News

Үйімен бірге саяхаттап жүрген ғашықтар әлемді таң қалдырды

Қазіргі таңда әлемде кішігірім автобустарды баспанаға айналдырып, онымен бірге саяхаттау сәнге айналып барады. Алайда француздық Жонатан мен Юна баспаналы транспорттың ішінде түнеп, өмір сүруден бас тартты.

Сол себепті қос ғашық екі жыл бойы мобильді үй салып, оынмен бірге әлемді шарлауды жөн көріпті.

Жонатанның да Юнаның да құрылыс саласында тәжірибесі болмаған. Сондықтан ғашықтар арманындағы үйді тұрғызу кезінде біраз қиындықтаға тап болған.

Десе де, еш мойымай, екі жыл бойы ізденісте болған олар жолға төтеп бере алатын әрі көздің жауын алатын баспананы өз күшімен салды.

Олар осы уақыт бойы құрылыс саласында басынан өткен қиындықтардың барлығын әлеуметтік желіде баяндап, кең танымалдыққа ие болды.

Үй дайын бола салысымен қос ғашық алғашқы саяхатына шықты. Әуелде олар Францияның түкпір-түкпірін аралады, ал кейіннен Еуропаға саяхаттауды бастады.