Ас мәзіріТәтті дәм

Заманауи ТАҒАМДАР

БҮГІНГІ АС МӘЗІРІНДЕ: «Карри тауығы»

472Қаралымдар

Тағамдарды ұсынған «Presso» мейрамханасына алғыс айтамыз.

«Presso» мейрамханасының бас аспазы Артур Байтеев

ҚҰРАМЫ:

  • Тауықтың сан еті – 200 гр
  • Карри Ароу пастасы (қызыл) – 20 гр
  • Болғар бұрышы – 50 гр
  • Баялды – 50 гр
  • Пияз – 50 гр
  • Кокос сүті – 50 гр
  • Тауық сорпасы – 50 гр
  • Кілегей – 50 гр
  • Черри қызанақтары – 30 гр
  • Күнбағыс майы – 30 гр
  • Кинза – 5 гр
  • Лимон тілімі – 30 гр
  • Пицца қамыры – 125 гр
  • Сарымсақ – 5 гр

ДАЙЫНДАУ ӘДІСІ:
1 Табаны жанып тұрған отқа жақсылап қыздырамыз.

2 Көкөністер мен тауық етін жіңішкелеп турап, араластырамыз да, табада қуырамыз.

3 Қуырып болған соң , карри пастасын, черри қызанақтарын қосамыз және үстінен кілегей, тауық сорпасы мен кокос сүтін құйып, араластырамыз.

4 Табадағы тағам қоспаларын тағы бір мәрте қуырып болған соң, үстіне кинза себеміз.

Ас болсын!