Жан әлеміӨкініш

Тыңдашы, тыңда, жаным!

Адам баласының мінез құлқының қат-қатпарлары көп. Өзге түгіл өзіне де беймәлім, жағымды жағымсыз ісәрекеттері де болады екен. Білесіз бе? осыдан бір жыл бұрын мен мына өмірге өкпелі, бәрінен күдер үзген өзөзімнен сұрланып қара жерді басып жүргеніме қорланып, бір мазасыз күй кешіп жүрген жан едім. Әрине қабағыңнан қар жауып, маңайыңдағы жандарға сезіктене сенімсіз қарап бір үрейленсең олар да саған жақтырмай қарайды екен.

456Қаралымдар

Адамдардың бір-біріне деген кең пейілі, жылы қабағы болмаса, кез келген уақытта жамандыққа ұрынуың әбден мүмкін екен ғой. меніде біраз аяғымнан шалып сүріндіргендер көп болды. осындай көңілсіз күймен мына тіршілік көріксіз көрініп жұмыстан бей-жай болып үйге оралдым. Сыртқы есікті ашар-ашпастан өзіме таныс сүрленген еттің исі танауымды жарып ішке ентелей ендім. О,  Алла! Өз көзіме өзім сенбедім. Ас үйде ауылдағы жеңешем бауырсақ пісіріп жатыр екен.

– Жеңеше! Қашан келдіңіз? Жан дауысым шыға құшақтай алдым да еңіреп жылап жібердім.

– О, Қарлығаш қалқам! Жылағаның не? Сендерді мазаламайын деп айтпай келіп қалдым. мен оны қапсыра құшақтап қанша тұрғанымды білмеймін. Сағынып қалыппын. Біраздан кейін барып жөн сұрастық. мен әлі де жанарымнан сырғыған жасты тыя алмадым. есіме анамның ауылдан осылай келіп, сүр етін асып бауырсағын пісіріп, дастарханға жент, құрт-майын қойып, мәз мейрам болатын күндердің алыстап кеткені енді оралғандай. Жеңешем сөйлеп жүр.


– Қарғаш! Сен ауылға соңғы жылдары келмей кеттің. Өзіңді жиі ойлағандықтан ба түсіме қайта-қайта кіріп жұпыны көңілсіз күйде жүрдің. Содан балаларға жолға билет алдырдым да: «е бармай жүрген Алматыма, Қарғашты көріп келейін, әйтпесе сақтаған сыбағам таусылатын түрі бар» деп, жолға шықтым. Сен жұмыстасың ғой, хабар бермедім көп болса көршілердің үйінде күтіп отырармын дедім. Келсем үйде келін бар екен жақсы болды. Келе сала баяғы апам құсап бірінші қазанды қолға алып жатырмын. Жылама! Жалғызың екеу болды. ертең-ақ немерең болады. Ал бұл өмірде күйеуі тастап кеткен әйел тек сен ғана емессің, жұрттың анау-мынау сөзін тыңдап не қыласың. Құдай жылағаннан сақтасын. одан да құдаларға қоңырау шал. Келіп ауылдың дәмін татсын…

Үндеген жоқпын. Балам жұмыста. Келінім болса өз бөлмесінде. Біреудің жалғыз қызы еді шаруаға қыры жоқ. Келінге өзім келін болып жүрген кезім ғой және жұрттың мен туралы шулаған өсек сөздері де қажытып жіберіп еді. Осының бәрі жүрегіме тұнып қалған шығар. Әйтеуір бүгін бір шерімді шығардым-ау. Жеңешем қасымда үш-төрт күн болып, бір серпіліп қалдым. Бойымды билеген мазасыздық сәл де болса саябырсып құдалар алдында да жарқылдап сөйлей бастадым. Ауылдағыларға сәлем сауқатын беріп, жеңешемді поездға шығарып салған соң, көңілім тағы құлазып қалды. Қайран күндер-ай, жалғыз ағатайым Қайыржан, әке-шешем барда елге жиі барып ауылда аунап-қунап қайтатын кездерай. одан кейін бар сақтағанын алып кезектесіп апам мен жеңешем келіп тұратын. Шешем жолдан келе сала қазан асып, көрші көлемді, жора-жолдасты шақырып өзі мәзмейрам болып отыратын.


Мен сонда «Өзіміз азаннан кешке дейін жұмыстан шаршап жүргенде қонақ шақыруың таусылмайды екен» – деп ренжуші едім. не деген күпірлік. ол енді қайтып келмес, тек өмір бойы аңсайтын күндер болып қалды ғой. осылай көңілсіз күндер өтіп жатты. Кезекті демалысымды алып бір шипа-жайға бармақшы болып отыр едім, ұлым Бекзат қасыма келіп:

– «Мама! Өткенде Нұрсат апа шақырып кеткен еді. Ауылға барайықшы! Және көлікпен барамыз. мен де нұрсат апаның әңгімесінен кейін ауылды сағынып кеттім», дегенде мен ойланып қалдым. Келінім мәдина қаланың қызы. Ауыл өмірі оған қызықсыз ғой. Ал менің әлгі «күйеуі тастап кетті» деген атым бар. Қайсысы қандай өсек сөз айтып қалар деп, қысылып қымтырылып жүрмін ғой. Бірақ бала мен келінім қолқа салып тұрған соң, көп ойланбастан жолға шықтық. Жол бойы әртүрлі мазасыз күймен еліме жеттік. Өзіме таныс аулаға кіре бергенде ауылдың барлық жас кәрісі шашу шашып әндетіп қарсы алғанда жүрегім жарылардай қуандым.