Ақ босаға

Бөлме гүлдерін таңдайық

Гүл өскен үй ерекше аураға ие. Ауасы таза, демалысқа ыңғайлы әрі көзге қуаныш сыйлайды. Ендеше, бөлме гүлдерін қалай таңдаймыз?

Ең алдымен бөлме гүлдері үшін саздан жасалған құмыраларды алыңыз. Бұл материал өсімдік тамырының тыныс алуына жағдай жасайды.

Бөлме гүлдерін таңдарда олардың тек әдемілігіне ғана емес, сонымен қатар үйдің ауасын тазартудағы маңызына да назар аударған жөн. Ауаны шаңнан, микробтар мен токсиндерден тазартатын, жихаздардан бөлінетін формальдегид, фенол сияқты улы заттарға, жылу құбырлары мен көгілдір газдан шығатын ксиллен, трихлорэтилен, бензол тәрізді денсаулыққа зиянды газ бен ауыр металдарға қарсы қауқары бар гүлдерді өсірген абзал.

1. Кең қонақ бөлме үшін
Бенжамин фикусы, шефлер сияқты көлемді гүлдер қойыңыз. Олар бөлмені оқшаулауға көмектеседі. Шағын қонақ бөлмеге жапырағы мен гүлі мол кротон, эхмея, вриезия үйлеседі.

Кеңес

Фикус, жапон гүлі, сүттіген, азалия, кротон гүлдерінің шырынында улы заттар бар. Оларды балалы үйде өсірудің қажеті жоқ.