ДенсаулықСаулық үшін

Үнсіз жау: Глютеннің денсаулыққа қауіптілігін көрсететін 9 белгі

Глютен – бидай, арпа және қара бидайда кездесетін ерекше ақуыз. Бұл ақуыз барлық адамға бірдей қауіпті емес, бірақ кейбіреулер үшін ол нағыз мәселеге айналуы ықтимал. Себебі олардың ас қорыту жүйесі глютенді сіңіруге жарамсыз болып келеді. 

Глютенді өнімдерді тұтыну көп жағдайда аш ішекке оңалмайтын зақым келтіретін целиак ауруымен, яғни аутоиммунды бұзылыстармен байланысты.

Десе де, мұндай ауруға шалдықпаған адамдар да бар, дегенмен олардың асқазан-ішек жолдары глютенді қорытумен күресуге әлсіз. Ғалымдардың зерттеуінше, адамдардың 13%-ында глютенді ас қорыту проблемасының қандай да бір түрі кездесетіндігі расталған.

Тамақтан кейінгі іш ауруы

Спагетти, нан немесе тоқаш жеген сайын іш ауруы, жүрек айнуы немесе дене құрысуы сезіледі. Дәрігерлердің айтуынша, бұл – ең жиі кездесетін симптом. Бірақ көп адамдар бұл ауырсынуды құрамында глютені бар тағамдарды қолданумен байланыстыра қоймайды.

Іш кебуі

Жалпы алғанда бұл ауырсынудың себептері де әртүрлі болмақ. Яғни, гормоналды теңгерімсіздіктен бастап бұршақты дақылдарға дейін болуы әбден мүмкін. Десе де,  құрамында глютені бар тағамдарды қолдану іш кебуіне әкеліп соғатынын ұмытпау керек.

Құрғақ және қабыршақтанған тері

Глютенге жоғары сезімталдықтан зардап шегетін адамдар терілерінің құрғақтығы жөнінде жиі сөз етеді. Сондай-ақ, оларда экзема, бөртпе, безеу мен акне пайда бола бастағандығы бірден байқалады.

Салмақ жоғалту

Целиакияның негізгі белгілерінің бірі – тұрақты салмақ жоғалту. Өйткені, ішектің зақымдануынан жеген тағам дұрыс сіңірілмейді, сол себепті салмақ тастайды. Сонымен қатар, тамақ ішкеннен кейін пайда болатын ауырсынудың салдарынан глютенді төзімсіздігі бар адамдар азырақ жеуге тырысады, осылайша олар салмақ жоғалтады.

Шоғырлану қиындықтары

Бұл оғаштау болып көрінуі мүмкін, бірақ көптеген зерттеулер глютенге төзбеушілікті көбінесе неврологиялық аурулармен байланысты екендігін растайды. Мәселен, назар жетіспеушілігі мен гиперактивтілік бұзылысы бар адамдардың глютен сіңіруі қиынға соғады.

Күйзеліс

Аурудың тағы бір белгісі – глютенге бай тағамдарды жегеннен кейін күйзеліс белгілерінің күшеюі (немесе пайда болуы), яки мазасыздықтың жоғарылауы болып табылады. 2014 жылғы зерттеулерге сүйенсек, глютенге төзбеушілігі бар емделушілерде депрессияның дамуы мен құрамында глютені бар тағамдарды тұтыну арасындағы байланыс расталған.

Ішек мәселелері

Ішек аурулары туындаған кезде жиі іш қату белгілері пайда болады. Ешқандай себепсіз пайда болатын және кенеттен тоқтайтын диарея болып тұра ма? Бір аптадан астам уақытқа созылатын ішек проблемалары глютенге төзбеушіліктің ықтимал симптомы болып табылады. Біраз уақыт глютенді өнімдерден бас тартуға тырысыңыз, сонда өзіңізді жақсы сезінесіз.

Есте сақтау қиындықтары

Глютенге төзбеушіліктің тағы бір «неврологиялық» симптомы – есте сақтау мәселелері мен танымдық функциялардың әлсіреуі. Егер ұмытшақ болып бара жатқаныңызды, сондай-ақ тізімдегі басқа белгілерді байқасаңыз, міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз.

Шаршағыштық

Егер таңертең шаршаған күйде оянсаңыз, күнделікті іс-әрекеттер күш-қуатыңызды көп алса, тамақ рационын қайта қарау қажет болады. Диета энергия деңгейіне әсер ететін ең маңызды факторлардың бірі болып табылады.