неге жігітке бола өзгеруім керек? Мен осындаймын, бітті. Керек болса өзі өзгерсін» деп ашуланады. Мұндай қыздар өзгелерді кінәлап, қоғамды өздеріндей ерекше жандарды қабылдай алмайды деп жазғырады. Олар ерте ме, кеш пе «маңдайға жазған адамым жолығады» деп, кездескен жақсы жігіттерді өмірінен ысырып тастайды. Мұндайда «Ешкім бізді бар қалпымызбен сүйе алмайды. Бізді тек әдемі, көңілді және өмірге құштар күйімізде жақсы көреді» дегенді еске түсіріңіз. Әрине, өмірде шынайы болу керек. Бірақ, кейде әлемге өзіміздің «ең үздік нұсқамызды» көрсеткен де абзал.

Model in a wedding dress on a white background

Сәтсіз болды, оған мен кінәлі емеспін

Бұл жолы да болмай қалды ма? Осы кезде сіз ашуланып, кінәні жігіттен немесе басқа жағдайлардан іздеген боларсыз? Бірақ, өзіңізді алдамай, шындыққа тура қараңызшы?! Сіздің де кейбір жерде мүлт кетуіңіз мүмкін ғой?! Мұндағы үлкен қателік – жеке өміріңіздегі сәтсіздіктерге өз ықпалыңыздың да бар екенін мойындамау. 

Мықты жігітті қалаймын, бірақ…

Ер адамның өмірдегі басты міндеті – өмірлік серік болу ғана емес, сонымен бірге отбасы мүшелерін қорғап, оларға жолбасшы бола білу. Осындай «арқа сүйер» адамның жанында оның қызығушылықтарымен санасып, тіл табыса білу керек. Бірақ ол өз пікіріңіз бен қалауыңыздан мүлдем бас тартыңыз деген сөз емес. Жай ғана жігіттен бір саты төмен түсіп, ымыраға келуді үйреніңіз. Бір шешімге келе білу – отбасылық өмірдің басты құндылығы.

 Сегіз қырлы, бір сырлы еркекті іздейсіз

Шыныңызды айтыңызшы, қандай жігітті армандайсыз? Әдемі, ақылды, табысты, романтик, мейірімді, жомарт…  Қалай ойлайсыз? Осындай мінсіз адам Жер бетінде бар ма? Бар болса, олардың саны қанша? Оны қайдан, қашан іздеп табасыз? София Лореннің өзі айтқан екен: «Мінсіз еркек – нағыз сынақ» деп. Ендеше, бір кездері сізге ерекше сезім сыйлаған жанға «мінсіз жігіт» деп қарап көріңіз де, сіз үшін жігіт бойындағы нақты қандай қасиеттер маңызды екенін анықтап алыңыз.

 Сіз ойлаған романның кейіпкері емес

Ия, ерлер бірдей болмайды. Олардың арасында: үйленген және жұмысбастылармен қатар альфонстар һәм әйелқұмарлар да кездеседі. Ал талапқа сай болғанымен, бәрі де сізбен сәйкес келе бермесі анық. Сондықтан төмендегі 4 сұраққа шынайы жауап беріп көріңіз:

  •  Жігіттің сізбен жиі кездескісі келе ме?
  • Ол неліктен сізбен бірге жүр? Сіз ше?
  • Өзіңізді оның қасында еркін және қауіпсіз сезінесіз бе?
  • Қарым-қатынаста кім басты рөлді ойнайды?

Осы сұрақтарға нақты жауап алған соң ғана сіз қарым-қатынасыңыздың қаншалықты шынайы екендігіне көз жеткізесіз. Жігіттің сізге деген ниетін біліп, онымен бір отбасы болуды қалайсыз ба – соны түсінесіз.

Processed by: Helicon Filter;

 Тұрмысқа шығудың қажеті қанша?

Көптеген қыздар күнделікті тіршілікпен жүріп, тұрмысқа шығуды ойламайды. Уақыт өте келе туған-туыс, таныстарының «тұрмысқа қашан шығасың?» деген сұрақтарынан мезі бола бастайды. Одан тұрмыс құрып, 2-3 баланың анасы атанған құрбыларына қарайды. Кейде романтикалық фильмдерді көріп, еріксіз қиялға беріледі. Осыдан кейін ғана тұрмысқа шығу керектігін, шыққысы келетіндігін түсінеді. Бірақ мұндай маңызды қадам жасамас бұрын әрбір адам өз өмірін өзгертуге дайын болуы тиіс. Сондықтан ең алдымен, нені қалайтыныңызды, жаныңызға не керек екенін біліп алғаныңыз дұрыс.