ОтбасыОтбасы бюджеті

Ақшаңызды ләззатпен үнемдеңіз

Кей кезде жаңа бір зат алып, соған балаша қуанамыз. Сол себепті ақшаны үнемдеу керек болғанда сәнді зат емес, жаныңызға ляззат сыйлайтын дүниені алыңыз.

Ақшаны тек өзіңізге жұмсамаңыз. Британдық психолгтар Лондон мен кішкентай Уганда қалашығында тәжірибе жүргізген. Олар азын –аулақ ақша таратып, ақшаны сол күні жаратуларын сұрады. Кейін сауда жасағаннан қаншалықты лаззат алғандарын бағамдапты. Тәжірибенің қорытындысы бойынша, айтулы сомманы жақындарына және көмекке мұқтаж жандарға жұмсағандар өздерін бақытты сезінгендіктерін көрсетіпті.

Үнемді таңдау үнемі дұрыс бола бермейді. Мысалы: 2 сағаттық бір массаж 3 рет жасалған 40 минуттық уқалау процедурасынан арзан. Бірақ, қандай жағдайда көбірек жақсы әсер аламыз? Аптасына бір рет 2 сағаттық массажға ма, әлде үш апта қатарынан 40 минуттық массажға ма? Әрине, бұл жерде 40 минуттық массажды таңдап, алар ләззатыңызды екі аптаға созғаныңыз жөн. Ол сәл қымбат болғанымен сізге берер қуанышы ұзағынан болады.

Уақытты сатып алыңыз. Егер сіз жұмыстан және күнделікті үй шаруасынан қатты шаршаған болсаңыз, онда өзіңіз үшін 1-2 сағат бөлуді ұмытпаңыз.  Демалыс күні балаңызды күтушісіне немесе ата-әжесіне қалдырып, құрбыңыздың үйіне қонаққа барыңыз немесе саябақта серуендеп қайтыңыз. Үйіңізде туған күн кештері болғанда жарты күніңізді пештің қасында өткізбей, пиццаға тапсырыс беріп көріңіз. Ал содан қалған бос уақытты өзіңізге жұмсаңыз. Хош иісті маймен ванна қабылдап, бетіңізге ылғалдандыратын маска жағып, кино көріңіз. Сүйікті ісіне және өз демалысына уақыт таба білетіндер, өздерін бақытты сезінетін жандар.

Күнделікті әдеттеріңізді бақытқа айналдырыңыз. Ақша үнемдеу керек болса, күнделікті әдеттеріңізге көз жүгіртіңіз. Жұмысқа барар жолда сіз кофе немесе шәй сатып алып, оны жол бойы жүгіріп жүріп ішесіз бе? Осының орнына аптасына бір рет кафеге барып, терезе алдындағы орындыққа жайғасып, кофенің дәмінен ләззат алыңыз. Нәтижесінде, аз ақшаға ұзаққа созылатын жағымды әсер аласыз.

Уақытылы төлеп, кейінірек қолданыңыз. Кредиттік карталар, ұялы телефон арқылы жасалатын саудалар, сол күні жеткізіп беретін интернет-дүкендер бізді заттарды мүмкіндігінше тез сатып алуға итермелейді. Бұл қызметтерді өз пайдаңызға жарата отырып, байқап көріңіз: театр билетін немесе саяхатқа деген билетті алдын ала сатып алып, қысқы уақытта жазғы демалысыңызға орын алып қойыңыз. Осылайша алдағы болатын демалысыңызды күтіп, қуанышқа бөленесіз, әрі қосымша жеңілдіктер аласыз.

Затты емес, жақсы әсер сатып алыңыз. Біз ең сәнді киімдерді, сапалы косметикаларды, заман талабына сай ыдыстарды жарнаманың әсерінен сатып аламыз. Егер сізден біреу өміріңіздегі қуанышқа толы сәттеріңізді айтып беруіңізді өтінсе, сол уақытта  жаңа аяқ киіміңіз бен ыдысыңызды еске түсіресіз бе? Өз көңіл күйіңізге ақша жұмсаңыз – отбасылық көңілді мерекелер, саяхат және жаныңыз қалаған жақсы істер. Осы істеріңіз жаңа идеалардың пайда болуына және табыс әкелуіне негіз болуы мүмкін.

Барынша қарапайым болыңыз. Қаншама отбасы беделді компанияның заттарын алу үшін өздерін қарызға батырды. Егер сіздің қалтаңыз қымбат заттарды алуды көтермейтін болса, ол заттардан бас тартып көріңіз. Шынымен де сіздің отбасыңызға екі көлік қажет пе? Метро және қоғамдық көліктермен жүру қазіргі кезде жылдам әрі ыңғайлы. Жақындарыңызбен ақылдасып көріңіз, қымбат көлігіңізді арзандауына ауыстырып, оған қарызыңызды төлесеңіз мүмкін өзіңізді бақытты сезінерсіз?!