Жан әлеміӨзіңді дамыт

Тұрмысқа шықпаған аруға берілетін зиянды 5 кеңес

Егер отызға таяп, босағаның оң жағында отырып қалған қыз болсаңыз, демек күнделікті адамдардың әртүрлі ақылын естіп жүрген боларсыз?! Әдетте тұрмысқа шықпаған қыздарға пайдалы кеңестер жиі айтыла қоймайды. Тіпті, олардың басым бөлігін зиян деуге болады. Сол себепті оларға аса мән берудің қажеті жоқ. Енедеше, сүйіктісін кезіктіруді армандайтын аруға жиі қандай кеңес беріледі

656Қаралымдар
  1. «Ақ аттағы ханзада жайлы ойлай беруді қой»

Бұлай ақыл беруге құмар жандар сіз туралы ештеңе білмеуі мүмкін. Олар сіздің жаман әдеттерге әуес, мінезі ауыр немесе анасының қасынан бір елі шықпайтын ер адаммен қарым-қатынас құрғыңыз келмейтініне қарап сізді «ақ аттағы ханзаданы күтіп жүр» деген қорытынды жасауы ықтимал. Мұндай «дана абыздардың» пікірінше, босағаның оң жағында отырып қалған қыз таңдау жасайтын жағдайда емес. Сол себепті алдына келген кез келген ер адаммен отбасын құра беруі керек.

2 «Уақытыңды құрбыларыңмен өткізе берме»

Мұндай кеңес беретін адамдардың ойынша, әйелдердің басы қосылған жерде ер азаматтар жүрмейді екен. Яғни, құрбылардың жанында жүріп, екінші жартыңды кездестіру мүмкін емес. Алайда бұл қате пікір. Себебі арулардың сүйіктілерін құрбыларымен серуендеу кезінде кездестірген оқиғалары аз емес. Оған қоса, жаныңа жақын адаммен сырласып, ой бөліскенге не жетсін?! Олардан түбегейлі бас тартуға болмайды.

3 «Ер адамдардың бетін қайтармай, жиірек кездесулерге шығып тұр»

Кей жандар, тіпті, сізге танысу сайттарына тіркеліп, ер адамды кездесуге шақыруға кеңес беруі де мүмкін. Олардың пікірінше, күнде кездесуге бара берген ару түбінде өзіне ненің және кімнің керек екенін нақты білетін болады. Дейтұрғанмен, бір-екі аптадан кейін сіз өзіңізді ауру сезінуіңіз мүмкін. Себебі бөтен адамдармен араласа келе өз қуатыңызды сарқылтасыз. Сондай-ақ, сәтсіз кездесудің салдарынан ер адамдардан көңіліңіз қалып, оларға деген құрметіңіз жоғалуы ықтимал.

4 «Сырт келбетіңді өзгерт»

Негізінде мұны жағымсыз кеңестердің қатарына жатқызуға келмейтін еді. Себебі әрбір ару өзін-өзі күтіп, үнемі жүріс-тұрысын қадағалауы тиіс. Дегенмен, кей адамдар сізге  қалауыңыздағы ер азаматты кездестіру үшін ғана осындай кеңес береді. Алайда кез келген әйел әуелі өзін сыйлап, жақсы көруі керек. Өзін бағалаған жанды өзгелер де бағаламай қоймайтыны анық. Осыны ұмытпаңыз!

«Сенің басыңдағы жағдай – мәселе емес! Әлі жассың. Міне, мендегі жағдайды қиындық десең болады…»

Өзгенің мәселесін, жан дүниесіндегі ауыртпалығын жоққа шығаруға бейім тұратын адамдар аз емес. Олар үшін сіздің басыңыздағы жағдай түкке тұрғысыз. «Жігіттен де маңызды дүниелер бар емес пе?» деп, сізді кінәлі етіп көрсеткісі келіп тұрады. Алайда олардың арасында көңіліңізді аулау үшін де осылай айтатын жандар болуы мүмкін. Қалай болғанда да олар мұндай кеңестің өз бақытын тапқысы келетін аруға еш көмектеспейтінін түсінбейді.