Отбасы

КӨРУГЕ КИНО ҰСЫНАМЫЗ

Бір мағыналы кино - мықты психологтың қабылдауында болумен тең. Сізге ой салатын, өмір ақиқатын ұғындыратын үнді фильмдерін ұсынсақ дейміз. Болливуд кинолары "дыдыш-дыдыш" деп төбелескенде жұдырық тимей құлайтын дәрежеден баяғыда өтіп кеткен. Сапасы мен мәні Голливудтан кем емес.

Сонымен, мына киноларды қараңыз:


1. “ДАНГАЛ”.  Құдай да қырсық екен ұлды болуды қатты қалаған Махавирге бірінен кейін бірі 4 қыз берді. Арманы – күрестен өзі алмаған алтынды Индияның қанжығасына ұлы салса дейді. Алайда, бір сәтте ойы өзгеріп, ескі түсініктің бәрін қопарып тастайды. Айтпақшы, бұл болған оқиға. Кинодағы бас кейіпкерлер Индия спортына орасан зор үлес қосқан.
2.” БХАРАТ”. Үндістан мен Пәкістан арасын Англия көзі байлаулы күйінде қылышпен қақ бөледі. Олар жергілікті халықты мүлде ойламады. Сол кездегі тұтас тарих бұқараға қалай әсер етті. Бхараттың отбасы арқылы екі елдің тағдырын көрсеткен, бірде күлдіріп, бірде жылататын фильм.

3. “ЛЮБИ МЕНЯ”. Екі түйенің арасында шыбын өледі демекші, екі әйелдің басы піспесе ортада ер адам қалады. Бізге етене таныс жағдай, иә? Үнді әйелдері мұндайда дұрыс шешімді қалай шығарар екен. Өзіңіз қарап шығыңыз. Сондай жеңіл фильм.

4. “КАПУР И ЕГО СЫНОВЬЯ”. Бала тәрбиесіне, ер мен әйел арақатынасына қатысты психологқа қояр сұрақтарыңыз болса, дереу осы фильмді қараңыз. Жауабыңызды табасыз. Фильм Капур қарияның бала-шағасымен төрт көзі түгел суретке түсу хикаясының аясында өрбиді. Капурдың қалжыңы сізді әбден күлтіртеді, ал, кейбір сөзіне шыдай алмай жылауыңыз әбден мүмкін.

📌 ЕСКЕРТУ! Бұл фильмдерді көретін кезде міндетті түрде беторамалыңызды алып алыңыз. Бірде қуанып, бірде мұңайып көзіңізден аққан жасты сүртуге керек.

ӘДЕМІ УАҚЫТ ӨТКІЗУІҢІЗДІ ТІЛЕЙМІЗ!