Бала тәрбиесі

Ұмытшақпыз әзірге…

Балаңыз ойыншығының қайда қалғанын ұмытып, ұдайы жоғалта берсе, қиялы мүлдем басқа жақта болса дабыл қағу қажет пе? Әуелі мән-жайды анықтап алайық, сіз ойлағандай қауіпті ештеңе жоқ шығар.

Үлкен-кіші демеңіз…

Жоқ iздеген жан атанбайтыныңызға ешкім кепілдік бере алмайды. Демек, бәріміз де өмірімізде бір нәрсе жоғалтып көргенбіз. Алайда, алғашқы қадамнан бастап “баланың бәрі алаңғасар” болады деу де қате пікір. Сонымен, басты себеп не? Баланың жасы мен тәрбиесі ме, әлде табиғаттан берілген енжарлык па? Қане, барлығының жік-жілігін ажыратып, анықтап көрелік.

2-3 жас

Бұл жаста балдырғандар көбінесе өздерімен бірге сүйікті ойыншықтарын көтеріп жүргенді ұнатады. Бір қызығы сол, ойыншықтар ара-тұра жоғалып та кететін кездері бар. Осыдан бес

минут бұрын балаңыз өзінің сүйікті қоянының құлағынан ұстап, балалар лабиринтін еңсеріп тұрған сияқты еді. Енді ол ойыншық ізім-қайым жок. Егер балаңыз кішкентай болса, сiз осы жайттан соң оның жылаған көзін сүртіп, тыныштандырасыз. Сосын “дүкенге барып, тағы бір ойыншық сатып алып беремін” деп сендіресіз.

4-6 жас

Жасы үлкенірек балалар жайлы айтар болсақ, мұндай жағдайда біз қабағымызды түйіп, ішімізден шыққан баламызға тіс жармаймыз. Тек үйдегілерге естіртіп «Тағы да ұмытты, жаңғалақ!» деп айтып қаласыз. Баламыз осындай ескертпенің куәгері деп ойлаймыз. Алайда, қалыптаспаған баланың психологиясына кері әсер етпеуге мән береміз.

6-10 жac

Балаңыз мектепке барады, қайтарда кеудешесіз, спорттық шалбарсыз, футболка, кеда тіпті сөмкесіз келеді. Мұндай жағдайда «басыңды неге ұмытып кетпегенсің» деген ел арасында қалыптасқан жақсы бір тіркес бар.

Алаңғасардың не қатысы бар? Жай, ауызға келіп қалғаны. Сосын лексикалық тізбекті балаға арты-артынан жібере береміз. Сөз арасында отбасылық бюджетті, шексіз еңбекті, әлемде және елiмiздегi қаржылық-экономикалық жағдайды айтып тауыса алмаймыз.

Егер жоғалған зат табылса, бірден сабамызға түсеміз. Ең құрығанда бiраз сөйлеп алатынымыз бар. Ал егер табылмаса ше? Біз оның жоғалтып алғанын біраз уақыт өтіп кетсе де айта береміз, айта береміз. Дәптерлер, жоғалған қаламсаптар, әйтеуір өзіңіз алып берген әрбір майда-шүйденi есiне сала бересiз. Ал, соны алып берген кезде “тек сенікі” деп сендірген едiңiз ғой. Осыны да бiр мезет ойлап көрiнiз. Жас жеткіншектерді кінәлаудан аулақ болуға тырысу керек. Олардың өздеріне тән әлемi бар. Олардың жоғалтып алған дүниесiн сіз байқамай қалуыңыз немесе бір жыл өткен соң бiрақ бiлуiңiз мүмкiн. Неге екені белгiсiз үлкендерде балалардың мектепке барғалы жоғалтқан дүниесінің ойша тiзiмiн жасап жүретiн жаман әдеті бар.

Ұмытшақтыққа көбіне 6-10 жас аралығындағы балалар тап болады. Олар жоғалған заттарға келгенде қорғансыз адамдар санатында.

Тіпті, олардың екiншi болмысы солай қабылдау кажет секiлдi көрiнетiн кездер болады. Егер сiздiң ұлыныз/қызыңыз өзiнiң сүйікті ойыншығымен қимай қоштасса және сол оқиғаны жүрегiне жақын қабылдаса ұмытшақтық әдет өмiр бойы қасынан калмауы мүмкін.

