ДенсаулықСаулық үшін

Қорыл туралы сіз білмеген 7 ақиқат

Тынышы қашқан түн туралы көпшілігіміз айтып жүргенмен, қорыл туралы көптеген дәйектерді біле бермейміз. Ендеше, қорыл туралы 7 дәйекпен таныс болыңыздар

  1. Әлемдегі ең қатты қорылдайтын халық— кәрістер. Оның себебі олардың табиғатында. Кәріс халқының таңдайы тегіс әрі жұмсақ болғандықтан, көп қорылдайды.
  2. Адамның қорыл деңгейі 50-10 децибелге жетеді. Дәл мұндай шуды балғаның соққысы бере алады.
  3. Пайыздық өлшемге сүйенсек, ер азаматтардың 40% және 30% әйел заты ұйықтап жатып қорылдайды екен.
  4. Ұлыбританиялық Дженни Чепмен есімді зейнеткер әйел 111,6 децибил ырғағында қорылдайтын болып шықты. Бұл өтіп бара жатқан поезд, жұмыс істеп тұрған трактор, тіпті реактивті қозғалтқыштың дауыс шуына сәйкес ырғақ.
  5. АҚШ-та тыныс алу мүшелерінің бұзылуынан болатын қорылдан жылына үш мыңнан астам адам көз жұмады. Олар ұйықтап жатқан күйі қорылынан оянбаған.
  6. Статистикаға сүйенсек, салауатты өмір сүретін жандарға қарағанда ішімдік ішіп, темекі шегетін жандар көп қорылдайды. Бұл тыныс алу жолдарының шырышты қабаты бұзылуына сай екен.
  7.  Америкалық Ұлттық Денсаулық Институты ғалымдары гравитацияның болмауынан ешқашан қорылдамаған астронавттар космоста қорылдайтынын анықтаған. Осылайша, космостық хирург доктор Полк “Гравитация азайған сайын адамның тыныс алуы жақсарады. Ал Жерде қорыл тартылыс заңына сәйкес тіл мен тамақтың артқы бөлігі төмен тартылатындықтан болатынын” дәлелдеген. Осылайша, тыныс алу жолдары зардап шегетін жандар жатқан кезде тартылыс күшіне сай қорылдайды деген ұйғарым жасапты.