News

Үй жануарлары назардан тыс қалмасын!

Өткен аптада Ветеринарлық Медициана Орталығында БАҚ өкілдерінің және блогерлердің қатысуымен кездесу өтті. Кездесуге тек Қазақстан ғана емес, Грузия, Әзірбайжан, Қырғыстан, Беларусь Республикасында халықаралық дәрежеде дәріс оқып жүрген Анна Боднар келді. Сонымен қатар, ветеринар-дәрігерлер, Алматы қалалық Ветеринариялық Медицина Қауымдастығының мүшесі, ВМО бас дәрігері, репродукция және дерматолог мамандар да қатысты.

50Қаралымдар

Анна Боднар ВМО ішінде экскурсия жүргізіп, мекеме тыныс-тіршілігін БАҚ өкілдеріне таныстырды. Ол орталықтың негізгі мақсаты, көрсететін қызмет түрлері мен қызметкерлері туралы толық баяндап берді.

Ветеринарлық Медицина Орталығы – үй және экзотикалық жануарларға арналған хирургия-терапиялық көмек көрсететін бірегей ғылыми-тәжірибелік орталық. Оның негізі 2011 жылы қаланған. Басты мақсаты – кез келген хайуанатқа бір жерден қажетті медициналық көмек көрсету.

ВМО негізі қаланғаннан бері түрлі күрделі оталар жасап, емделушілеріне дер кезінде көмек көрсетіп келеді. Олар құрал-саймандары мен бөлменің тазалығына баса назар аударатындықтарын ерекше атап өтті.

Қабылдау бөлмелері барлық қажетті құралдармен жабдықталған. Дәрігерлер жануарларды емдеу үшін  заманауи технологияларды қолданады. Бұл диагноздың дұрыс қойылуына жағдай жасайды. «Үйде жануар ұстайтын болсаңыз, оны жылына бір рет толық тексерістен өткізіп тұру керек»,-дейді Орталық мамандары.

ВМО әрдайым түрлі тақырыптарда семинар өткізіп тұруды дәстүрге айналдырған. Кезекті семинар тақырыбы мысықтар денсаулығына арналды. Конференция кезінде ВМО дәрігерлері «Мысықтардың жөтелін қалай емдейді?», «Мысықтардағы короновирус», «Мысықтар күйзелісі»  және тағы да басқа  тақырыптар қамтылды. Келесі өтетін конференция тақырыбын ВМО ресми сайтынан немесе мекеменің әлеуметтік желідегі парақшаларынан біле аласыздар!

Үй жануары отбасыңыздың бір бөлшегі секілді. Сондықтан, оның денсаулығына мұқият мән берген абзал. Қандай да бір күдік тудырса, дереу дәрігерге қаратыңыз. Ол жануардың өзінен бөлек, үй иелеріне де зиянын тигізуі әбден мүмкін.