Дене күтіміСұлулық

Үй жағдайында жасауға болаты шашқа арналған ТОП-4 маска

Шашыңыз жылтырап, көрген көздің жауын алсын десеңіз, үнемі косметикалық процедураларды жасап тұруыңыз қажет. Тіпті үй жағдайында түрлі маскаларды дайындап, жақсаңыз, шашыңыз сізге рақметін айтары сөзсіз. Бұл материалда сыралғы құрбыңыз жасалу жолы оңай, әсері мықты маскаларды ұсынды.

450Қаралымдар

Бал қосылған маска

Балдан жасалған маска шашты қалпына келтіріп, түсін одан әрі қанық етеді. Сонымен қатар, шашыңыды ұзартып, нәрлендіргіңіз келсе, осы маскаға ден қойғаныңыз абзал.

Дайындау әдісі:

Еріген 50 мл балды 100 мл сумен араластырып, шашыңыздың түбінен бастап жағыңыз. Алайда балдың 40 градустан артық қызып кетпеуін қадағалаңыз. Себебі бал жоғары температурада өзінің пайдалы элементтерін жоғалтады. Мұндай масканы жумай, түні бойы ұстауға болады. Шашты жылы сумен 2 рет, бөлме температурасындағы сумен 1 рет шайып алған жөн.

Кокостан жасалған маска

Бұл – үйде дайындауға болатын ең хош иісті маска. Негізгі ингредиент – кокос майы болып саналады. Кокос майынан жасалған маска шашты ылғалдандырып, нәрлендіріп, қайызғақты жояды.

Дайындау әдісі:

Қолданбай тұрып майды ерітіп алған жөн. 75 гр қиярды үккіштен өткізіп, езбе жасаңыз. Оған 100 мл майды қосып, араластыру қажет. Мұндай масканы шаштың түбінен ұшына дейін жағып шығасыз. Кейіннен басыңызды орап, түнімен жатсаңыз болады. Аталмыш масканы майлы шаштарға қолдануға кеңес бермейміз.

Айраннан жасалған маска

Негізінен бұл кез келген типтегі шашқа арналған маска. Шаштың өсу процесін жылдамдатып, тамырларын берік ете түседі. Ең бастысы, шашыңыздың типіне қарай айранды таңдап алыңыз. Егер айранның майлылығы 3%-дан асса, шашты құрғатады. Ал 0% болса, ылғалдандырады.

Дайындау әдісі:

Пайдалы сүт бактерияларын белсенді ету үшін, айранды кем дегенде 35 ° C-қа дейін қыздыруы керек.100 мл айранға 50 г какао ұнтағы мен 1 жұмыртқаны қосып, араластырып алыңыз. Осыдан пайда болған массаны шашқа жағып, орап қойыңыз. Мұндай маскамен ұйықтауға да болады.

Қыша қосылған маска

Құрамында қыша бар маска шашты өсіруге көмектеседі. Сондай-ақ, ол тамырларды нәрлендіріп, нығайтады. Шашқа көлем мен жылтыр береді. Мұндай масканың қарсы көрсеткіштері бар. Олармен алдын ала танысып алғаныңыз абзал болар.

Дайындау әдісі:

20 г құрғақ қыша ұнтағына су қосып араластырыңз. Алайда судың көп болып кетпеуін қадағалаңыз. Пайда болған сұйықтық крем тектес болуы шарт. Масканы шашты алдын ала жумай, тек бас терісіне жағыңыз. 15 минуттан кейін масканы жылы сумен жуып тастаған жөн.

Шаш күтіміне арналған маскалар легі осы,ал,шашыңыз тез майланып,шешімін іздеп жүрсеңіз,біздің осы кеңесіміз кәдеңізге жарайтыны сөзсіз.