Нумерология

Үйіңізде гармония болсын!

Адамдар бақыт пен тыныштықтың жолында ғылымға сүйеніп түрлі әдестерді қалыптастырып келе жатыр. Соның бірін мен сіздерге үй нөміріне байланысты болса, енді бірі ондағы заттар мен бөлмелердің орналасуына қарап бағдарлайды.

Бұл нөмірімізде әңгімелейтін үй мен фен-шуй тұжырымдары сіздің үйіңізге береке мен тыныштық алып келеріне сенемін. Фен-шуйдің басты ережелерінің бірі – үйді жинау арқылы ой-санаңызды реттеу. Ол сіздің өміріңіздің де реттеліп, бір жолға түсуіне ықпал етеді. Олай болса, мен ұсынатын бірнеше әдесті ескере жүріңіз!

Ұйықтайтын бөлмеге айна қоймаңыз! Фен-шуй тұжырымы бойынша, жатын бөлмедегі айна әйел мен еркек энергиясы, яғни, инь мен янь арасында шиеленіс тудырады. Ұйықтап жатқан адамдар айнаға қарап жатса, қарым-қатынастарында шиеленіс тууы мүмкін.

Ас бөлмесі әйелдер үшін өте маңызды. Сонымен қатар, ол жерге бүкіл отбасы мүшелері жиналады, әртүрлі әңгімелер айтылып, маңызды шешімдер қабылданатын мекен десек те болады. Үйлесімді өмірді насихаттайтын Қытай ілімінде бұл бөлменің дизайнына мол жауапкершілікпен қарау керек екені айтылады. Мүмкіндігінше ас үйді өзге бөлмелерден оқшаулау орналастырыңыз және оның үйге кіретін есікке қарама-қарсы болмағаны дұрыс. Ал егер солай болған жағдайда ас үй есігін үнемі жауып жүріңіз.

Одан бөлек отбасы жиналатын аймақта бос кеңістіктің молырақ болғаны абзал, ал ыдыс-аяқты шкафтың ішіне салып қойыңыз. Үстел үстінде ешқандай ыдыстар мен құралдарды қалдырмауға тырысу керек, әсіресе пышақты орнына қоюды ұмытпаңыз.

Газ плитасын бұрышқа, не терезенің жанына қоюға болмайды. Олай болған жағдайда ырысыңыз терезеден ұшып кетеді деген сенім бар. Сондықтан пешке ең ыңғайлы орын – ас бөлмесінің оң жақ қабырғасы.

Жұмыс бөлмесіндегі үстеліңіз кірер есікке қарап тұрсын. Ал арқаңызды қабырғаға беріп отырыңыз. Бұл сіздің бойыңыздағы сенімділік пен мол энергияны күшейтеді.

Ескере жүріңіз!

Үйдің шығыс бөлігі бау-бақша егіп, гүл өсіру мен кітап орналастыруға тиімді. Жасыл түс көбірек болған дұрыс. Сонымен қатар, табиғат суреттерін қабырғаға ілуге болады. Бірақ айна ілмеңіз.

Батыс аймақта көлік тұрағын, ит үйшігін орналастырған жөн болады.

Оңтүстік бөлігінде – ас үй мен қонақ бөлме орналастырыңыз. Ол жердегі үстелдің дөңгелек болғаны жақсы. Сол кезде қарым-қатынас жақсара түседі.

Солтүстік жағы жуынатын бөлмеге қолайлы. Ал, жуынатын бөлмелер оң жақта болса ақша тұрақтамайды деген сенім бар.