Ақ босаға

Фото-түсқағазды қалай таңдау керек?

Фото-түс қағаздар тек қабырғаларға безендіру мақсатында ғана емес, сонымен қатар бөлмені визуалды кеңейтіп, қайталанбас әсемдік беріп тұрады.

739Қаралымдар

Заманауи кең форматты басып шығару  технологиялары фото түс қағаздарды сан түрлі етіп жасауға мүмкіндік береді. Үлгі ретінде отбасылық суреттерден бастап абстракты бейнелерге дейін қолдануға болады. Қолданыста кең танымалдылыққа ие суреттер; табиғат пейзаждары, панорамалар, өсімдіктер, теңіз, қалалар, ғарыш, гүлдер, жануарлар, танымал жұлдыздар және техникалар бейнесі.

Декоративті фото түс қағаздарды демалыс орындарына орналастырған жөн.

Мысалы қарлы тау шыңдары, жағағай бейнелеріне қарай отырып, жағымды ойларға беріліп, армандап, жан мен тән демалады. Айта кететін жайт фото түс қағаздарын жуынатын бөлменің есігіне ілмейді. Себебі қағазға бейнеленген скреттер ылғалдан қорқады.

Қонақ бөлмесіне фото түс қағазын таңдарда….

Отбасының, қонақтардың жиналатын және жиын, мерекелер өтетін орын екенін естен шығармаған жөн. Сондықтан қонақ бөлмесін ерекше түс қағазбен әрлеген ұтымды шешім. Қонақ бөлмесінің үйдегі кең бөлмелердің бірі екенін ескеріп, фото түс қағазын таңдағанда үлкен көлемдегі бейнелерді таңдау қажет.

Фото түсқағазды көрінетін жерге, ең дұрысы толықтай бір қабырғаны алып тұратындай орналастыру керек. Және сол қабырғаны жан жағынан тамашалауға мүмкіндік болуы тиіс.

Жатын бөлме

Жатым бөмеңізге фото түсқағазын таңдауға үлкен көңіл бөлу қажет. Өйткені  өміріміздің үштен бір бөлігін дәл осы бөлмеде өткіземіз. Сондықтан жұмыстан кейін күшіңізді қайтадан  жинау мақсатында еркін атмосфера орнатқан жөн. Бір түсті қабырғаны фото түсқағазына алмастыру арқасында сіз бөлмеге қажет жиһаздарға ақшаңызды үнемдейсіз.

Қажетті кеңес:

Біріншіден, таңдаған бейнеңіз сізді тітіркендірмеу керек. Қанық, шақырып тұратын бейнелер жатым бөлмеге қолайсыз болмақ. Психологтар кеңесінше жатым бөлмеге гүлдер, гүлбақтары немесе алқаптағы жайнап тұрған өсімдіктер бейнесін қолдануға кеңес береді.

Қабырғаны үлкен жиһаздарбен, тығыз перделермен, қабырғаға суреттер мен жарық шамдарын ілмеген жөн. Түсқағаз түсін басқа қабырғалар түсімен үйлестірген жөн. Фото түсқағазын тек бір ғана қабырғаға қолдануға болады. Егер сізге ерекшеь дүние қажет болса 3D форматындағы көлемді суреттерді байқап көріңіз.

Ас үй

Фото түсқағаз ас үйіңіздің басты ерекшелігі бола алады. Ашық түсті, көздің жауын  алатын бейне тек көңіл күй сыйлап оймай, бөлмені визуалды кеңейтіп көрсетеді. Ас үйді безендіруде керемет бейнелер – тәбетті тартатын жемістер, ақ қайнардың бүркінді тамшылары, кофе түйіршіктері.

Балалар бөлмесі

Балалар бөлмесіне фото түсқағазын таңдау ұиындау. Себебі алдымен баланың жасына қарау керек. Үш жасқа дейінгі балаларға  қанық түсті, кішкентай бөлшектер бейнеленген суреттерден бас тарту керек. Оның орнына үлкен көлемді жұмсақ түсті бейне таңдаңыз.

Үлкенірек баларға кішкентай бөлшектер қолданылған фото түсқағазын қолдануға болады. Ұл балаларға өзіне ұнайтын мультфильм кейіпкерлерінің, немесе спорттық ойындар элементтері қолданылған суреттер болады. Ал қыздарға таңғажайып ертегі сюжеттерінен алынған бейнелер сай келеді.

Ал мектеп жасындағы балалар бөлмесіне  кең көлемдегі дүние жүзі картасын немесе сол сияқты оқуға байлитын бейнелер қолдану жөн. Қалай болғандада алдымен балаңыздың ойын ескерген жөн.

Фото түсқағаздардың түрлері
  • Қағаз фото түсқағаздары арзан бағасына байланысты үлкен сұранысқа ие.
  • Винилдан жасалған фото түсқағаздар қағаздан жасалған түсқағаздар мықты әрі қалың.
  • Ламинатталған фото түсқағазы кем дегенде 15 жыл қолданыста болады. Ол оңай жуылып, қағаз түс қағаздарынан әлдеқайда мықтырақ болады.
  • Кенепте (на холсте) салынған фото түсқағаз ең қымбат тұратын шешім. Оны жасап шығаруда жибек, зығыр, вискоз қолданылады.

Бұдан басқа сатылымда түрлі материалдармен әрленетін фото түсқғаздары бар. Құрамында; құм, тығыз кестелер, қатты сүрек, қырау, штукатурка, сабан, жабынқыштар және геометриялық бейнелермен көмкерілген фото тұсқағаздар жасалады.

Есіктерге арналған фото түсқағаздар

Есіктерге орнатылған фото түсқағазадар ерекше шешім. Есіктерге жиі табиғат, теңіз, қалалар бейнеленеді. Өте ұтымды дүние есіктерге кітап сөресінің немесе алауошақтардың суреті. Кірмен басқа зақымдаулардан сақтану мақсатында қосымша қорғау қабаты қарастырылған.

3D форматындағы фото түсқағаздар

Бүгінгі таңда 3D технологияларының дамығаны соншалықты бір қарағаннан таңдаңаныс тудыратыны сөзсіз. Жуынатын бөлмеге балықтардың теңізде жүзіп жүргені, ал күшік пен мысық бейнесі балар бөлмесіне керемет үйлесе кетеді.

Дизайнерлер кеңесі бойынша

Фото түсқағаздарды жиһаз аз бөлмеге қолданған жөн дейді. Фото түсқағаздары ең алдымен көңіл күйді көтеріп, жағымды әсер беруі қажет. Фото түсқағаз таңдауда ең бастысы сіздің қалауыңыз. Қонақ бөлмесінде Нью Йорк, Лондон секілді әсем қалардың бейнесі безендіреді. 3D көлемдегі фото түсқағаздарын тек кең бөлмелерге қолданған жөн. Себебі 3D сурет эффектісі белгілі бір арашашықтықта ғана білінеді.