Алаңғасарлардың 3 түрі болады

1. Ешқандай затқа қызықпайтындар. Олардың назары қандай да бiр тұрақты затқа аумайды. Өзiңiзге қараңызшы, жұмыс үстелiнде неше қаламсап жататынын санап көрдіңіз бе? Сiздiң әрiптестерiңiздiң бiрiн алып, бiрiн орнына қойып кеткенi тұрмақ, тiптi қара маркердiң қайдан пайда болғаны да сiзге беймәлім. Өйткенi, сiзге бәрібір.

Балалар да осы ретпен өмiр сүреді. Олар да қандай бiр заттың бар, я жоқтығын аңғармайды. Себебі, оларға бәрiбiр. Бір затқа толық назары аумаған. Балаңызға қаламсап, я болмаса футболкалар су жаңа болсын-болмасын бәрiбiрдей болып көрінеді. Тіпті, футболка мен қаламсаптың олар үшiн еш айырмашылығы жоқ.

2. Белгілі іске берілу. Бала қандай да бiр жұмысқа бар ынтасымен енiп кетсе, басқа ештеңенi назарына ілмейді. Бұл алаңғасарлықты психологтар ұлы адамдармен байланыстырады. Шынымен де көптеген ғалымдар, жазушылар мен суретшiлер алаңғасар болған. Бiрақ, барлық алаңғасарды ұлы адам деуден аулақпыз. Ол аз десеңіз, бұл балаларға басқа формада әсер етеді.

Бұл – балалардың ұзақ уақыт басты нәрсені ойлай алмайтын қабiлетiнен. Олардың жас ерекшеліктері өз дегенін істетеді. Балалар құдды магнит секiлдi. Өзiн қоршаған әлемнен бүкiл ақпаратты тартып, сiңiрiп отырады. Сондықтан да бір нәрседен екінші нәрсеге бiрден назарларын аударады. Сол себепті, 5 минут бұрын не болғанын ұмытып қалуы мүмкiн.

3.Қарсы келу. Енжарлықтың ең қиын түрi осы шығар. Балаға кейбiр заттар ұнамайды. Сондықтан, оны әдейі жоғалтып алуға тырысады.

Бiз үлкендер барлығын бiр нәрсемен байланыстыра ойлаймыз. Өз ойымыздан қайтпай қатайып аламыз. Бiз өзiмiзге не жарасып, не жараспайтынын жақсы бiлемiз. Міне, осы принцип бойынша баламызға емес, көбiне өзiмiзге ұнайтын ойыншық немесе киiмдi “Мынау әдемі, әдемі емес” деп таңдап береміз. Не жақсы, не жаман екенiнің барлығы біздің таңдауымызда. Бiз оларға емес, өзімізге ұнайтын түзу жолды кестеге сәйкестендiремiз. Ұзын сөздiң қысқасы, бiз баламызбен жекеменшiктегi қуыршақ секiлдi сөйлесеміз және өз сөзiмiздiң түкпiрiнде не бар екенiн көбiне анықтай бермеймiз. Осы мәселеге көңiл бөлмейтiнiмiз рас.

Өмірдің өзінен

Ұмытшақтық дәрумен жетiспеушiлiгiнен және минералды заттардың аздығынан болуы да ықтимал. Алаңғасарлықты жеңу үшiн мынандай дәрумендерді қабылдаған дұрыс: В1 (тиамин), В6 (пиридоксин), В12 (цианокобаламин) және темір мен цинкпен байытылған жемістерді балаға көп беру қажет. Ет, балық, сүт, арпаның түр-түрi ұмытшақтың ас мәзiрiне толықтай енуi қажет.

ҚАЖЕТТI КЕҢЕСТЕР:

• Егер балаңызға ойыншық әперуге барсаңыз, қанша бағаға сатып алып беретiнiңiздi алдын ала жоспарлаңыз. Себебі, оның құны отбасылық бюджеттен асып кетпеуі керек.

• Баланың бүкiл кiнәсiн бетіне басып ешқашан айқайламаңыз.

• Оның бүкiл заттары мен ойыншықтары оның иелiгiнде. Сондықтан да өзінің ұмытшақтығы үшiн өзi зардап тартсын.

• Егер ол лагерьге кететiн болса сіз оның рюкзагына салынып жатқан киiмнiң бірнешесiмен мәңгiлiкке қоштаса берсеңіз болады.

• Егер жоғалтулар демалыс уакытында орын алса, соған көнiп, ешкiммен ұрыспаныз, жұрттың көңiл күйiн бұзбаңыз.