News

UNFPA in Kazakhstan. Тең құқықтар мен шексіз мүмкіндіктер!

476Қаралымдар

Дүние жүзінде шамамен 220 миллион жас адам мен шамамен әрбір бесінші әйел мүгедектіктің қандай да бір түріне ие.

Мүмкіндігі шектеулі адамдар әлемді әділетті және инклюзивті әлемге айналдыру үшін жұмыс атқаруда.

Алайда, өкінішке қарай, олар күрделі қиындықтарға тап болады, әсіресе репродуктивті денсаулық және құқықтар туралы, сондай-ақ гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын-алу және оған қарсы тұру туралы ақпарат пен қызметтерді алуға қатысты.

«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимыл» ғаламдық акциясының құрметіне және жақында өткен «Халықаралық мүгедектер күніне» орай, Біріккен Ұлттар Ұйымының халық саны саласындағы қоры«Шырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығымен бірлесіп арнайы бейнеролик дайындады.