Түс жору

Түс туралы қызықты деректер

176Қаралымдар

Көргеніміз ғана түсімізге енеді. 

түсімізде мүлдем бейтаныс адамдар пайда болады. Шын мәнінде, бұл қаншалықты қарама-қайшы болса да, түсімізде білетін нәрсемізді ғана көретіндігімізді ұмытпаңыздар. Мәселен, бір күнде жүздеген адам жанымыздан өтеді және әр көрген жат адамымыз санамызда сақталып қалады. Іс жүзінде «қажет емес» ақпаратты тез ұмытамыз, десек те миымыз түс көру барысында бұл көріністерді қайта есімізге салады.

Түсті барлық дені сау адам көреді.

Барлық адам (психикалық ауытқулары бар адамдардан басқа) түс көреді, алайда зерттеулерге сәйкес, ерлер мен әйелдер түсті әрқалай көреді екен. Ер адамдар, негізінен, өз жынысының өкілдерін көрсе, ал әйелдер түсінде екі жыныстың да өкілдерін бірдей көреді.

Зағип жандар да түс көреді.

Егер адам туылғаннан кейін көру қабілетін жоғалтса, онда ол өмір бойы «өткен өміріндегі» бейнелерді түсінде көре алады, ал туғаннан зағип жандардың түстері дыбыстарға, иістерге және әсерлі сезімдерге толы болады.

Түс невроздың алдын алады.

Түс – қалауымыздың көрінісі. Ол жүйке жүйемізді қорғауға көмектеседі. Бір топ психолог еріктілер тобына күніне 8 сағат ұйықтауға рұқсат етіп, түс көру кезеңі орын алған сәтте оларды оятып отырған. Біраз уақыттан кейін еріктілердің тәуліктің әдеттегі уақытында галлюцинацияға салынып, себепсіз ашуланып, агрессия танытқандығын байқаған.

Психикалық ауытқуларды түс арқылы анықтауға болады.

Паркинсон мен шизофрения сияқты психикалық аурулар алғашқы белгілерден бұрын адамға түс арқылы сезіледі. Себебі, бұл аурулармен ауыратын науқастар үнемі қорқынышты түстер көреді, әсіресе ол түстегі айқайлардан, соққылардан әрі көз жасын көлдетуден байқалады.