Ақ босағаОтбасы

Үйіңіз жинақы тұрсын десеңіз

Үй жиһаздарын орналастырудағы қателіктер мен ескруге тиісті жайттарды жаздық. Алдымен үйіңіздің ішіндегі тұрған заттарға зер салыңыз. Әлбетте сіз түзетуге тиісті бірнеше қателікті тауып аласыз.

Жастықтардың көп болуы

Негізі жастықтар жайлылық үшін өте қажет. Ал жұмсақ жиһазда (диванда) жастық көп болса, отыратын жер қалмай, ыңғайсыздық пайда болады. Туыстарыңыз бен меймандардың отыру мақсатында артық жастықшаларды ысырып, немесе алып қойып жатқанын байқамадыңыз ба? Негізі диванға үш, тіпті екі жастық та жетерлік.

Бөлмедегі басты зат

Бөлме ішінде басты элемент болуға тиісті. Бірнеше заттың болатын кездері де бар. Бірақ көп зат интерьеріңізді шашыраңқы етіп көрсететінін ескерген жөн. Көп зат адамның көзін талдырады.

Түстер үйлесімі

Жиһаз таңдағанда оның түсінің қабырға түсімен сәйкес келетіндігі міндетті түрде қаперде болуы тиіс. Егер қабырға түсін жиһазға сәйкес бояйтын болсаңыз, түстің күн ұзаққа өзгеретінін де ескеріңіз. Сондықтан бояу кепкеше асықпай бақылаған абзал.

Арзан сапасыз жиһаз

Сіз арзан жиһаз сатып алу арқылы қаржыңызды үнемдейсіз, алайда сапа мен ыңғайлылықтан адаланатыныңызды байқайсыз. Сондықтан жиһаз таңдау барысында сатып алуға мүмкіндігіңіз жетіп тұрса, аянып қалмаңыз. Ал соңғы үлгідегі жиһаздан үнемдеп қалуға болады. Себебі сәнді жиһаз да уақыт өте келе адамды жалықтырады.

Үлкен үй өсімдіктері

Бөлме гүлдерінің үй әсемдігіне әсері мол. Алайда көп орын алатын үлкен құмыралы гүлге қызығудың қажеті шамалы. Көлемі кішкентай өсімдіктерге ден қойып көріңіз, оларды да үйлестіріп орналастыруға әбден болады.

Жалықтырмаңыз

Үй безендіруде декордың орны айырықша. Алайда сіз бір ғана түсті пайдаланғыңыз келсе, бөлме іші тартымсыз болып қалады. Мұндай жағдайда түрлі фигураларды қолдануға болады.

Ағашпен айшықтау

Жиһазда ағаштың түсі болғаны құптарлық. Ол табиғи етіп көрсетуге үлес қосады. Алайда шектен шығуға болмайды. Мәселен табиғи ағаштың түсі мен қызыл немесе қызғылт сары бояу мүлдем үйлеспейді.

Суреттер әлемі

Үлкен көлемде шығарылған мерейтой суреттері мен жүкті сәтіңізде түскен фотаны суретжиекке (рамка)салып ілу – сәтсіз қадам. Оның орнына туыстарыңбен түскен суретті кішкене етіп шығарып, үйлестіріп ілуге болады. Негізі жұмсақ жиһаз қаншалықты көп болса, сурет санының артуына да соншалық мүмкіндік бар.

Өрнектер өркениеті

Жиһазда не қабырғада өрнектелген сызбалардың болғаны құптарлық. Ол тіпті қазіргі уақытта сәнді деуге де болады. Алайда шектен шығып кетпеу керек. Сан түрлі көп өрнектер сіздің талғамсыздығыңыздан хабар беріп қоюы мүмкін.

Нәтижелі кезең

Үйлесімді атмосфера бірден пайда бола қоймайды. Бояулар мен жиһаздар бір-біріне үйлесуі тиіс. Тіпті бір-біріне сәйкес келетін заттарды бір күнде тауып алып келіп, орналастыра саламын деп те ойламаңыз. Сырттай бақылап жүріп, жақсы дүниелердің қажет екенін аңғаруыңыз да мүмкін.

Үй бөлмелерінің арасында да өзара байланыс болуы тиіс. Алайда ұқсастық болмағаны дұрыс.  Бөлмелердің бір үйге тән екенін аңғарту үшін түстер үйлесімін сақтаған дұрыс.