ДенсаулықЖүктілік

Тұтқиылдан туындайтын мәселе: Жүктілік жоспарының бұзылуы

Кейбір келіншектер жүкті екендеріне қуанған сәттен көп ұзамай-ақ тосын жағдайға тап болып жатады. Жатырдан тыс жүктілік пен жүктіліктің мезгілінен бұрын тоқтап қалуы - мамандарды алаңдататын жайт. Ендеше, оның себептері мен салдарына тоқтала отырайық.

Мамандарының зерттеулері бойынша жүктіліктің мезгілінен бұрын тоқтап қалуы алғашқы үш айлықта 10-20%-дан бастап, 45-80%-ға дейін жиі байқалады. Ультрадыбыстық зерттеудің арқасында бұл диагнозды қою мүмкіндігі артты. Айта өтейік, бұрын әйелдер емханаға тек түсік басталған кезде келетін. Жүктіліктің дамымауы тек медициналық қана емес, әлеуметтік тұрғыдан да шешімі табылмай отырған мәселе.Картинки по запросу беременность

Жүктіліктің уақытанан ерте үзілуінің себептері: жүктіліктің әрі қарай дамымауы созылмалы эндометрит (жатырдың ішкі қабатының қабынуы) ауруымен өте жиі байланыста болып отыр. Жатырдың ішкі қабаты алғашқы үш айлықта болашақ сәбиге ең қолайлы орын, өйткені ол оған қажетті заттарға өте бай. Ал созылмалы қабынудан онда әртүрлі ақаулар болса, әлгі қажетті заттар аз болады да, жүктілік әрі қарай дамуын тоқтатады. Қабыну неғұрлым тамырын тереңге жайса, соғұрлым ақаулар кең орын алып, жүктілік ерте тоқтайды. Қазіргі кезде жыныстық қатынас арқылы тарайтын аурудың түрі де, саны да көп. Жасөспірім қыздар, келіншектер денсаулығына немқұрайлы қарайтыны да жасырын емес. Жыныстық қатынасты ерте бастап, бұл инфекцияларға көңіл бөле бермейді және олардың белгілері де адамға байқалмайды, сол себептен әйелдер дәрігерге мезгілінен кеш барады. Жүктілік кезінде бұл ауруларды анықтаған жағдайда да оны емдеу мүмкіндігі аз.Похожее изображение

Келесі себебінің бірі хромасомалық ақаулар. Мамандар дамымай қалған эмбриондарды тексерген кезде оларда 60-80%-ға дейін хромасомалық ауытқулар табылған. Бұл жағдайларда да жүктілікті алдын ала жоспарлау қажет. Ол үшін генетик дәрігердің арнайы тексерісінен өтіп қана жүктілікті маманның келісімімен жоспарлаған жөн.

Егер болашақ ана өз денсаулығын күтіп, жыныс инфекциясы барын есінде сақтаса, ол өзін келешекте жүктіліктің көп асқынуларынан қорғап, дүниеге дені сау сәби әкеледі. Сосын жастар арасында темекі шегу, ішімдікке бой алдыру да бар, экологияның кері әсерлерін де жоққа шығара алмаймыз. Халық даналығында «қызға қырық үйден тыйым» деген. Отбасы тәрбиесіне көңіл бөлу, қыз баланың  денсаулығын кішкене кезден мұқият тексеру, дұрыс тамақтануы мен жеке бас гигиенасы, жаман әдеттен аулақ болуы, өзіне «мен болашақ жар және анамын» деп қарауы да осы аталған ауытқуларды болдырмаудың жолы деп білемін.

Жүктіліктің жатырдан тыс жерде дамуы – жыныс мүшелерінің қабынуымен тікелей байланысты. Бірінші орында жүктіліктің жатыр түтікшесінде дамуы байқалады. Түтікшенің мүмкіншілігі тіпті үш айға да жетпей, нәтижесінде ол жарылып кетеді. Іште қатты қан кетеді, кейде осы қансыраған жағдайда әйел гинекология бөлімшесіне түседі, бұл жағдайда оны ота жасау арқылы түтікшемен қосып алып тастауға тура келеді. Егер түтікшені сақтау мүмкіндігі болса, оны хирург маман ота кезінде шешім қабылдап, тігу арқылы орнына келтіруге тырысады. Қазіргі кезде ота жасаудың лапароскопия деген тәсілі жақсы дамып келеді. Осы тәсілдегі отадан кейінгі алты айға дейін дәрігердің бақылауында болу қажет.

Осы айтылғанның бәрін қорытындылайтын болсақ, жүктілікті алдын ала жоспарлаудың маңызы өте зор екендігін ұматпағайсыздар, құрметті қыз-келіншектер!

 

Әйелдер дәрігері,

Күнқияш Әлмырзаева